Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елім менің

21 желтоқсан 2012, Жұма
Категориясы: Тарих
Қызылорда қаласы,
№211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің
тарих пәні мұғалімі Байғараева Жаңагүл

Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Елім менің»
Мақсаты: Оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, Қазақстан тарихын терең түсіну, ой қорыту, ой тұжырым жасау, қабілеттерін дамытып, көп оқып ізденуге жетелеу.
Көрнекілігі: Газеттер, нақыл сөздер, кітап көрмесі, жиырмалар, слайд.

Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар!
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін тұжырымдамасында «Жалпы білім беретін мектептің мақсаты - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау»- делінген.
«Қазақстан деген сөздің қуатты естілуі, еліміздің өркениетті мемлекеттермен терезесі тең тұруы үшін жастардың жан-жақты, терең білімді болғаны қажет»- деген Елбасы ойына қосыла отырып сайысымызды бастаймыз.
Қатысушы 3 топ:
«Алаш» тобы - 7 «Б»
«Білім тобы»-7 «А»
«Томирис » тобы-7 «В»
Сайыс турлары:
1 тур - Таныстыру(Әр топ өзінің төс белгісімен ұранымен топ мүшелерін слайд арқылы таныстырады)
2 тур - Кім жылдам? (Әр топқа сұрақтар беріледі, жылдам жауап беру керек.)
3 тур - Жалғастыр...(Әр топқа түрік кезеңіндегі қағанаттар тарихы беріледі.)
4 тур - Сергіту сәті(Әр топ қарсылас екі топты қызықты ойындармен сергітеді.)
5 тур - Бейне сұрақ(Қаламыздағы тарихи ескерткіштерді бейнелейді.)
6 тур - Тарихи жұмбақтар
7 тур - Топ басшысының сұрағы(Топ басшысы іс-қимыл арқылы тобына сұрақтар қою керек.)
8 тур - Әріптер сөйлейді (Әріптерді тез ауыстыру арқылы сөздерді құрайды.)
9 тур - Ретімен айт(Әр топ өзіне қойылған қиын сөздерді әріптерін ретімен айту керек.)
10 тур - Музыкалық сәлем
Сайысымызға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Таза мінсіз, асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз, асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқыса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз -
Шер толқыса шығады, - деген Асан қайғы бабамызды баталы сөзімен алғашқы турымызды бастаймыз. Әр топ өзін-өзі таныстырып өтсін
Келесі тур «Кім жылдам?» деп аталады. Әр топқа 8 сұрақтан қойылады. Әр сұраққа тезірек жауап беру қажет. Бірінші «Алаш тобы» бастайды.

1 топ
Жолаушы мұраты - жету
Тұңғыш президентіміз - Н. Назарбаев
Бір жылда қанша апта бар - 52 апта
үйдегі ең қасиетті нәрсе - ошақ
Қабанбайдың шын есімі - Ерасыл
Соғыста ерлік көрсеткен адам - батыр
Томирис туралы аңыз
Ономастика ғылымы нені зерттейді - атаулар туралы ғылым

2 топ
«Жеті жарғы» заңдар жинағын кім шығарды?- Тәуке хан
Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында-9
Тәуелсіздік күні қашан тойланады?- 16, 12
Сәкен Сейфуллиннің шын есімі- Сәдуақас
Қызылорда облысында неше аудан бар?- 7
Теңгелер тарихын не зерттейді?- нумизматика
Дарий туралы аңыз
Этнография туралы ғылым нені зерттейді?- тұрмыс-салт

3 топ
Көне заттарды сақтайтын орын-мұражай
Қасиетті тағам - нан
Жер шарында ең көп халық - қытай
Қазақстан Республикасы туының авторы - Ниязбеков
Тоқтар Әубакіров қай жылы ғарышқа ұшты?- 1991 жылы қазанда
Қазақстанның астанасы болған қалалар - Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана
Температураны өлшейтін құрал - термометр
Александр Македонский туралы аңыз
Бүгінгі күн сайыста
Сен ешкімнен қалыспа
Біліміңді шыңдай біл,
Бағыңды сынар жарыста.
Сұрақтары әртүрлі,
Тақырыпта қойылар.
Бәйгеде озар жүйрік ой,
Шығуға кімнің ойы бар?! Біз үшінші турымызды бастаймыз. Бұл сайыста әр топ өзіне берілген қағанаттар тарихын толығырақ жазып, айту керек. Жазылған сөйлемдер саналатын болады. Сонымен «Алаш» тобына Оғыз, «Білім» тобына Батыс Түрік қағанаты, «Томирис » тобына Түркеш қағанаты. 5 минут уақыт кетті. Ал бастаңыздар!

4 турымыз «Сергіту сәті» деп аталады. (Бұл сайыста әр топ қарсылас 2 топқа ойын ойнату керек немесе сұрақ қоюы қажет) Ең бірінші, әдеттегідей, «Алаш» тобына сөз кезегін береміз. «Білім» тобы Сергіту сәтіне дайындаған ойындарыңызбен таныс болсақ. «Томирис » тобы сөз кезегі сіздерде.

5 тур «Бейне сұрақ» деп аталады. Әр топ екі қарсыластарына 2 бейне сұрақ қояды. Ендеше бастаймыз!
Келесі турымызда сіздердің қаншалықты тапқыр екендеріңізді байқаймыз! 6 тур- «Тарихи жұмбақтар» .Әр топқа 4 өлең шумақтарымен тарихи жұмбақтар қойылады. Ендеше, бастайық!
1 топ
Қадам бас алға сүрінбей,
Болашақ кілті білімде.
Қандай мағына береді,
«Сақ» сөзі парсы тілінде(Құдіретті еркектер)
Басынан кешкен шақтарды,
Тарихшы тізіп ақтарды.
Кімдер деп тағы атады,
Грек Герадот сақтарды? (Массагеттер)

Ағаға тыныс іні еді,
Тарих өткеннің үні еді.
Сақ әйелінің ерлігін,
Сипаттап берген кім еді?(Ктесий)

Көгенге құлын байлады,
Бес қаруды сайлады.
Айтып берші, қай сақтар,
Арал мен Сырды жайлады?(Парадарайа)

2 топ
Тарихты жаттап кешегі,
Саналы ұрпақ өседі.
Аргипейлер қай жерді,
Мекен қылып көшеді? (Аралдың солтүстік шығысы)

Білімді алтынға теңедік,
Достарға ашық, кең едік
Әйгілі сусын жасаушы,
Сақтарды кімдер деп еді? (Хаомаварга)

Бел-белестен асады,
Өр сақтардың жасағы.
Тиграхауда сақтары,
Қай жерде мекен жасады?(Жетісу)

Еңселі ел көпке танылды,
Ізгі ниеттілер де ағылды.
Егінші сақтар мекені,
Қай қала маңынан табылды?(Алматы)

3 топ
Ой түйген соң кесімді,
Көп қиындық шешілді.
Хаммурапи заңында,
Кімнің қолы кесілді?(Әкесін ұрған ұлдың)

Қазақстан баршаға болған мекен,
Баурайы да балыққа толған екен.
Әйгілі ғалымдардың зерттеуінде,
«Алтын адам» нешеде болған екен? (17 жаста)

Қараңғылық қоюлап түнді жапты,
Ғалымдар адам сенген дінді тапты.
Ява аралын зерттеушілер,
Айтыңдаршы, қанекей, кімді тапты?(Питекантроп)

Құрметтеп өткен жайды ұрынбайын,
Айтылар өнегелі жырым дайын.
Білетіндер болса егер айтып берсін,
Кім есімін зерттейтін ғылым жайын. (Антропонимика)
Әне-міне дегенше, 7 турға келіп жеттік.

7 турымызда әр топтың басшысы өз тобына мимика, іс-қимыл арқылы сұрақ қояды. Бұлтурда топ басшыларының әртістік қабілетін, ал қатысушыларының алғырлығын байқайтын боламыз.
«Алаш» топ басшысының сұрақтары:
1. Ежелгі тас дәуірі адамдарының кәсібі?
2. Этнография сөзінің мағынасы?
«Білім» топ басшысының сұрақтары:
1.Қола дәуірі адамдарының шаруашылығы?
2, Антрополгия дегеніміз не?
«Томирис» топ басшысының сұрақтары:
1.Темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы, кәсібі?
2.Археология дегеніміз не?

8 тур. Әріптер сөйлейді деп аталады.
1 «Алаш» тобы
Келесі қызықты турымыз «Ретімен айт» деп аталады. 3 топқа екі сөзден айтамын. Ол сөздерді дұрыс айта білу қажет.
«Алаш » тобына сөз - зымыран, омақаса.
«Білім» тобына –қопарылған, сәулелі
«Томирис» тобына - ірімшік, мадақтау.

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы»- демекші 10 турымызды топтардың өнерін тамашалауға арнадық. Әр топтан музыкалық сәлем сұраймыз.
Сайысымыздың нәтижелерін білу үшін әділ қазылар алқасына сөз кезегін берейік.

Тебіренбей сөйлеу бүгін мүмкін емес,
Қазақ халқы тәуелсіздік алған кезде.
Бұл бостандық, оңайлықпен келген емес,
Қанша жастың қаны арқылы жеткен бізге.
Аман қалған қиындықтан көптеген,
Батыр халық екенбіз ғой біз деген.

Қазақ деген киелі де, қастерлі,
Үлгі тұтар, өзге ұлттар біздерді.
Әркез тұрар төбемізде желбіреп,
Көк байрағым, қазағыма нұрын сеп.
Туған елдің мақтанышы, айбары,
Биік болшы барша жанды сүйсінтіп.

Еліміздің мерейі үстем болсын!
Еңсесін көтеретін енді жастар,
Болашаққа нық сенім артады олар,
Елбасы, елімізді алға баста!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 21 жыл толуымен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз!
Амандықта жүздескенше!
5 077
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Армысыздар, құрметті қонақтар! Аяулы ұстаздар! Қадірменді ата - аналар! Сыңғырлай соққан қоңырау үніне келген жас бүлдіршіндер мен оқушылар! Сіздерді 1 - қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Менің елім (танымдық сайыс)
Менің елім (танымдық сайыс)
Өздерінің ата жұрты, мекені, отаны – Қазақстан туралы алған білімдерін сарапқа салып талдауға, өз елін, жерін қорғай білуге, табиғат байлықтарды көздің қарашығындай сақтауға және топтық жұмыс барысында ұйымшылдыққа, еркіндікке, ізденімпаздыққа баулу
Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы
Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Б. Әбдіразақов атындағы №88 орта мектеп мұғалімі Батырхан Нұрымбет
Ойнайық та ойлайық
Ойнайық та ойлайық
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №1 Алға мектеп - бақшаның бастауыш сынып мұғалімі Муханова Айжан Айжарыковна
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Жер ортақ үйіміз
Жер ортақ үйіміз
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×