Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


XVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы

14 қараша 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
11 сынып
Сабақтың тақырыбы: XVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы, тарихы жайлы білімдерін жаңғыртады, бекітеді.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:
- Қазақ хандығының хронологиялық шегін, хандарын, билеушілерінің ішкі - сыртқы саясаты туралы біледі;
- Қазақ хандығының қоныстанған жерлерін, қоғамдық құрылысын түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі:
- Қазақ хандығының ішкі - сыртқы жағдайы туралы жазба деректерді талдайды;
- Қазақ хандарына тән ерекшелікті сипаттайды.
Кейбір оқушылар:
- Қазақ хандығының тарихи маңызын өз сөзімен әңгімелейді;
- Қазақ хандығының құрылу себебін талдап, өз тұжырымын айтады.
- Қазақ хандығының тарихына, қоғамдық құрылысына баға береді.
Тілдік мақсат
Оқушылар:
- мәтіндегі негізгі бөліктерге көзқарасын білдіреді және пікірталасқа түседі.
- құрылымы шағын сұхбат, пікірталас, талқылауларда негізгі мәселелерді шешуге қатысады, өз көзқарасын білдіреді.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Қазақ хандығы, Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тәуке хан
Сыныптағы диалог, жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Егер Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр хандығынан бөлініп шықпағанда Қазақ хандығы құрылар ма еді?

Талқылауға арналған тармақтар:
Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын ата.
Қазақ хандарының ішкі - сыртқы саясатына сипаттама беріңдер.
Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымын талда.
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Кесте, тарихи диктант, сәйкестендіру
Алдыңғы тақырып: Қазақ хандығы, қазақ хандары

Басталуы 1 мин
«Сәлемдесу» - ынтымақтастық атмосферасын орнату
«Миға шабуыл»
«Менің вассалымның вассалы, менің вассалым емес» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Вассал деген не? (бағынушы)

Ортасы
- Бұл сөз кімге тиесілі? (басқарушы)
- Сөйлемдегі кейіпкерлер қай қоғамда өмір сүрді? (феодалдық қоғам)
- Бұл сөйлем неге қатысты айтылған? (жерге)
«Оқудағы драма» жоғарыда аталған тұырымды сахналау.
1 - оқушы: Тұжырымның иесі - мемлекет басшысы. (қолына бір А2 плакат беріледі.
2 - оқушы: Қорғаныс
Мемлекет, патша, жер, «иерархия» – жаңа ұғыммен жұмыс,
билік пайда болды
- Қазақстанда осындай құрылым біз қарастырып отырған кезеңде (XV - XVII ғғ) болды ма?
- Әрине, болды.
- Ерекшелігі неде?
- Мал шаруашылығы.
Сабаққа кіріспе.
«Қазақ хандығы қалай пайда болды?»

Жаңа сабақ.
1. Түйіндеме « XVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы»- хронологиялық жұмыс
XVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы
Кеңейтілген тапсырма:
1. Сәйкестендіру. Баланың ойлау деңгейіне сәйкестендірілген саралау
2. Толықтырыңыз «Тарихи диктант». Сөздері, жылдары түсіп қалған мәтін
3. «Еркін жазу» стратегиясы. Егер Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр хандығынан бөлініп шықпағанда Қазақ хандығы құрылар ма еді?
Бағалау: «Шолиер табақшасы»
«Бағалау парағы»
Қорытынды бағалау критерийі
11 - 12 балл өте жақсы
8 - 10 балл жақсы
6 - 7 балл қанағаттанарлық
Үйге тапсырма:
Дәптермен жұмыс - мәтіндегі жаңа сөздерді жазып келу.
Тест тапсырмалары бойынша жұмыс жасау.

XVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы. жүктеу
2 346
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы туралы білім дағдысын қалыптастыра отырып, патриоттыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы хандары туралы өткен сабақ бойынша тақырыптарын еске түсіреді.
Есім хан (1598 – 1628 ж)
Есім хан (1598 – 1628 ж)
Есім ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы жан жақты түсінік беру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, елжандылыққа және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×