Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақтардың тарихы, мекендеген жері, қоғамдық құрылысы

02 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы 6 сынып
Тақырып: Сақтардың тарихы, мекендеген жері, қоғамдық құрылысы
«Өзіңнің ұлтыңды танып алмасаң, сен басқа ұлттың кім екенін еш уақытта біле алмайсың»
М. Арын
Мақсаты:
1. Қазақ халқының ата - тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі және олардың шығу тегі және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.
2. Оқушылардың белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру.
3. Оқушыларды отансүйгіштік рухта тәрбиелей отырып, мәдениетті, иманды азамат етіп қалыптастыру
Сабақтың түрі: Аралас
Әдісі: Интерактивті
Ресурстар: карта, кескін карта, суреттер, нақыл сөздер, постер жасау

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі, психологиялық жағдай жасау - мұғалім – оқушыларға, оқушылар бір – біріне сәттілік тілейді.

Өткен тақырыптарға шолу:
1. Қазақстан тарихы неше бөліктен тұрады – 4
2. Соның ішінде ежелгі Қазақстан да 4 – ке бөлінеді
1. Тас дәуірі
2. Мыс дәуірі
3. Қола дәуірі
4. Темір дәуірі
3. Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы қай дәуірден басталады?/ энеолит – мыстытас /
4. Темір дәуірі деп аталу себебі еңбек құралдары темірден жасалды
5. Темір дәуірінің ерекшеліктері:
а/ шаруашылық құралдардың темірден жасалынуы;
б/ ірі тайпалардың тайпалық одақтарға бірігуі
в/ көшпелі мал шаруашылығы мен жыртпалы егіншіліктің шығуы
г/ алғашқы мемлекеттердің қалыптаса басталуы

Жаңа сабақтын жоспары:
1. Сақ тайпаларының шығу тарихы
2. Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы

Мұғалімнің сөзі, бағыт – бағдар беру
Қазақ халқының ата – тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман деректерінде аты әйгілі болғандары; сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпалары. Қазақ тарихын зерттеген ғалымдар қазақ халқының арғы ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі Сақ тайпаларынан шыққан дейді. Б. з. б. 1 мыңжылдықта өмір сүрген

Тарихи деректерде
Кейбір тарихшы ғалымдар «қазақ» сөзі деген екі сөзден «қас, сақ» дегеннен шыққан дейді. Олар қазақтар түрік, монғол тектес тайпалардан құрылған ежелгі халық деп болжам айтады
Сақ тайпаларын әр елде әртүрлі
• Гректер – азиялық скифтер
• Парсылар – құдіретті еркектер
• Ирандықтар – жүйрік атты турлар деп атаған

Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің жарлықтарынан, Иранның көне кітабы « Авестадан» грек тарихшылары; Геродот, Страбон, Птоломей еңбектерінен алынды

Оқушылар алдын - ала дайындаған мәліметпен таныстырады
Суреттер сөйлету « Алтын адам», Ширақ, Томирис
Сергіту сәт
Картамен жұмыс істеу мекендеген жер

Кескін картамен жұмыс істеу
Оқулықпен жұмыс топпен Сақ қоғамы 55 - 56 бет Кластер жасау
Қорғау
Сабақты бекіту Бетпе – бет
Эпиграфқа алан сөздерді қалай түсінесіңдер « Өзіңнің ұлтыңды танып алмасаң, сен басқа ұлттың кім екенін еш уақытта біле алмайсың» М. Арын
Әр оқушының ой - пікірі тыңдау
Бүгін қазақ халқының арғы тегі болған Қазақстанды мекендеген тұнғыш тайпалық одақ – Сақтар туралы ашық сабақ өтілді. Бұл сабақтан қандай мағлұмат алдыңдар?
Бір оқушы – Сарапшы
Әр оқушы карточка бойынша сұрақтар алады.
1 оқушыға
*Сақтар қандай тайпа екен?
* Олардың Қазақстанда өмір сүрген уақыты
2 оқушыға
• Сақтар туралы қандай деректерден алынды?
• «Алтын адам» туралы не білесін?
3 оқушыға
• Ирандықтар сақтарды қалай атаған?
• Томирис туралы не білесіңдер?
4 оқушыға
• «Авеста» қандай кітап?
• Шошақ бөрікті сақтар Қазақстанның қай жерін мекендеген?
Сарапшы сараптама жасайды.
Сабақты қорыту:
Ежелгі грек тарихшылардың « Сақтар батыр, жауынгер, дұшпанына – қатал, досына адал болған, олар қастасқан жауын аямаған. Батыр жауынгерлерді құрмет еткен» деген сөзімен қорытамын.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.

Сақтардың тарихы, мекендеген жері, қоғамдық құрылысы. жүктеу
2 422
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні
Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні
Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні Конспект Қазақстанды ерте заманнан бастап мекендеген тайпалардың бет пішіні, түр - тұлғасы туралы деректер қола дәуірінен бастап кездеседі. Одан бұрынғы кездегі адамдардың бас сүйектері сақталмаған.
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы Конспект Cақ тайпалары 3 топқа бөлінеді: тиграхауда (шошақ бөріктілер), парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар), хаумаварга (хаома сусынын дайындайтындар). Парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар) тайпалары Арал
Сақтардың мекендеген орны. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген орны. Сақ қоғамы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 7 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Епенова Самал
Сақтар
Сақтар
Ю. А. Гагарин атындағы мектеп Тарих пәні мұғалімі: Сүлейменова Әсел Болатқызы
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі Темирова Бақытгүл Акимадиновна
Адамның шығу тегі
Адамның шығу тегі
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» биология пәні оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×