Білімділер поралы

1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс

Қазақстан тарихы 9 - сынып
Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс
Сабақ мақсаты: 1) сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының тәсілдерін қолдана отырып, тақырыпқа деген жоғары қызығушылығын қамтамасыз ету, тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тереңдету;
2) ойлау қызметінің деңгейін жоғарылатуға ықпал жасау;
3) тарихи тұлғалар өмірін үлгі ете отырып, оларды құрметтей білуге, елін - жерін қорғай білетін отан сүйгіш азамат тәрбиелеу.
Әдісі: оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, мультимедиялық оқулық, эпиграф («Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» Ш. Уәлиханов)
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі (1 мин.)
Балаларды топтарға бөлу (2 мин.)
Үй тапсырмасын сұрау (Интерактивті тақта арқылы слайдпен топтық
жұмыс) (8 мин.)
Жаңа тақырыпты түсіндіру (1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс туралы
жазылған парақшаларды топтарға таратып беру,
кітаппен жұмыс) (10 мин.)
Бекіту. (12 мин.)
Қорытындылау. (10 мин.)

Үй тапсырмасын беру. (1 мин.)
Бағалау. (1 мин.)
Жаңа сабақ:
(Мұғалімнің сабақ мақсатымен таныстыруы) Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: жекелей және топтық әрекет ете отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы тарихи оқиғаға талдау жасау.

І. Ақ, Қызыл, Көк, Сары түсті қағаздарды тарату арқылы балаларды топтарға бөлу. Мұғалімнің сұрағы: Балалар қазір сендер не істедіңдер?
Қандай жағдайда болдыңдар?
(Балалар жауабы тыңдалып, яғни олардың қозғалыста, көтерілісте (орындарынан көтерілуі) болғандығын айта кетіп, бүгінгі жаңа тақырыппен таныстыру)

ІІ. Үй тапсырмасын интерактивті тақтада келтірілген кластер арқылы сұрап шығу. Балаларға аталған көтерілістердің ерекшелігі мен ұқсастығы жайлы Венн диаграммасын
толтырту.
1868 - 69 жж. ерекшелігі
Ұқсастығы
1870 жылғы ерекшелігі

ІІІ. Эпиграфпен таныстырып өту.
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»
Ш. Уәлиханов
Расында да қай халыққа болмасын, қай заманда болмасын оның өсіп, өркендеуіне азаттық пен білім өте қажет. Сол сияқты бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыздың өзекті мәселесі де осы 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс жайлы болмақ. Және де Шоқанның сөзін негізге ала отырып осы тақырыпқа қатысты білімімізді молайтуымыз қажет деп ойлаймын.
Халықтың еркі кетті баласынан,
Сөзімнің ғибрат ал сарасынан.
Ақ патша бұйрық қылды солдат бер деп:
Он тоғыз – отыз бірдің арасынан.
Осыған тірі отырып көнеміз бе,
Іріктеп бар боздақты береміз бе?!
Болмаса елдік қылып, тізе қосып,
Батырға қол бастаған ереміз бе?! – деген өлең жолдары сендерге таныс болар, өлең мен оның авторын атай аласыңдар ма?
(Жамбылдың «Зілді бұйрық» өлеңінен үзінді)
Сонымен сендерге қозғалысқа сылтау болған оқиға белгілі болды. Яғни, ол Патша үкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы болатын.

ІV. Шығармашылық тапсырма. Сендер өздеріңді 1916 жылғы маусым жарлығына байланысты жиналған топ жиынында қатысып отырмын деп көз алдарыңа елестетіңдер. Онда қандай мәселелер талқылануы мүмкін? Тарихи әңгіме құрастырыңдар. (Әңгімелері тыңдалып, балалардың ойлары қандай болғандығына тоқтап өту)

V.(Мұғалім интерактивті тақта арқылы электронды оқулық бойынша 1916 жылғы қозғалыстың ірі орталықтарын карта арқылы көрсетіп өтеді)
Топтарға ұлт - азаттық қозғалыс тарихы жайлы жазылған парақшалар таратылып, кітаппен жұмыс жасау тапсырылады. (Мүмкін өз ойларын өзгертетіндер де болар?!)

VІ. Бұйрыққа қатысты туындаған көзқарастарға байланысты слайдтар арқылы суреттерді тақтадан көрсете отырып, балаларға жаздыру. Материал бойынша балалардың ойталқы жасауы. Топтарға бұйрыққа қатысты көзқарастарға қандай баға беретіндері жайлы сұрақ қою. Өз көзқарастарын атап өту.
І топ. Бұйрықты қолдаушылар
ІІ топ. Көтеріліске шақырушылар
ІІІ топ. Келісімпаздықты ұстанатындар
ІV топ.

VІІ. Қорытындылау. Жалпы бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың ірі тарихи оқиға екендігіне тоқталсам деймін. Оған дәлел сол дәуірде өмір сүруші жазушы, ақын ағаларымыз да осы тақырып төңірегінде еңбектер жазған. Атап айтсақ биылғы жылғы «бір ел – бір кітап» деп оқытылуы қолға алынған М. Әуезовтің – «Қилы заманы», С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі», Ж. Аймауытовтың «Қартқожасы», С. Мұқановтың «Ботагөзі» («Жұмбақ жалауы»).

Рефлексиялық сұрақтар.
- Осы қарастырылған сұрақ бойынша сендердің білімдерің қалай өзгерді?
- Сендерді қандай жағдай таңдандырды?
- Бүгінгі сабағымызда біздер не істедік?
- Бұрынғы өткізіліп жүрген әдістен ерекшелігі қандай?
- Осы әдіс сендердің әрқайсысыңа не берді деп ойлайсыңдар?
VІІІ. Үй тапсырмасы. 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс тақырыбын толық қамтитын 15
сұрақтан тұратын тест дайындап келу.
ІХ. Бағалау.

Ақтөбе орта мектебінің тарих пәнінің оқытушысы: Жунусова А. С.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 32
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 32
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика