Білімділер поралы

ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
№32 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі
Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы


ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауын тәуелсіздік күні қарсаңында жария етті. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталды. Елбасымыздың биылғы жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды.

Еліміздің 21 жылда айтарлықтай жеткен жетістіктеріміз сараланып, әлем алдындағы беделіміздің асқақтағаны айқындалды. Қуатты да табысты мемлекетіміздің демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі, түрлі әлеуметтік этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы, халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат ұстанған әлемдік қоғамдастық таныған ел екеніміз, ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз бен 1997 жылғы жолданған «Қазақстан – 2030» стратегиясының 15 жыл ішінде мақсат міндеттерінің орындалуы қорытындыланды.

Сонымен қатар алдағы ХХІ ғасырдың жаһандық он - сын қатері деп: – тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші индустриялық революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, өркениетіміз құндылықтарымыздың дағдарысы, жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупін атап өтті.

Президент Қазақстанның қазіргі заманғы осы аталған сын-қатерлерге жауап ретінде дамудың 2050 жылға дейінгі кезеңіне арналған Стратегияны қабылдады.
Жаһандық экономиканың кіндігі Азия-Тынық мұхиты өңіріне жедел ауысып барады, деп жалғастырды өзінің сөзін Президент. Бүгінде біз «Қазақстан -2030» Стратегиясын қабылдаған сәттен мүлдем басқа жағдай мен мүмкіндіктерде өмір сүріп отырмыз. 2050 – бұл қазіргі кезде әлемдік қоғамдастық бағыт ұстанып отырған нақты мерзім. Біздің нақты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу, деп атап өтті Қазақстан басшысы.
Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлт бар, деді Елбасымыз.

Елбасымыздың сөзіне қарағанда, осыдан 15 жыл бұрын қабылданған 2030 Стратегиясы кеңестік кезеңнен кейінгі ретсіздік түпкілікті ескерілмеген, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен кейбір өзге де рыноктарды дағдарыс қалтыратып тұрған шақта қабылданған болатын. Соған қарамастан, Қазақстан 2012 жылы ІЖӨ көлемі бойынша планетамыздағы дамыған 50 елдің қатарына кіреді.

Ел басшысы өз сөзін «Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз» деп қорытындылады.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
  • sdana09
    Жазған: sdana09
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 328
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 328
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика