Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік таңы /тарихи көрініс/

25 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы 5 - 8 сыныптар
Тәуелсіздік тәні /тарихи көрініс/

Гуманитарлық ӘБ отырысында бекітілді:
Мақсаты: Қазақ халқының тәуелсіздік жолында « Тар жол, тайғақ кешулермен» таныстыру. Тарихи тұлғалардың маңызы рөлін көрсету. Оқушылардың өз Отанына сүйіспеншілік тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Ұлттық киімдер, презентация, домбыра, карта, мемлекеттік рәміздер.
Кіріспе сөз: Қазақстанымыздың тәуелсіздік алғанына 26 жыл болды. Ал тәуелсіздікке келу жолы оңай болған жоқ. Қазақ халқы бұл жолда талай «тар жол, тайғақ кешулер» өтті.
1 - көрініс:
Сахна төрі ұлттық ою - өрнек пен безендірілген. Үйдің ішінде жаулықты әже жүн түтіп отыр. Анда - санда өзімен – өзі күңкілдеп қояды.
- Е - тәуба бергеніне шүкір / Бір кезде даладан жүгіріп немересі кіріп келді /
Немересі: Әже, Әжетей, далада керемет болып жатыр. Аспанға жарқылдап салют атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр, жүріңіз көрелік.
Әжесі: - Е - е жарығым, бұл нышан Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған құрмет қой. Жақсылығымыз ұзақтан болсын.
Немересі: Әжетай, Тәуелсіздік деген не немене?
Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігін, бостандығын, бақытын балам. Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ
Немересі: Сол өмірінің туралы айтып беріңізші
Әжесі: Ендеше тыңда, балам.
Күй орындалады.

1-тур / Мен қалай тарихты білем /
Талай ғасырлар өтті. 15 ғ. қазақ хандығы құрылды. 18 ғасырдың басында қазақ хандығының әлсіреуін пайдасында жоңғар шапқыншылығы пайда болды. 1723 жылы өте қиын «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы болды. Қазақ билері шығады.
Төле би: Ол мен – Төле би. Тыңдап тұрсыңдар ма. Ұлы жүздің ағайындары. Біз осында бір мақсатпен келдік. Өзіміздің ағайындықтарымызды растауға келдік. Халықтың күші бірлікте
Қазыбек би: Халық пен өзіңді саналасын ба? Абырой мен қадір – қасиетті сақтаған адам боп саналады. Біздің көрші халықтар – орыстар, қырғыздар, өзбектер олармен тату – тәтті қарым – қатынас ету керек.
Айтеке би: Ақсақал қайратымен Әбілхайырды хан деп сыйлаймыз, ақ текеметке көтерелік. Сөйтіп қазақтар жоңғарларды жеңіп шықты.

Оқушыларға сұрақтар:
1. Қазақстан орналасқан материк / Евразия /
2. Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында / 9/
3. Мемлекеттік рәміздерге не жатады / ту, әнұран, елтаңба /
4. Әнұранның авторы кім / М. Әлімбаев, Қ. Мырзағалиев, Т. Молдағалиев, Ш. Дәрібаева /
5. Сақ патшасы / Томирис /
6. Ержүрек сақ жауынгері/ Ширақ /
7. «Алтын киімді адам» қайда табылған / Есік қаласы маңында /
8. Математика, астрономия, логика, медицина, музыка, философия салалары бойынша көптеген жаңа ғылыми тұжырымдар жасаған. Дүниежүзілік екінші ұстаз./ Әль - Фараби /
9. Қазақстан жерінде алғаш пайда болған түркі мемлекеті / Түркі қағанаты /
1о. Түркі тілдес халықтардың жоғарғы мемлекеттік лауазымды қалай атаған / қаған /

2-тур
1. «Диуани лұғат ата – түрк» деген еңбектің авторы кім? /Махмұд Қашғари/
2. «Құтадғу білік» деген еңбектің авторы кім? / Жүсіп Баласұғұни/
3. Түмен деген не? /1ооо әскер /
4. Қай қала 6 - ай бойынша Шыңғыс ханның әскери басып ала алған жоқ?/Отырар /
5. Түркістанда 14ғ. аяғы - 15 ғ. басында тұрғызылған және осы уақытқа дейін сақталған кесене кімге арналған / Қожа Ахмет Иассауи /
6. 1711 - 1781 ж. ж. дүниеге келген. Қазақстан тарихында ерекше орны бар « қайратты қаһарман, батыл қолбасшы, шебер ұйымдастырушы, дарынды мәмілегер - елші, өз елін, туған халқын жан – тәнімен сүйген / Абылай /
7. Кіші жүздің ханы. Қазақ жасақтарының қолбасшысы - Бас сарбазы / Әбілхайыр /
8. «Ақтабан шұбырынды» оқиға қай жылда болды /1723/
9. Кіші жүз Ресейдің қоластына қашан кірді? 1731
10. Колония деген не? / тәуелді мемлекет /

3-тур
1. Сырым Датұлы басқарған көтеріліс қашан болды? 1783 - 1797
2. Жатақтар деген кім?/ Кедейлер, жалдама еңбекпен күн көрген топтар /
3. 1836 - 1838 ж. көтерілісті кім басқарған. Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.
4. Қазақ халқы ең көрнекті ханы Абылайдың немересі. Кенесары Қасымұлы
5. 1854 жылы қандай бекініс салынды. Оның аты қазір қалай? Верный, Алматы.
6. А. С. Пушкин Орынбор өлкесіне келгенде қандай поэмамен танысқан / Қозы – Көрпеш – Баян сұлу /
7. Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданында Қарасты Қаракесек деген жерде дүниеге келді. Халықтың 19ғ. сүйікті ақыны /Сұйінбай Аронұлы /
8. 1867 - 1868 ж. Реформаларды кім мысқылдаған / Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин /
9. Республикалық конституциясы қашан қабылданған /1995 ж. 3о тамыз /
10. Қазақстанда неше млн. қазақтар тіркеуде, шетелде / 8 млн., 4, 5 млн./
Мұғалімнің қорытынды сөзі. Барлық сұрақтарға жақсы жауап берген оқушы / көп жұлдызша жинаған / « Ең жақсы тарих білетін оқушы» деген атқа ие болады
Көрініс «Атамекен» деген әнмен бітеді.

«Мариногорка орта мектебі» КММ
Мұғалім: Кездикпаева Гуляим Самаркановна
9 847
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің ------ жылда жүріп өткен жолдарымен артта қалған тарихи белестермен таныстыру.
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата - бабаларымыздың аңсаған арманы болған
Ұлт рухының, ұлы жолы
Ұлт рухының, ұлы жолы
Бүкіл қазақ батырларының басын біріктіріп, білектің күшімен, найзаның ұшымен ұланғайыр жерін дұшпанның тырнағынан қорғап, ұрпақтарына тастап кеткен бабаларымыздың рухына тағзым етіп, тарихын келешек ұрпақтарымызға жеткізу біздің міндетіміз.
Тарих - мәңгілік дастанымыз (сахналық көрініс)
Тарих - мәңгілік дастанымыз (сахналық көрініс)
Тарих - мәңгілік дастанымыз (сахналық көрініс)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Тәуелсіздік тірлігімнің айғағы
Тәуелсіздік тірлігімнің айғағы
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Тәрбиеші: Төреханова Г.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×