Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кіші жүздің Ресейге қосылуы

03 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, Бесарық бекеті,
№247 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Абуова Ақмаралдың

Қазақстан тарихы пәнінен 8-сынып оқушыларына "Кіші жүздің Ресейге қосылуы" тақырыбында өткізген ашық сабағы

Сабақтың тақырыбы:Кіші жүздің Ресейге қосылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруі, патша өкіметінің отарлық саясатының басталуы. Ресейге қосылудың алғы шарттары мен себептері. Әбілқайыр ханның жүргізген саясаты. Ресейге қосылудың салдары жайлы түсіндіру.
Дамытушылық: сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып, оқушылардың ойлау жүйесін жетілдіру, тарихи білімді шығармашылықпен қолдана білу дағдысын дамыту, оқиғалар мен құбылыстарды талдау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелілік: оқушылар бойында азаматтық, интернационалдық, жоғары адамгершілік сезімін қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа материалдарды түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, география, қазақ әдебиеті.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, схемалар, тест сұрақтары.
Техникалық құрал: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
II. Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру
1. жоңғар шапқыншылығы қай уақыттарда болды? (XVIIғ 40 ж - XVIIғ 50 ж)
2. Қазақ халқының тарихындағы 1723 – 1727 жылдар қандай атпен қалды? («Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»)
3. 1730 жылы Балқаш көлінің оңтүстік – батыс жағындағы шайқас? (Аңырақай шайқасы)
4. Жоңғар қоңтайшылары кімдер? (Батыр, Қалдан Бошоқту, Цеван Рабтан, Қалдан Серен)
5. Жоңғарларға қарсы күрескен батырларды атаңдар? (Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек, Баян)
6. Ресей империясы 1716 – 1720 жылдары қандай бекіністер сала бастады? (1716 Жімішов, Омбы, 1718 Семей, 1720 Өскемен)

III. Жаңа сабақ: Қызығушылығын ояту.
Балалар біздің тарихымыз ерлікке бай, еліміздің бостандығы үшін күрескен батырларымыз, бабаларымыз аз болған жоқ. Олар елін, жерін қорғау үшін жан аямай күресті. Бүгінгі біздің ұлт болып қалыптасуымызды көздеген, ел қамы үшін, түн ұйқысын төрт болып, ат үстінен түспей, найзасынан бір сәт ажырамаған. Осындай оқиғалар Қазақстанның Ресей империясының қол астына өтуі кезеңінде де болды.
Балалар сендер батырлық – ерлік жайлы, халықтар достығы жайлы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер ме? Ресей елі жайлы не білеміз? Кіші жүздің қай аймақта орналасқанын кім айтады? Картадан кім көрсетеді?

V.Жаңа сабақты пысықтау
1. Жылдар сөйлейді
1730 жылы қыркүйек –
1734 жылы 30 сәуір –
1731 жылы 10 қазан –
1734 жылы –
1735 жылы –
1742 жылы –
2. «Тарихи тұлға»
Жошы хан, Әбілқайыр хан, Әл – Фараби, Қойдағұлұлы, Ибрагим, Тевкелев, I Петр, Анна Ионовна, Кирилов, Нұралы. (Осы берілген тұлғалар қатарынан бүгінгі сабағымызға қатысы бар елеулі тұлғаларды теріп жазып, сипаттама береміз)

3. Сәйкесін табу.
І- бөлімдегі анықтамаға сәйкес ІІ- бөлімдегі тұлғаларды табу (кесте жасап "+" таңбашасымен белгілетуге де болады)
Орыс ғалымы, тарихшысы
Хан батыры, Дарабоз
Швед жауынгері,
Жоңғарға қару жасауға көмектескен
Кіші жүз ханы
Башқұрт старшинасы, Тархан
Кіші жүзге 1734 ж. жіберілген экспедиция басшысы
И. Г. Ренат
Кириллов
А.И. Левшин
Қабанбай
Т. Шайымов
Әбілқайыр

Сабақты бекіту: (Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіргеннен бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралыққа жылдармен шағын шолу жасау)
1731 – 1917 Қазақстан Ресей империясының отары
1917 – 1991 Қазақстан кеңестік жүйе кезеңінде
1991 – 2011 Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында

Сабақты мына мақал-мәтелмен қорытындылау
«Бірлігі бар ел озады,
Бірлігі жоқ ел тозады».

Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Кіші жүздің Ресейге қосылуы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 277
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Конспект. 18 ғасырдың cоңы мен 19 ғасырдың басында Кіші жəне Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тəуелді болды.
Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі
Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі
Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі Конспект Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті. Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1680 - 1748) Ресейдің құрамына енуді ойластырды.
Қазақстан және Ресей
Қазақстан және Ресей
Қазақстан мен Ресейдің тарихи байланысы және Қазақстанның Ресейге қосылуы жайында оқушыларға мағлұмат беру, Ресей империясының Қазақ елін отарлау саясаты жайында түсіндіру.
Қазақстанның Ресейге қосылуы
Қазақстанның Ресейге қосылуы
Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептерін, салдарын айқындай білу.
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектептің тарих пәрі мұғалімі Серікбаева Гүлшара Жауғашарқызы
Кіші жүздің Ресей империясына кіруі
Кіші жүздің Ресей империясына кіруі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Елбосынова Майра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×