Білімділер поралы

Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов

Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов.
ХХ ғасырдың бас кезінде ортағасырлық ұйқыда жатқан алаш қауымы арасынан ат төбеліндей азаматтар суырылып шығып, болашағы бұлдыр көшпелі қазаққа бағдаршам болды. Қазақ халқының өз мемлекеттігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интелегенция басқарды. Ол топтың басында ұлт зиялысы, публицист әрі саясаткер, патшалық Ресей Мемлекеттік Думасының мүшесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов тұрған еді. Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының жетінші ауылында өмірге келген. Қазіргі әкімшілік - аймақтық бөлініс бойынша бұл елдімекен Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қаратал совхозына қарайды. Әлиханның үлкен атасы - Бөкей, атақты көкжал Барақ сұлтанның ұлы.[Аңыз адам №20, 5 бет]

Әлиханның есімі ұзақ жылдар бойы сирек аталып, «буржуазиялық ұлтшылдықтың» синонимі ретінде қаралып келсе, кейінгі ұрпаққа қалдырған орасан мол аманат - мұрасы бір кісінің ғұмырындай уақыт шаң басып жатты. Көрнекті қоғам қайраткері - Ресейдегі жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің І мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думасының мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт - Петербор масоны, қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт - азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партисының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы: ғұлама ғалым - ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист - міне, ардақты азаматымыздың халқы үшін соңғы демі біткенше атқарып өткен сан - қилы қызметінің бұл болар болмас көрінісі ғана.

Отаршылықты құруды көксеген, ұлт мерейін көтеруге асығып, арпалысқан «Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан еді. Алаш қозғалысы саяси ұйым ретінде 1917 жылғы шілдеде өткен І жалпықазақ съезінде құрылған «Алаш» партиясы болды. Осы жалпыұлттық, саяси ұйымды құру үшін ХХ ғасыр басындағы ұлттық - демократиялық қазақ интеллигенциясының жұрт таныған жетекшелерінің бірі Әлихан Бөкейханов. Партияның бағдарламалық мақсат - міндеттеріне сай 1917 жылғы желтоқсанда өткен ІІ жалпықазақ съезі Алаш автономиясының немесе қазақ мемлекеттігінің құрылғандығын жариялап, оның өкіметі - Алашорданы сайлап, жаңадан құрылған мемлекеттіктің қарулы күштерінің негізі болуға тиісті халық милициясын жасақтау туралы шешім қабылдады.

№16 жалпы орта
білім беретін мектебі
11 сынып оқушысы
Карбоз Баянсұлу

Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 229
Қолданушылар: 3
Қонақтар: 226
Роботтар: 2
asika қойлық Ерлан Жумаканов
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика