Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

01 сәуір 2018, Жексенбі
Категориясы: Тарих
6 - сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сақтардың тәуелсіздік үшін жүргізген күресі туралы баяндау, оқушылардың ойлау, сөйлеу, іскерлік дағдысын дамыту, отансүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: кубизм, топтық, жұптық жұмыс, сұра - жауап, рөлдік ойын
Пәнаралық байланыс: география, математика
Көрнекілігі: слайд, үлестірме, ватман, маркер, стикер,

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Екі жұлдыз, бір тілек. Сабаққа тілек айту
Үй тапсырмасы
Ғажайып алаң ойыны
Сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын табады.
Үш тілде мағлұмат алысы

Жаңа сабақ
Жоспар:
- Кир әскерінің басып кіруі
- Шырақтың ерлігі
- Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы

Сақтар туралы не білеміз?
Сақтар
«Тәуелсіздік» ұғымын қалай түсінесіңдер?
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік! Осы киелі ұғымды ата – бабаларымыз ғасырлар бойы, асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. Елбасымыз Н. Назарбаев «Халық кешпейтін бір – ақ нәрсе бар: ол елдің басына зарықтырып бақ болып қонған бақыт құсы – Тәуелсіздіктен айырылғанды кешпейді» деп айтуы да бекерден-бекер емес

Тәуелсіздік жолында біздің аға – апаларымыз да өз өмірлерін құрбан етті. Олар кімдер? Білеміз бе? (Оқушылар пікірі тыңдалады) Олардың есімі алтын әріптермен жазылып, мәңгілік тарихта, біздің жадымызда қалмақ.

Осындай ержүрек, қайраткер, батыл қолбасшылар сақ тайпаларында болған.

Олар ел тәуелсіздігі үшін күрескен. Өз елінің тәуелсіздігін алу үшін елін, жерін, дұшпандарынан алып қалу үшін ерліктерін көрсете отырып, батыл да ержүрек атанған сақ көсемдері де болды.

Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп, қастерлеген, сыйлаған. Сақ әйелдері тайпа көсемдері де болып сайланған. Мысалы, сақтарды жұбайының өлімінен кейін патшайым Томирис басқарды. Ежелгі деректердің бірінде сақтардың үйленуі туралы, «егер сақ жігіті қызға үйленгісі келсе, онымен әуелі күш сынасуы керек. Қыз еңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептеледі. Тек жеңген жігіт оған өз билігін жүргізе алады» деп жазылған

Қосымша деректер.
Бірінші «Алтын киімді адам» Есік қорғанынан табылған. Б. з. б. ІV ғасыр жәдігері. Зерттеуші археолог - ғалым Кемал Ақышев.
«Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді. Қазіргі таңда бұл бейне Қазақстанның егемендігінің рәмізіне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпар елтаңбадан орын тапқан.
Екінші «Алтын киімді адам» 1999 жылы Атырау өңіріндегі Аралтөбе қорғанынан табылды. Б. д. д. ІІІ Ғ. жәдігері деп шамаланған бұл «Алтын адам» ғалымдардың айтуынша, сарматтардың көсемі. Оған дәлел – көсемнің өзімен бірге жерленген болат семсері. Аралтөбедегі «Алтын адамды» тапқан белгілі археолог - ғалым Зейнолла Самашев. Үшінші «Алтын киімді адам» 2003 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті жазығындағы көне қорғаннан табылды. Бұл жәдігерді тапқан археологиялық экспедицияның жетекшісі, археолог - ғалым Әбдеш Төлеубаев.

Жоспар бойынша бейнебаян арқылы сабақ түсіндіру
Топтық жұмыс:
1 - топ: Постер қорғау
2 - топ: Әңгімені аяқтау
3 - топ: Ролдік ойын
Сәйкестендіру тесті
Томириске мінездеме

«Түртіп алу» стратегиясы (тақырып ішінде кездескен сөздер)
Томирис – сақ патшайымы
І Дарий – парсы патшасы
Спаргапис – Томиристің ұлы
Ескендір Зұлқарнайын – ұлы грек қолбасшысы
Шырақ – сақ бақташысы
Гобри – парсылардың қарт қолбасшысы
Кир – парсы патшасы

Кубизм әдісі бойынша сұраққа жауап беру
Тест тапсырмасы
Сабақты қорытындылау
Кім жүйрік математикалық ойын
519 - 490 - 4 -......(25)
519 жыл
490 жыл
4 ғасыр
25 жыл

Биыл тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл
Бағалау «Алма ағашы» әдісі
Жасыл, қызыл, сары түсті алмалар арқылы бағаланады
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқып келу
Теңдесі жоқ тәуелсіздік эссе жазу.
2 456
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақ тайпаларының ел қорғаудағы ерліктері туралы толық түсінік беру. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс жасауына ықпал жасау, бағыт - бағдар беру.
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауына, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт - бағдар беру.
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі Конспект Б. з. б. 530 жылы Кир бастаған парсы әскері Сырдарияға дейін келіп, сақтармен соғысты. Томирис патшайымның баласы Спаргапис парсылардың торына түсіп, қаза табады.
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сералина Жұлдыз Ерболатқызы
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Толегенова Мончак
Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектептің тарих пәні мұғалімі Жәнділов Жасұлан Темірбекұлы Сабақ презентация түрінде
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×