Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия

06 сәуір 2018, Жұма
Категориясы: Тарих
Ашық сабақ
Тақырыбы: Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия
Қазақстан тарихы
Тобы: Д - 142/б, Д - 131 2 - курс
Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия
Сабақтың мақсаты
Білімділігі: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерьлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау.
Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылықпен іздену арқылы олардың философиялық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: топпен жұмыс
Сабақтың әдісі:
1. Оқумен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологиялары
2. Сатылай кешенді талдау технологиясы
а) «Миға шабуыл» стратегиясы
ә) Аптаның жеті күні
б) Ақпараттық технология
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, КарЛАГ картасы, қазақ зиялыларының суреттері, слайд шоу.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Алдын ала берілген тақырып бойынша топтарға бөлініп слайд, баяндамаларын қорғайды.(15 - минут)
а) «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша сұрақтар:
1. Индустрияландыру сөзінің мағынасы, индустрияландыру бағыты партияның қай сьезінде. Қашан белгіленді?
2. Қай бес жылдық жоспармен тұспа - тұс келді?
3. Индустрияландыру бағыты неден басталды?
4. Ф. И. Голощекин өлкемізді басқарған жылдар және ұстанған бағыты?
5. Голощекин бағытына қарсы шыққан қоғам қайраткері?
6. Қазақ халқын орны толмас қасіретке ұшыратқан қызыл жендет?
(Ф. Голощекин)
7. «Голощекиннің саясаты бірден - бір дұрыс саясат»- деп айтқан кім?
(И. В. Сталин)
8. 1932 - 1933 жж. Ашаршылық құрбандарына ескерткіш монуметі қай қалада тұрғызылды? (Астана)
9. Аштық туралы мәліметтер келтірілген қай кітапта? (Қызылдар қырғыны)
10. Тарихшы Талас Омарбеков мәліметі бойынша 1930 - 1933 жж. аштықтан қанша адам қырылған?
(2 млн. 200 мың адам)
11. Геноцид деген не? (Ұлтты түбірімен жойып жіберу)
12. Ашаршылыққа кім кінәлі деп ойлайсың? (Сталин саясаты, Голощекин - орындаушы)
13. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» кімдердің ұраны? (Голощекиндік солақай саясаттың басты ұраны)
14. Ашаршылықтан бұрын халық саны? (4 млн. 850 мың адам)
15. Голощекиннен кейін қазақ даласына кім басшы болды? (Л. И. Мирзоян)
16. Күніне қазақ мыңдап өліп жатыр
Тұқымы сағат сайын кеміп жатыр
Өз баласын өзі үйтіп, сираған жеп,
Көр азабын тірідей көріп жатыр. Кімнің өлең жолдары? (І. Жансүгіров)
17. Аштық туралы слайд көрсету (3 - минут)
Қазақ даласында аштық үш рет болды:
• 1921 - 1922жж,
• 1931 - 1933жж,
• 1941 - 1945жж, соғыстан кейін
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.

ІІІ. Жаңа тақырып. (сабақтың тақырыбы, мақсатын түсіндіру)
а) кездесетін термин сөздермен жұмыс:
Бюрократия - қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар өкімет аппаратының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеулік билігі
Репрессия - мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары.
Тоталитаризм - әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттің саяси құрылыс түрі.
ә) Топтық жұмыс. Ой дамыту (5 - минут)
1. Тоталитарлық жүйенің орнауы;
2. Жаппай жазалау, Қазақстан – лагерьлер өлкесі;
3. Қуғын - сүргінге ұшыраған зиялы өкілдеріміз;
б) Топтық тапсырмаларды қорғау (слайд арқылы тоталитарлық жүйенің жаппай жазалау, лагерьлер, қуғын - сүргінге ұшыраған зиялы өкілдердің суреттері)
Мұғалімнің кіріспе сөзі
1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс құрал - жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жылдың 5 желтоқсанында Кеңестердің Жалпыодақтық ҮІ төтенше сьезінде жаңа сталиндік Конститутция қабылдады. Ол бойынша КСРО – да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын - сүргін «геноцид саясаты» осылай басталды.
1. Қазақстандағы екінші репрессия 1937 - 1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстанға Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын - жазушылар жұмыс істеді. Соның ішінде деп слайд арқылы сол кездегі қуғын - сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларына тоқталамыз.
Мұғалім Ә. Бөкейхановтың өмірі мен қызметін сатылай кешенді талдау арқылы көрсетеді:

Оқытушы: Ұ. О. Абзелова

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 544
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қуғын - сүргін құрбандары
Қуғын - сүргін құрбандары
Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерлерінің тарихына шолу жасау.
1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір
1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір
XX ғасырда біздің қазақтай көп қырылып, жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер бетінде кемде - кем. Оның ащы ақиқат екендігін іздеу барысында көз жеткізу.
Қазақстан Ресей құрамында, Қазақстанда кеңес билігінің орнауы
Қазақстан Ресей құрамында, Қазақстанда кеңес билігінің орнауы
Ақпан, Қазан төңкерісі және Кеңестер билігінің орнауы туралы мәлімет беру, аталған төңкерістердің мәні мен сол кездегі Қазақстандағы саяси ахуал жайын түсіне білуге жағдай жасау.
Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнауы, саяси репрессиялар
Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнауы, саяси репрессиялар
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжінің оқытушысы: Айтбекова А. Б.
Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзету» лагерлері. (Карлаг, Алжир, Степлаг)
Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзету» лагерлері. (Карлаг, Алжир, Степлаг)
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қиянова Илаш Қалымқызы
Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы  қоғамдық-саяси жағдайы
Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №153 Ш. Есенов атындағы мектеп-лицейі тарих-құқық пәнінің мұғалімі: Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×