Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарлұқ қағанаты (756 - 940 жылдар)

09 мам 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Қарлұқ қағанаты (756 - 940 жылдар)
Конспект
Араб тарихшысы әл - Марвази қарлұқтардың құрамында тоғыз тайпа болған деп жазған: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси. Бұдан басқа лазана мен фаракия рулары аталады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жері – Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық. Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан қарлұқтар 756 жылы түргештерден билікті алып, өз мемлекеттерін құрды. Қағанат орталығы – Суяб қаласы. 840 жылы қарлұқтар қырғыздармен бірігіп, Ұйғыр қағанатын жеңді. Осы жеңістен кейін Испиджаб қаласының билеушісі Білге Күл Қадыр - хан өзін қаған деп жариялайды. Самани әулеті мұсылман дінін тарату сылтауымен “ғазауат соғыс” жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі саманилерге алым - салық төлеп тұруға міндетті болды. Саманилер Таразды басып алып, қалада мешіт салдырды. Саманилерге қарсы күресті Базар Арслан мен Оғұлшақ (Білге Күл Қадыр - ханның балалары) жүргізген. Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі 2 ғасырға жуық мерзімге созылды. Қарлұқ қағанатын ішкі тартыстар мен билік үшін күрес әлсіретті. Осыны пайдаланған Қашғардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұнды басып алды. Қағанат талқандалды. Баласағұнды екі жылдан кейін Сатұқ Боғра хан (Арсланның баласы) қайтарып алады. Осы ханның кезінде қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау басталды.
“Худуд әл - алам” қолжазбасында: “қарлұқтар тұрған аймақ – халық неғұрлым жиі қоныстанған және ең бай жерлер. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс бар” деп жазылған.
Қарлұқтарда аталарының зиратының басына тастан жасалған балбалдарды қою кең тараған. Түрік жазбаларында “Батыр ерлерін балбал етіп қойды” деген жазу табылды. 7 - 8 ғасырлардан құлпытас орнату дәстүрі дами бастады. Орхон - Енисей, Талас - Шу өзендері бойынан табылған түрік жазуларының ішіндегі ең атақтылары – “Күлтегін” мен “Тоныкөк” жазбалары. Бұл ескерткіштер Қарлұқ қағанатының кезінде түрік жазуының жаңа түрде дами бастағанын көрсетеді.

Конспект сұрақтар
1. Түрік жазуларының ішіндегі ең атақтылары:
2. Зират басына қойылатын тас мүсіндер:
3. Қарлұқтардың қыстаудағы баспаналары салынды:
4. “Қарлұқтар тұрған аймақ ең бай жерлер” – деп жазылған қолжазба:
5. Қарлұқтардың қосалқы шаруашылығы:
6. Қарлұқтардың қыстауларда тұрақтаған уақыты:
7. Қашғардың түрік билеушілері басып алған Қарлұқ қағанатындағы қала:
8. Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі созылды:
9. Саманилердің діни ықпалы тараған аймақ:
10. Қарлұқтарға “ғазауат соғысын” жариялап, шабуылдады:
11. Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі созылды:
12. Қарлұқтардың мемлекет құрып, күшейе бастағанын көрсететін дерек:
13. Қарлұқ қағанатының өмір сүрген мерзімі:
14. Қарлұқтардың Жетісуға жылжу себебі:
15. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жері:
16. Қарлұқтарды “ежелгі түріктер” деп жазған:
17. 7 ғасыр басындағы қарлұқтар құрамындағы тайпа саны:
18. Қай тайпа 756 жылы Түркеш қағандығын құлатып, билікті өз қолына алды:
Тақырыптың тесті
9 707
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарлұқ қағанаты (756 - 940 жылдар)
Қарлұқ қағанаты (756 - 940 жылдар)
Қарлұқ қағанаты (756 - 940 жылдар) Конспект Араб тарихшысы әл - Марвази қарлұқтардың құрамында тоғыз тайпа болған деп жазған: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси. Бұдан басқа лазана мен фаракия рулары аталады.
Түргеш қағанаты (704 - 756 жылдар)
Түргеш қағанаты (704 - 756 жылдар)
Түргеш қағанаты 704 - 756 жылдар аралығында өмір сүрген. Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші ордасы – Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды
Батыс Түрік қағанаты (603 - 704 жылдар)
Батыс Түрік қағанаты (603 - 704 жылдар)
Батыс Түрік қағанаты (603 - 704 жылдар) Конспект Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың
Қарлұқ қағанаты
Қарлұқ қағанаты
Қарлұқ қағанаты тарихымен таныстыру, қағанат халқының шаруашылығы және мәдениетін түсіндіру, берілген білімді жүйелеу. Оқушылардың тарихи оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру, логикалық ойлау қабілетін арттырып, ойын еркін айтып
Қарлұқ қағанаты
Қарлұқ қағанаты
Қызылорда қаласы, Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп - гимназиясы тарих пәні мұғалімі Ибраева Нағима Нұрмұратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×