Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарақытайлар (1125 - 1212 ж.)

09 мам 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Қарақытайлар (1125 - 1212 ж.)
Конспект
Қытай деректері бойынша, қарақытайлар – Орталық Азиядағы Солтүстік Қытай, Маньчжурия мен Уссури өлкесін мекендеген қидан тайпалары. Қидандардың 10 ғасырда Батысқа жылжыған бөлігі мұсылман деректерінде қарақытайлар деп айтылады. 1125 жылы Елюй Даши бастаған 40 мың түтін қидандар Жетісуға келіп қоныстанды. Қарахандықтардың әлсірегенін пайдаланған Елюй Даши 1125 жылы өз әскерін Жетісудың орталық аудандарына қарай кіргізеді. Олар Баласағұнды басып алып, оған жақын жерде өздерінің орталығы – Ғұз ордасын құрды. Қарақытайларда мұрагерліктің өзіндік ерекшелігі болған. Әйелдер де мұрагер бола алған, тек әйел жағының тегі хан тұқымынан болуы міндетті. Алым - салық жүйесі бойынша, әрбір үйден 1 динардан ақша жиналған. Ірі қала әкімі гурханға жыл сайын жер салығын – харадж төлеп отырған. Жетісудың егінші тұрғындары билеушіге өнімнің оннан бір үлесін төлеген. 12 ғасырдың екінші жартысында қарақытайлар бағынышты халықтарға салық салуды күшейткен. Бұған қарсы ел ішінде наразылықтар туа бастаған. 1141 жылы Самарқанға жақын Қатуан даласында болған шайқаста қарақытайлар Бұхараға басып кіреді. Бүкіл Мәуереннахрдың орталық бөлігін басып алады. Қарахандар олардың вассалы болып, салық төлеп отыруға мәжбүр болды. Қарақытайлар Хорезмді жаулап алады. Хорезмшах жылына 3000 алтын динар төлеп тұруға мәжбүр болды. Қарақытайлар шығысында Гансу жеріндегі ұйғырларды өздеріне тәуелді етті. Батысында Әмударияның төменгі ағысын бағындырды. Оңтүстікте Балх пен Хотан жерлері де оларға тәуелді болды. Қарақытайлар Хорезм шахымен келісім жасай отырып, 1198 - 1204 жылдары Ауғанстан жеріндегі гурид тайпаларымен соғысып, ауыр жеңіліске ұшырайды. Қарақытайлар 1208 жылы шығыста наймандардан жеңіледі. 1210 жылы оларға Хорезм шахы қарсы шығады. Екі жақтан шабуылға ұшыраған Қарақытай мемлекеті 1212 жылы құлайды.
Конспект сұрақтар
1. Қарақытайларға екі жақтан шабуылдады:
2. Қарақытайлардың гурид тайпаларымен соғысқан мерзімі:
3. Қарақытайлардың шығысында тәуелді еткен тайпалары:
4. Тақ үшін таласта қарақытайлардың көмегін пайдаланған Хорезм билеушісі:
5. Қарақытайларға жылына 3000 динар төлеп отырған ел:
6. 1141 жылы қарақытайлар басып алған қала:
7. Қарақытайлар Қарахан әскеріне ойсырата соққы берді:
8. Қарақытайлардың салықты күшейткен кезі:
9. Қарақытайларда ірі қала әкімі төлейтін жер салығы:
10. Қарақытайларда әр үйден жиналатын салық мөлшері:
11. Елюй Даши гурхан қаза болғасын, билікке келді:
12. Қарақытайлықтардың орталығы:
13. Қидандардың Жетісуға келіп, қоныстанған жылы:
14. Қидандарды түрік тілдес деп көрсететін деректер:
15. Қарақытай тайпаларының бұрынғы атауы:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 293
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы Конспект 15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда қоныс
Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер. Қарахан мемлекеті
Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер. Қарахан мемлекеті
Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер. Қарахан мемлекеті. Конспект 10 ғасырдың орта кезінде, 942 жылы Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Мемлекеттің негізін Сатұқ Боғра хан
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы Конспект Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б. з. б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №9 жалпы білім беру орта мектебі" М. М тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Ж. О.
Қарақытайлар
Қарақытайлар
ОҚО. Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, №83 Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Игенбаева Динара Маратқызы
Қарақытай
Қарақытай
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×