Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

11 мам 2018, Жұма
Категориясы: Тарих
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Конспект
Әмір Темір 1336 - 1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370 - 1405 жылдары Мәуереннахрда билік еткен. Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеді. Тоқтамысты пайдаланып, оған әскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Ақ Орда хандары жеңіліс тапқан соң, Әмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы - Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналды. 1391 жылы Әмір Темір Құндызша деген жерде Тоқтамыс әскерін қирата жеңеді. 1395 жылғы шайқас Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өтеді. Бұл жолы Тоқтамыс күйрей жеңіледі. Тоқтамысты жеңгеннен кейін Әмір Темір әскері Еділ бойына, Сарай - Беркеге дейін жетіп, шабуылдады.
Әмір Темірдің шабуылдары Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұсқан келтірді. Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері Әмір Темірге жеке - дара қарсы тұра алмайтындарын байқады. Олар 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасады. Одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384 - 1391 жылдары Алтын Орда мен Моғол жеріне бірнеше рет жорық жасаған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелділікке түсті. Оның шапқыншылық жорықтарының ауыр зардаптары болған. Қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына көп зардабын тигізді. Шапқыншылықтың салдарынан бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды.
Конспект сұрақтар
1. Әмір Темірдің өмір сүрген уақыты:
2. Әмір Темірдің қатыгездікпен жүргізген басқыншылық жорықтары бағытталған аймақ:
3. Әмір Темірдің Алтын Орданы басып алудан бұрын көздеген мақсаты:
4. Ақ Орданың жеңілуіне әкеп соққан жағдай:
5. Ақ Орданың жаңа ханы Темір - Мәлік Тоқтамысты жеңіліске ұшыратты:
6. Тоқтамыстың 1380 жылдан бастап жаулап алған жерлері:
7. 1391 жылғы Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы шайқас:
8. 1395 жылғы Терек шайқасының нәтижесі:
9. Алтын Орда экономикасына оңалмастай нұсқан келтірген жағдай:
10. Әмір Темір әскері Алмалықтың жанында талқандады:
11. Әмір Темірдің Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейінгі жорығы бағытталды:
12. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған барлық жорықтарының мерзімі:
13. Әмір Темірдің Қамар ад - динді талқандау үшін жіберген әскерінің саны:
14. Әмір Темірдің Моғолстанның қолбасшысы Қамар ад - динді талқандаған жері:
15. Қамар ад - дин Әмір Темір әскерінен күйрей жеңілді:
16. Әмір Темірге қарсы одақ құруға әрекет жасаған елдер:
17. 1390 жылдары Әмір Темірге толық тәуелділікке түскен ел:
18. Әмір Темір қайтыс болған жер:
19. Қай жылы Әмір Темір Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салуға бұйрық берді:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 160
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
Ноғай Ордасы мен Батыс Сібір аймағының этникалық құрамы жайлы баяндау
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы)
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы)
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы) Конспект Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет. Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы –
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Ақсақ Темірдің Азияға жасаған басқыншылық жорықтарын жан - жақты түсіндіру; Әмір Темірдің қанды жорықтарын баяндаумен қоса, А. Иасауиге кесене соқтыру арасындағы байланыстың сырына үңілу.
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Оқушыларға Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары туралы айта отырып, өз елін жаудан қорғай білетін батыл, ержүрек азамат болуға тәрбиелеу.
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың тақырыбы: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Ноғай Ордасы
Ноғай Ордасы
Тарих пәні мұғалімі: Аманшаева Жұлдыз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×