Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы

11 мам 2018, Жұма
Категориясы: Тарих
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы
Конспект
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының әлеуметтік құрылымы феодалдық қатынастарға негізделген. Хандық биліктің ең жоғарғы өкілдері – хан, сұлтандар, оғландар. Хан кеңесінің құрамы хан тұқымдарынан, ұлысбектерден, әмірлер мен бек, билерден тұрған. Ханның кеңесшісі уәзірлер болған. Құрылтай – хандық өкіметтің ең жоғарғы жиыны. Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстанда түрік тайпаларының басшылары “әмір” деп аталған. Ал Ноғай Ордасында оларды “мырза” деп атаған. Қарапайым халық “қараша” деп аталады. Әділ үкім шығаратын “би” қызметі болған. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін балаларына бөліп берген. Осы жерлер “інжу” деп аталған. Иқта, сойырғал деп аталатын сый - жерлер әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызмет еткендерге берілген. Әскерді азық - түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық тағар деп аталған. Жан басына және мал басына құшыр салығы салынды. Жер көлеміне байланысты қалан салығы салынған. Мал салығы зекет деп аталған. Отырықшы егінші аймақтардан харадж, баж салықтары алынған. Мұрагердің “тел бауырын” көкілташ деп атаған. Ал мұрагердің тәрбиешісі атабектер болған. Жастайынан сайланған хандарға ақыл беретін кеңесшінің лауазымы “наиб” болған. Ханның аңшылық ісін басқаратындар миршикар деп аталған. Жасауылдар жиын - той, мерекелерде тәртіп, салт - дәстүрді қадағалап отырған. Cарай қызметінің басшылары ішік аға басы делінсе, хан кеңесшілері инақтар деп аталған. Ал даруғалардың міндеттеріне салық жинау, тәртіпті қадағалау кірген. Хандық өкіметтердің мемлекеттік - әкімшілік жүйесі билеушілер мүддесін қорғауға бағытталған.
Конспект сұрақтар
1. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы хандық биліктің ең жоғарғы өкілдеріне жатады:
2. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы хан кеңесінің құрамы:
3. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы хандық өкіметтің ең жоғарғы жиыны:
4. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы түрік тайпаларының басшылары:
5. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында “бек” атауы берілген:
6. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы қарапайым халықтың атауы:
7. Шыңғыс тұқымдарының жасау ретінде алған жерлері:
8. Алтын Орда хандарының інжулік жерлері орналасқан аймақ:
9. Шағатай мемлекетінің інжулік жерінің аумағы:
10. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы тікелей хандардың қарамағындағы жерлер:
11. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы ханға адал қызмет істегендерге берілетін сый - жерлер:
12. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы әскерді азық - түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық:
13. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы жан басына және мал басына салынатын салық:
14. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында харадж, баж салықтары алынды:
15. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы мұрагердің “тел бауыры”:
16. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы миршикар атқаратын қызмет түрі:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 549
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
Ноғай Ордасы мен Батыс Сібір аймағының этникалық құрамы жайлы баяндау
Әбілхайыр хандығы (Өзбек хандығы)
Әбілхайыр хандығы (Өзбек хандығы)
Әбілхайыр хандығы (Өзбек хандығы) Конспект 1428 жылы ақсүйек, шонжарлар 17 жастағы Әбілхайырды хан етіп сайлады. Хандық Өзбек ұлысы, Өзбек хандығы, Шайбани ұлысы, Әбілхайыр ұлысы деп аталды.
13 - 15 ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
13 - 15 ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
13 - 15 ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір Конспект 13 ғасырда Қазақстанның солтүстік - батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы.
Қазақстан тарихынан сабақ топтамасы
Қазақстан тарихынан сабақ топтамасы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Рахмет Айтолхын
Ноғай хандығы
Ноғай хандығы
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×