Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы

11 мам 2018, Жұма
Категориясы: Тарих
6 ТАРАУ. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Конспект
Қазақстанда қола дәуірінде еуропеоидтық андрон тайпалары өмір сүрген. Ғалым О. Смағұловтың пікірінше, сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеті андрондықтарға ұқсас болған. Шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен араласуының нәтижесінде монғолоидтық белгілер дами бастады. Монғолдар түркіленіп, Шыңғыс тұқымдарының өзі түрік тілінде сөйлеп, монғолдық сипаттан ажырады. Монғолдарға дейін жергілікті ру - тайпалардағы пайда бола бастаған монғолоидтық тұрпат күшейе түсті.
13 ғасырдың басындағы монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу барысын бұзды. Қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісі 150 - 200 жылға кешеуілдеді.
Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары басты рөл атқарды. Жетісу жері – үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағының бірі. 15 ғасырдың 1 - жартысында Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың этникалық құрамы, тілі, түр - тұрпаты, шаруашылығы, әдет - ғұрпы, салт - санасы ұқсас болған. Олар “92 баулы өзбектер” шежіресі бойынша 92 тайпадан тұрған. Тарихшы Рузбиханның жазуынша, өзбектерге шайбанилер, қазақтар, маңғыттар жатады. Бұл деректен байқалатыны Өзбек хан хандық құрған кездің өзінде қазақтар халық ретінде ерекшелене бастаған.
Конспект сұрақтар
1. Өзбектерге басты үш халық жататынын жазған тарихшы:
2. Өзбектерге кіретін үш халықтың ержүрегі және ең көбі:
3. Қазақ хандары Әмен мен Сәменді жазалаған билеуші:
4. Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың этникалық құрамы ұқсас болған кезең:
5. Үйсіндер деген атау уақытша айтылмай, орнына аталды:
6. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарды:
7. Монғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасу үрдісін кешеуілдетті:
8. Қазақ жерінде пайда болған түркіленген жаңа этникалық топтар:
9. Монғолоидтық белгілер тереңдей түсті:
10. Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеті қай тайпаға ұқсас:
11. Қазақ хандығының негізі қаланған жерді көрсетіңіз:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 390
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі Конспект 15 ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуындағы серпіліс хандық өкіметтердің ішіндегі саяси бытыраңқылықты күшейтті. Жетісу аймағындағы ру - тайпалар Орталық Қазақстанға, Орта
Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні
Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні
Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні Конспект Қазақстанды ерте заманнан бастап мекендеген тайпалардың бет пішіні, түр - тұлғасы туралы деректер қола дәуірінен бастап кездеседі. Одан бұрынғы кездегі адамдардың бас сүйектері сақталмаған.
Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуын баяндау, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер
Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Казербаева Гульнар
Қазақстандағы этносаяси үрдістер
Қазақстандағы этносаяси үрдістер
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Құдиярова Зада
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×