Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары

11 мам 2018, Жұма
Категориясы: Тарих
7 ТАРАУ. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Конспект
15 ғасырдың ортасында Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықта бес ұлыс, дербес хандықтар пайда болды. Олардың өзара жер үшін таласы тайпалар арасында араздықты туғызып, елде бей - берекетсіздік өршіді. Мұндай саяси бытыраңқылық біртұтас ұлттық мемлекеттің қажет екендігін көрсетті. Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілхайырдың билігі тұсында шарықтау шегіне жетті. Қазақстандағы ру - тайпалардың негізгі этникалық құрамы басты 3 аймаққа шоғырланды. Олар – Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу, Түркістан. Біртұтас қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының негізі экономикалық жағынан дамуы болды.
Қазақстанда өмір сүрген ру - тайпалар қола дәуірінен бақташылық мал өсіру және теселі жер өңдеумен айналысқан. Осы шаруашылықтың дамуы барысында жартылай көшпелі және отырықшы жер өңдеу кәсібі қалыптасқан. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу аймағында орта ғасырларда қалалық отырықшылық шаруашылық өркендеген. Қазақ жерінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы да ру - тайпалардың экономикалық және мәдени жағынан дамуына зор ықпал еткен. Тілі, материалдық және рухани мәдениеті жағынан өзара жақын этникалық топтардың бір - бірімен тығыз қатынасы орнады. Қазақ халқының бірігуінің іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туды.
Конспект сұрақтар
1. 15 ғасырда жартылай мал өсірумен және егіншілікпен айналысқан ру - тайпалардың қоныстанған жері:
2. 15 ғасырдағы ру - тайпалардың негізгі этникалық құрамы шоғырланған аймақ:
3. Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылықтың шарықтау шегіне жеткен кезі:
4. 15 ғасырдағы Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықтағы ұлыс саны:
5. Әбілқайыр хан кімдерден жеңіліс тапқан соң, ел ішіндегі беделі түсе бастады.
6. Керей мен Жәнібек хандармен бірге көшіп - қонып жүрген ру - тайпаларды алғашқы кезде қалай атады:
7. Қазақ хандығы қалыптасқан кезеңде арғындар қай аймақта мекендеді:
8. Моғолстан ханы Есен - бұға не себепті Керей мен Жәнібек сұлтандарды қолдады:
9. Әбілқайыр хандығы қашан құрылды:
10. Қазақ хандығы қалыптасқан кезеңде қоңыраттар қай аймақты мекендеді:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 248
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі Конспект 15 ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуындағы серпіліс хандық өкіметтердің ішіндегі саяси бытыраңқылықты күшейтті. Жетісу аймағындағы ру - тайпалар Орталық Қазақстанға, Орта
Мәңгілік елдің ұлы тарихы – Қазақ хандығының құрылуы
Мәңгілік елдің ұлы тарихы – Қазақ хандығының құрылуы
ХV - ХVІІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстік - шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы ірі тарихи оқиға болды. ХІV - ХV ғасырларда Дешті Қышпақ пен Мәуереннахр, Моғолстанда болған этникалық процесстердің дамуы, Еуразиялық шығыс және Орта бөлігіндегі
Қазақ хандығының ішкі – сыртқы жағдайы
Қазақ хандығының ішкі – сыртқы жағдайы
Тарих сахнасына тұңғыш көтерілген Қазақ хандығының іргелі ел болу жолындағы саясаты ел болу жолындағы саясаты, басқа хандықтармен дипломатиялық – саяси байланыстары, елдің ішкі жағдайын тұрақтандырудағы жетістіктері туралы түсінік қалыптастыру
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер
Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Казербаева Гульнар
Мемлекеттің негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек
Мемлекеттің негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тажбанов Серик Маратович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×