Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуекел хан (1582 - 1598)

12 мам 2018, Сенбі
Категориясы: Тарих
Тәуекел хан (1582 - 1598)
Конспект
1580 - 1582 жылдары хан тағына Жәнібек ханның немере інісі 80 жастағы Шығай отырды. Ол Баба сұлтанның Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргеніне өшігіп, қарсы шықты. Баласы Тәуекел сұлтан екеуі Абдаллах ханмен бірігіп, 1582 жылы Баба сұлтанға қарсы бірлескен жорық жасады. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті Қыпшақ даласына қашты. Осы жорықта Шығай хан қайтыс болды. 1582 жылы маусым айында Тәуекелдің сарбаздары Түркістан түбінде Баба сұлтанды өлтіріп, әскерін талқандады. Тәуекел сұлтанға риза болған Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты.
1582 жылы Тәуекелдің билікті алған кездегі хандықтың сыртқы жағдайы өте ауыр еді. Біріншіден, Абдаллах Қазақ хандығына қарсы шықты. Екіншіден, шығыс жақтан моғолдар мен жоңғарлар ұдайы қауіп төндірді. Алайда Тәуекел хандық билікті нығайтып, қазақ жерін кеңейтіп, хандықтың беделін халықаралық деңгейге көтере білді. Тәуекел ханның дипломатиялық жұмыстары нәтижелі болды. Хан өзінің бір баласын қарақалпақтардың бірқатар руын басқаруға, ал інісі Шахмұханбетті қалмақтарды басқаруға қойған. Қалмақтардың біраз бөлігі Тәуекел ханға бағынышты болған. Тәуекел ханның басты мақсаты Өзбек хандығына кеткен қалаларды қайтару болды. 1583 жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасалған “ант беріскен шартты” бұзды. Өзбек хандығына шабуылдап, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрамды басып алды. Ташкентке қауіп төндірді. Тәуекел хан Орта Азиядағы ұзақ жылдарға созылған тартыстан кейін Мәскеумен қарым - қатынас орнатуды қолға алады. Тәуекел хан елшілігі 1594 жылы Мәскеуге барды. Қазақ елшілігіне жауап ретінде 1595 жылы Мәскеуден Вельямин Степанов жіберілді. Қазақ - орыс қатынастарының дамуы керуен саудасының кеңеюіне жағдай жасады. 1598 жылдың қысында Ташкент түбінде қазақтар өзбек әскерін ойсырата жеңді. Бұл жеңіс хандықтың беделін, күш - қуатын арттыра түсті. Тәуекел хан көп жасағымен 1598 жылдың жазында Мәуереннахрға басып кірді. Бұхара түбінде ауыр жарақаттанып, Тәуекел хан қайтыс болды. Қазақ хандарының ұзаққа созылған соғыстары Сыр бойындағы қалаларды және ірі қала – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. 1598 жылы Сібір хандығы жойылып, Cібір хандығының қол астына қараған қазақ тайпалары Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды.
Конспект сұрақтар
1. 1598 жылы жойылған хандық:
2. 1595 жылы Мәскеуден Қазақ хандығына келген елші:
3. Тәуекелге Сібір ханы Көшіммен соғысу талабын қойды:
4. Тәуекел ханның елшісі Құл - Мұхаммедтің орыс патшасына барған жылы:
5. Ұзаққа созылған соғыстың нәтижесінде Қазақ хандығына қосылды:
6. Тәуекел хан Бұхараны неше күн қоршады:
7. Тәуекел хан жасағының Мәуереннахрға кірген жылы:
8. 1583 жылы Тәуекел хан шартты бұзып, қатер төндірді:
9. Тәуекел ханға бағынышты болды:
10. Тәуекел ханның тұсында шығыстан қауіп төндірді:
11. Тәуекел сұлтан Баба сұлтанның әскерін талқандады:
12. Баба сұлтанға қарсы бірлескен жорық жасалды:
13. 1580 - 1582 жылдары хан тағына отырды:
14. Қазақтың қай ханы Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы күрес жүргізді:
15. Қазақтың қай ханына Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты:
16. Бұхара ханы Абдаллах Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі қай уәлаятты сыйға береді:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 762
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есім хан (1598 - 1628)
Есім хан (1598 - 1628)
Есім хан (1598 - 1628) Конспект Тәуекелдің інісі Есім қазақтың көп санды әскерін басқарған, Ташкент, Түркістан аймағын билеген көрнекті сұлтан болды. Cондықтан қазақ әскері мен сұлтандардың көпшілігі Есімнің хан болуын қалаған.
Хақназар хан (1538 - 1580)
Хақназар хан (1538 - 1580)
Хақназар хан (1538 - 1580) Конспект Қасым хан қайтыс болған соң, Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды. Саяси жағынан ыдырай бастаған хандықты біріктіріп, аймақтық жағынан ұлғайтуға, халықаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның
Тест қазақ әдебиеті 11 сынып
Тест қазақ әдебиеті 11 сынып
1456 - 1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы. 1473 - 1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы
Тәуекел хан
Тәуекел хан
Балқаш қаласы, ЖББ №9 ОМ Тарих пәні мұғалімі Баймуратова Дина Байжановна
Тарихтан қысқа мерзімді жоспар
Тарихтан қысқа мерзімді жоспар
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Қазақ хандарының кестесі
Қазақ хандарының кестесі
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ 1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы. 1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы 1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы 1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы 1518-1523ж –
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×