Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

12 мам 2018, Сенбі
Категориясы: Тарих
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Конспект
Есім ханның баласы Жәңгір 1628 - 1652 жылдары хан болған. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады. 1643 жылы жоңғардың қалың қолы қазақ жеріне басып кіріп, Орбұлаққа бекінген Жәңгір ханның 600 cарбазы жоңғардың 50 мың әскеріне қарсы тұрды. Көмекке Самарқан қаласының әкімі Жалаңтөс батыр 20 мың қолмен келеді. Орбұлақ шайқасы халқымыздың тарихындағы өшпес жарқын беттердің бірі.
Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680 - 1715 жылдары ел басқарып, көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды. Ол ішкі феодалдық тартыс пен бытыраңқылықты жоюға тырысты. Бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды. Тәуке хандық билікті күшейту мақсатын көздеп, билерге арқа сүйеуге, сұлтандардың билігін шектеуге тырысты. “Хандық кеңесте” билер негізгі рөл атқара бастады. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси істердің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды. Тәуке хан билігінің бір бөлігін билерге беру арқылы ықпалды билерді мемлекеттік істерді шешуге, елді басқаруға тартты. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің қатысуымен “Билер кеңесінің” құрылтайын сәтті ұйымдастырып отырды. Тәуке ханның басты мақсаты – ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салу. Құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі белгілерін айқындайтын “Жеті жарғы” нормалар жиынтығын үш бидің қатысуымен жасады. “Жеті жарғыда” қарастырылған мәселелер: Жер дауы. Үй - іші мен бала тәрбиелеу. Ұрлық - қарлық, барымта. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. Ұлтын жаудан қорғау. Құн дауы. Жесір дауы. “Жеті жарғы” рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтарды, үш жүз арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті. Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне үлес қосты.
Төле Әлібекұлы (1663 - 1756) Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле би өз өмірін елінің бірлікте, ынтымақта болуына арнаған. Қазыбек Келдібекұлы (1667 - 1764) Сырдария жағасындағы бір ауылда дүниеге келіп, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген. Қазыбек би Тайкелтір бимен бірге қалмақ ханына барып, алмастай өткір сөзімен оны жеңіп, малын да, жанын да түгел алып қайтқан. Әйтеке Бәйдібекұлы (1682 - 1766) – атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы. Шын есімі – Айтық. Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. 1710 жылы жоңғар шабуылын тойтару мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Хандық жасақтары құрылды. Қазақ жасақтары жоңғарларды талқандап, шығысқа қарай ығыстырды. Қазақ хандығындағы ірі шонжарлар арасындағы алауыздық пен енжарлық жаудан қорғану үшін халықты жұмылдыруға кедергі келтіріп отырды. 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жағдай қайтадан ауырлап кетті.
Конспект сұрақтар
1. Атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы:
2. Қазыбек бидің жастық шағы өткен жер:
3. Төле би өз өмірін арнады:
4. “Жарғы” сөзінің қазақша ұғымы:
5. 1710 жылғы Қарақұм жиынында талқыланған мәселе:
6. Жоңғар феодалдарының Оңтүстік Қазақстанға шабуылдаған уақыты:
7. Тәуке ханның басты мақсаты:
8. Битөбе мен Күлтөбеде өткізілді:
9. Тәуке хан тұсында соттық мансапты атқарды:
10. Тәуке хан тұсында хандық кеңесте негізгі рөлді атқарды:
11. Тәуке ханның ел басқарған кезі:
12. 1680 жылы жоңғарлар басып алған қалалар:
13. Жәңгір ханға Самарқаннан көмекке келген батыр:
14. Орбұлақ шайқасы болған жер:
15. Ерлік істері көрші елдерге аңыз болып тараған қазақтың ханы:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 920
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығы (тақырыптық тест)
Қазақ хандығы (тақырыптық тест)
Қазақ хандығы (тақырыптық тест) 1. ХV - XVІІ ғғ. Қазақ қоғамындағы хан титулы: *А) мұрагерлікпен берілді В) Қазақ ақсүйектерінің құрылтайдағы ресми сайлауынан кейін берілді С) Орыс патшалары арқылы берілді. Д) Шыңғысхан тұқымдары тағайындап отырды.
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке ханның қазақ хандығындағы ішкі талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құру жолында тың өзгерістер енгізгенін және «Жеті жарғы» заңының мазмұнына түсініктер беру.
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Білімділік: Тәуке хан тұсындағы елдің ішкі - сыртқы жағдайы, Тәуке ханның ел үшін жасаған еңбегін, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін әңгімелеу.
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Алмута вилайити. Уйғур наһийәси, Ават йезиси, И. Искәндәров намидики оттура мәктәп коммуналлиқ мәмликәтлик мәһкимиси тарих пәни муәллими Музапаров Ерлан Семятович
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Үстірт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қарашбаева Тамара Парахатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×