Білімділер поралы

Қазақстандағы саяси жер аударылғандар

Қазақстандағы саяси жер аударылғандар
Конспект
1825 жылға дейін Қазақ өлкесінде болашақ декабристер қызмет бабымен болған немесе жер аударылған болатын. Жергілікті ресми мекемелерде қызмет істегендер – Г. Батеньков, А. Жемчужников, М. Муравьев, В. Вольховский, А. Янушкевич.
Декабристер көтерілісінің жеңілуі азаттық қозғалыс өкілдерінің шеткі аймақтармен танысуына себеп болды. 1826 - 1828 жылдары П. Коновницин және М. Лаппа Ертіс бекіністерінде айдауда болды. Орынбордағы желтоқсаншылардың жасырын ұйымының мүшесі прапорщик Г. Карелин, Г. Батеньков “Сібір Қазақтарының Жарғысын” дайындауға көмектесті. Жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені С. М. Семенов болды. Айдауда жүріп, Омбы облыстық басқармасы шешімімен Өскеменде қызмет атқарып, кейін дəрігер болды. Ол саяхатшы - ғалымдар Гумбольдт, Эренберг, Розе басқарған саяхатқа қатысып, Қазақ елін аралап, жергілікті халықтың өмірімен танысты. Ал М. И. Муравьев - Апостол Бұқтырма комендантынан жергілікті тұрғындарды емдеуге рұқсат алып, халықты емдеген. Орынбор қаласындағы тұңғыш мұражай тарихы да декабристер есімімен байланысты. Мұражайды экспонаттармен жабдықтауға Жəңгір хан көмектесті. Орал қаласындағы мұражайда Г. С. Карелин есімімен байланысты көрмеліктер бар. Г. С. Карелин Каспий теңізінің солтүстік - шығыс жағалауын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. В. Вольхосвкий 1825 жылы Бұхарға ұйымдастырылған экспедицияға қатысып, “Кіші жүз руларының картасын” жасады. 1867 жылы Мəскеуде жарық көрген И. Завалишиннің “Батыс Сібірді сипаттау” еңбегінің бір бөлімі қазақтардың өміріне арналған. А. Д. Коровковтың “Іле бекінісіне бару” очеркі қазақ жері мен шексіз даласы туралы жазылған.
1849 жылы М. В. Петрашевский ісі бойынша тұтқындалған жазушы Ф. М. Достоевский “Белинскийдің идеясын” таратқаны үшін Сібірге жер аударылды. Семейде археологиялық ескерткіштер жинаумен айналысып, жергілікті өлке тарихын зерттеуге көңіл бөлді. Семейде Ш. Уəлихановпен кездесіп, Омбыда басталған таныстық жалғасты.
А. Макшеев Арал экспедициясында өлкенің тарихи - географиялық бейнесін сипаттаған. Cонымен бірге Райым бекінісінен Қосарал аралына дейінгі саяхатты сипаттап, қазақтардың ауыр жағдайын суреттеді. Петрашевшіл ақындар А. П. Баласогло, Д. Д. Ахшарумов Қазақ өлкесі тақырыбымен шұғылданды. Петрашевшілдер қазақ халқының озық ойлы ұлдарының орыс демократиялық қозғалысы идеяларын түсінуіне септігін тигізді.
Конспект сұрақтар
1. Райым бекінісінен Қосаралға дейінгі саяхатты сипаттап жазған кім?
2. Ф. М. Достоевский өлке тарихын зерттеуде айналысты:
3. Г. С. Карелин қатысқан экспедиция қай жерді зерттеді?
4. 1831 жылы Орынборда ашылған мұражайды жабдықтауға кім көмектесті?
5. Қазақ елін аралап, халықтың өмірімен танысқан декабрист:
6. 1826 - 1828 жылдары П. Коновницин және М. Лаппа айдауда болған жер:
7. Бұқтырма комендантынан жергілікті тұрғындарды емдеуге рұқсат алған декабрист:
8. «Кіші жүз руларының картасын» жасаған кім:
9. Ф. Достаевский не үшін жер аударылды:
10. И. Завалишиннің «Батыс Сібірді сипаттау» еңбегі қашан жарыққа шықты:
11. Қазақстанда болып қазақ халқының әдет - ғұрпы, билер соты жөнінде құнды мәліметтер жинаған поляк азаттық қозғалысының өкілін көрсетіңіз:
Тақырыптың тесті
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 24
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 24
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика