Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


19 ғасырдың I жартысындағы Қазақстанның Қытаймен сауда - экономикалық байланыстары

15 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
19 ғасырдың I жартысындағы Қазақстанның Қытаймен сауда - экономикалық байланыстары
Конспект
19 ғасырдың басында Пекин сарайының басқа елдерден өзін оқшау ұстау саясатын өзгертпеуі, ресейлік көпестердің қытайлықтармен сауда айналымын кеңейтуге кедергі жасады. Ресей үкіметі экономикалық байланыстарды Қазақ шекарасы арқылы дамытуға ұмтылды. 19 ғасырдың басында Бұқтырма, Кереку, Өскемен бекіністері Шыңжаң мен Қазақстанда сауда айналымдарын дамытуда ерекше рөл атқарған. 1809 жылы көпес Нерпин Тара қаласынан 5000 сомға тауар жеткізіп, Бұқтырманы басып өтіп, Қытайдың Шəуешек қаласында тауарын сатып, Бұқтырмаға қайтып оралды. 1812 жылы Ташкент көпестері Ниязов пен Аширов керуені құны 1 млн. сомға жуық тауарды Құлжа базарында сатты.
Шығыспен экономикалық байланыстың орталықтары Семей, Петропавл қалалары болды. Петропавл – Орта Азиямен саудада ең маңызды елді мекен. Ал Семей – Қазақстан мен Қытай арасындағы ірі сауда орталығы. Ресейлік сатылатын тауарлар – өнеркəсіптік дайын бұйымдар, маталар. Қазақтар негізінен мал жəне мал өнімдерін айырбастады.
Грузин көпесі Семен Мадатов ресейлік бұйымдарын Ақсу, Құлжа, Қашғар, Қытайлық Жаркент қалаларында сатып, “Үлкен Тибетке” дейін жетті. Ол Кашмирде болып, тұңғыш рет 250 кашмирлік шəліні Қазақ еліне жеткізді. Кабулдық ауған көпесі Мехти Рафаилов Семейден Қашғарға тікелей апаратын жаңа жолды ұсынды. 1824 жылы Ташкент көпесі Муминов Қазақстан арқылы Цин империясымен сауда жүргізудің пайдалылығына жергілікті басқарушылардың көзін жеткізуге тырысты. 19 ғасырдың 30 жылдарынан шекаралық бекіністер арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейді. Салықты төлеуден қашқан көпестердің бұйымдары ресейлік заңдар негізінде тəркіленді. Ресей мен Қытай арасында шекаралық сауданы реттейтін мемлекетаралық келісімнің жоқтығы сауда қатынастарына кедергі болды. Шекаралық өңірде арнайы жəрмеңкелердің болмауы да қазақтар тарапынан сауданың айырбас сауда шеңберінде қалуына себеп болды. Орыс - қазақ сауда қатынастарының кеңеюі, Ресейдің Қазақстанмен және Орта Азия халықтарымен байланыста болуы бүкіл Орталық Азиядағы халықаралық жағдайға әсер етті.
Конспект сұрақтар
1. Шекаралық бекіністерде баж салығы қашан көбейтілді?
2. Ауған көпесі Мехти Рафаилов ұсынған жол:
3. “Үлкен Тибетке” дейін жеткен грузин көпесі:
4. Сұлтан Құдаймендінің баласы Ғабдолланы Петербургке жібергендегі мақсаты:
5. Шығыспен экономикалық байланыстың орталықтары:
6. Тара қаласынан 5000 сомға тауар жеткізген көпес:
7. Шыңжаң мен Қазақстанда сауда байланысын дамытуда ерекше рөл атқарған бекініс:
8. 1812 жылы керуені 1 миллион сом құрайтын тауарын Құлжа базарында сатқан Ташкенттік көпестер:
9. 1805 - 1806 жылдары Патша үкіметі Қытаймен арадағы қарым - қатынасты реттеу үшін Пекинге жіберген елшілікті кім басқарды:
10. Қай жылы Бағдат көпестері Стамбулдан қымбат тауарлармен шығып, Иранды, Ауғанстанды, Үндістанды аралап, Семейге келді:
Тақырыптың тесті
5 882
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары (конспект) Ресей мен Цинь империясы арасындағы сауда - экономикалық байланыстар 1851 жылға дейін Кяхта қаласы арқылы жүргізілді. Шығыс Қазақстан және Шыңжанмен сауда айналымы жүйелі жолға
19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы Конспект 19 ғасырдың I жартысында жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасты. Ертіс, Жайық,
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Конспект Орыс мемлекеті ортаазиялық хандықтармен сауда - экономикалық, дипломатиялық қатынастарын
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы Конспект Жібек жолы Хуанхэ өзені аймағынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батысынан өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетті. Жол осы арада оңтүстік және солтүстік бағыттарға тармақталды.
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері Конспект Орта ғасырдың басында қалалық өмір қалыптаса бастаған. Қалалар мен жартылай көшпелілердің арасында мәдени және экономикалық байланыстар дамыған. 6 - 9 ғасырларда Қазақстанның
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы
Мақсаты: Оқушыларды географиялық жағдайларға баға бере білуіне үйрету. Экономикалық географиялық жағдаймен шаруашылықтың байланысын түсіндіре білу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×