Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

23 маусым 2018, Сенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сақ тайпаларының ел қорғаудағы ерліктері туралы толық түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауына, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт - бағдар беру.
Тәрбиелік: Жерін, елін қорғаған ержүрек сақ тайпаларының ерлігіне оқушылардың көңілін аудара отырып, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, ұлтжандылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Білім - білік дағдыларын қалыптастыратын аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, кубизм, жұптық жұмыс, «Бес жолды өлең», «Мұғалім - оқушы» ойыны, тест сұрақтары, рөлдік көрініс
Көрнекілігі: Кубик, слайд, бейнефильм, тапсырмалар жазылған парақтар, проектор

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.
Сынып оқушылары үш жұпқа бөлінеді.. Кубизм әдісі пайдаланылады. Кубиктің алты қыры бар. Кубизм тақырыпты жан - жақты қамтуға мүмкіндік беретін оқыту стратегиясы. Оқушылар кубикті лақтырып өз жұптарын анықтайды ( кубиктің 6 қабырғасы 3 түске боялған. Қызыл, сары, жасыл)
1 - жұп: «Парадарайа»
2 - жұп: «Тиграхауда»
3 - жұп: «Хаомаварга» Әр жұп сақ топтарының атауына анықтама береді
Кубизм. Кубик лақтырып әр қабырғасының тапсырмасын орындайды.
1 - қабырғасы. Тарихтың атасы кім?(Геродот)
2 - қабырғасы. Сақтардың өмірінде қай түлік маңызды орын алды?(қой, жылқы)
3 - қабырғасы. Сақтар қандай баспаналарда тұрған?(киіз үй, қыста ағаш үй)
4 - қабырғасы. Сақтардың қазандары мен құрбандық табақтары қай өңірлерден табылды? (Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Іле аңғары, Ыстықкөл маңы)
5 - қабырғасы. Суару каналдарының іздері табылған қоныс? Қоныс тұрғындары немен айналысқан? (Шірік – Рабат қонысы. Егіншілікпен айналысып қарабидай, арпа, тары өсірген. Қосымша кәсіп ретінде балық аулаған)
6 - қабырғасы. Сақтардың діни нанымдары мен ғұрыптарының негізгі бағыты?(ата - баба аруағына сиыну)

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Енді өз ойларыңды қорытындылап, дәптерге 5 жолды өлең жазыңдар.
1. зат есім. 1 сөз. Тақырыптың атауы.
2. сын есім 2сөз. тақырыптың сипаты.
3. етістік. тақырып туралы қимылды білдіретін 3 сөз
4. тақырыпқа қатысты 4 сөзден тұратын сөз орамы.
5. 1 сөз тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.

1. Сақ
2. шебер, еңбекқор
3. айналысты, дамыды, табынды
4. Сақтар жылқы, қой өсірді.
5. Тайпа
ІV. Жаңа сабақ.
1 - жұп. Кир әскерінің басып кіруі. 2 - жұп. Шырақтың ерлігі. 3 - жұп. Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.(ой қозғау – бейнефильм көрсету)
Шабуылдар: 1. Б. з. б. 530 ж. Кир
2. Б. з. б. 519 ж. І Дарий
3. Б. з. б. ІVғ. 30 ж. А. Македонский

Б. з. б VІІІ - VІІ ғасырларда сақ тайпалары Ассириямен, Мидиямен қарым - қатынас жасады. Көрші парсы мемлекетімен соғыс одағын құрды. Парсы патшасы Кир бұл одақты місе тұтпай, сақтарды жаулап алуға бірнеше рет жорық жасады. Бірақ, нәтижесінде парсы әскерлері жеңіліп, Кир патша соғыста қаза табады.
Кирдің жеңілісінен кейін 11 жылдан соң І Дарий қалың қолды бастап, сақтарға аттанады. Грек тарихшысы Полиэннің суреттеп жазуы бойынша сақ жылқышысы Шырақ парсыларды алдап, сусыз шөлге апарады. Парсы әскерлері шөлден қырылады. Шырақ парсылардан осылай кек алады.
Алайда, ұзақ жылғы соғыстан кейін сақтар парсыларға тәуелді болып, оларға алым - салық төлеп тұрады.
Б. з. б ІV ғ сақ жеріне тағы бір қауіп төнеді. А. Македонский Орта Азияға басып кіріп, Самарқанды жаулап алады. Македонскийдің бұл соғысы сәтсіз аяқталады. сақ тайпалары сырттан келген жауларына күш біріктіре отырып, қарсы күресіп, өз жерлерін, тәуелсіздігін қорғап қалды.
А) «Мұғалім - оқушы» ойыны
Шарты:
1. 3 жұптан әрбір оқушы тапсырма алады. Тақырыбы бойынша материалды пысықтап шағын әңгіме жазады. Дайындауға10 минут
1 442
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақ тайпаларының ел қорғаудағы ерліктері туралы толық түсінік беру. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс жасауына ықпал жасау, бағыт - бағдар беру.
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін жүргізген күресі туралы баяндау, оқушылардың ойлау, сөйлеу, іскерлік дағдысын дамыту, отансүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Сақ патшалығы. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақ патшалығы. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Н. А. Жумагалиева
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сералина Жұлдыз Ерболатқызы
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Қызылорда облысы, №187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ақтоты Өтешова
Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектептің тарих пәні мұғалімі Жәнділов Жасұлан Темірбекұлы Сабақ презентация түрінде
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×