Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көшпелілер өркениеті. Көшпелілікті зерттеу тарихы

26 қыркүйек 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Көшпелілер өркениеті
Көшпелілікті зерттеу тарихы
Жоспар:
1. Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері
2. Көшпеліліктің шығу тегі
3. Көшпеліліктің эволюциясы


Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік - экономикалық даму жүйесі, шаруашылық - мәдени типі.

Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б. з. д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық - сұмдықтан, отырықшы - қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді.

Көшпелілер туралы әр түрлі түсініктер
Көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте заманда - ақ қалыптасты. Көне Қытайда "көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы" деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды "тағы - жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы" деп есептеді.
Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер қоғамын "әділетті, теңдікті қоғам" десе,

Фергюсон, Адам Смит: "Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды", — деген. Ал философ Кант: "Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы - егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды" деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегель: "Көшпелілерде әлеуметтік қарама - қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ", — деп есептеген.

ХХ ғасырдағы Еуропа ғалымдарының көшпелілікке көзқарасы әр түрлі болғанымен, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына ғана назар аудару басым болды. Мысалы, Рацель, Гумплювич, Торнвальд, Тойнби деген ғалымдар: "Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді" деген тұжырымдар айтты

Олардың және бұл ғалымдардың жолын қуушы қазіргі заманғы зерттеушілердің пікірінше: "Көшпелі қоғам — бұл бір орнында тоқырап, өз бетінше дами алмайтын қоғам, отырықшы мәдениеттің әсерінсіз өркениет жасай алмайтын қоғам, болашағы жоқ қоғам".

Көшпелілік кеңес ғылымында ХХ ғасырдың 20 — 40 - жылдарынан бастап зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының еңбектерінде де маркстік - лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер, негізінен алғанда, көшпелілердің қоғамдық құрылысына ғана мән берді. Мысалы, А. П. Чулюіиников деген зерттеуші: "Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ, тек рулық қауым болды", — десе

П. Кушнер: "Көшпелілерде "рулық мемлекет", феодализмнің бастапқы нышандары ғана пайда болды", — дейді.

С. П. Толстовтың пікірі бойынша: "Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты алдымен құлиеленушілік, содан соң феодалдық қоғамды басынан өткізді. Бірақ көшпелілердің құлиеленушілік қоғамы әскери құлиеленушілік демократия немесе патриархаттық монархия түрінде құрылды". "Көшпелілердегі меншіктің негізі жер ме, мал ма?" деген мәселенің төңірегінде пікірталас жүрді. Бір топ ғалымдар: "Көшпелілерде рулық қоғам қалдықтарымен араласқан феодалдық қоғам болды және феодалдық меншіктің жерге қатысты негізін жерге жеке меншік құрады", — дегенді айтты.

Екінші бір топ зерттеушілер: "Еуразия көшпелілері патриархалдық - феодалдық қоғамда өмір сүрді, осы таптық қоғамдағы меншіктің негізгі түрі малға қатысты жеке меншік болды, ал жер рулық қауымның ортақ иелігінде болды", — деген пікірді ұстанды.

Археолог К. Ақышевтың пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б. з. д. ІХ — VIII ғасырларға жатады. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан.
Көшпелілер өркениеті. Көшпелілікті зерттеу тарихы. жүктеу
43 402
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Көшпелілікті зерттеу тарихы
Көшпелілікті зерттеу тарихы
көшпеліліктің қалыптасу туралы оқыта отырып, оқушылардың танымдық қабілетін, ой - өрісін, білімділігін дамытып, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденуге дағдыландыру;
Көшпелілер туралы түсінік
Көшпелілер туралы түсінік
Тақырыпқа қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы ежелгі көшпелілер туралы түсінік алады
Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі
Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі
Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі Конспект Көшпелілер жазда – жайлауға, күзде – күзеуге, қыста – қыстауға, көктемде – көктеуге көшіп жүрген. Күзеу – қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын жайылым. Халық жиналысы өткізіліп, ру
Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті (қысқа мерзімді жоспарлар)
Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті (қысқа мерзімді жоспарлар)
Сабақ тақырыптары: 1. Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті 2. Көшпелілердің материалдық мəдениеті 3. Сəулет жəне өнер (VI – IX ғғ.) 4. Халық ауыз əдебиеті, жазу жəне дін 5. VІ – ІХ ғасырлардағы Қазақстан халықтарының отырықшы және көшпелі мәдениеті
Көшпелі бақташылық - шаруашылықтың негізгі түрі
Көшпелі бақташылық - шаруашылықтың негізгі түрі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Толегенова Мончак
Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс
Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс
а) Білімділік: «Көшпелі өркениет» ұғымын, сонымен қатар алғашқы көшпелілерден бастап, орта ғасырда жалғасып, одан әрі дамып отырған көшпелілер мен отырықшылардың арасындағы өзара байланысын, ықпалын, әсерін ашып көрсету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×