Білімділер поралы

1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық

Қазақстан тарихы
9 сынып
Сабақтың тақырыбы: 1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
Сабақтың мақсаты: Ашаршылықтың себептері мен зардаптарына тоқталу, қазақ еліне ашарлықтың қалай келгенін анықтау. Ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Топтық жұмыс, СТО элементтері, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, постер қорғау.
Күтілетін нәтиже: Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың барысы
Мағынаны тану: ассосация
Ой - қозғау:
«Ашаршылық» сөзінің мәнін ашу.
- 1930 - 1932 жылдарындағы жазалау шаралары мен аштық салдары Қазақстандағы демографиялық жағдайға қалай әсер етті?
1932 — 1933 жылдардағы ашаршылық Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық - түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық - зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал - мүлкінен, құрал - саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті. Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40, 5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болғаны 4, 5 млн бас еді. 1931 — 1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6, 2 млн республика халқының 2, 1 млн - ы қырылды. Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет - қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысов пен Кахианидің, Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай қойғанда, олардың даладағы атқұлақ пен сарышұнақты түгін қалдырмай жеп койғанын жазды. Осындай қайғылы жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды.
Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О. Жандосов мынадай мәлімет берді:
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық жүктеу
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық слайдты жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 76
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 76
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика