Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақтар туралы тарихи мәліметтер

06 ақпан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Сақтар туралы тарихи мәліметтер
Зерттеу сұрағы: Қандай дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді?
Мұғалімнің аты - жөні: Алькенова Г. Б

СЫНЫП: 5«А»
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 3. 1. 1 – картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;

Сабақ нәтижесі:
Барлық оқушылар: Сақтардың орналасқан жерлерін біледі. Сақтар туралы жазған тарихшыларды біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Сақтардың атауларын ажыратады, дереккөздерге сүйеніп дәлелдейді.
Кейбір оқушылар: Сақтардың орналасқан жерлерін кесін картаға түсіреді, оларды сипаттайды, дереккөздерге сүйеніп, сақтардың айырмашылықтарын ажыратады
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, топтық тапсырмалар, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс География, Дүниежүзі тарихы
Алдыңғы оқу Сақ тайпалары туралы мәліметтер, картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету.
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт «Жүректен – жүрекке» әдісі психологиялық тренинг
Оқушылар шеңбер болып тұрып, қасындағы оқушысына тілек айту.
Бағалау түрлері
Басталуы
5 минут Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Топ атауларына тұлғалар есімі беріледі, топқа оқушылар қаламдары арқылы бөлінеді.
«Миға шабуыл» әдісі.
1. Геродот, Страбон, Арриан кімдер?
2. Деректер дегенді қалай түсінесіңдер? т. б сұрақтар
Сабақ мақсаты мен критерийлер түсіндіріледі.
1 - топ: Геродот
2 - топ: Страбон
3 - топ: Арриан Зерттеу сұрағы
Қандай деректерлер сақтар туралы мәлімет береді?
Оқушылар «Сақтар туралы мәліметтер» тақырыбындағы бейне материалды тамашалайды.
«Ойлан, бөліс» әдісі
•Бейнематериалдан не тамашаладыңыздар?
•Онда кімдер туралы айтылды?
Үй тапсырмасы
1 - тапсырма
Топқа ашық сұрақтар беріледі.

«Көпір» тапсырмасы
1. Сақтар қай жерлерді мекендеген? (б. зб. І мыңжылдықта Жетісу мен Түркістаннан Қара теңіз бойына, Алтай тауынан Хорезімге дейінгі жерлерді мекендеген)
2. Сақ тайпаларының ішінде қанша билеуші әулет болды? (3)
3. Жоғары билікке ие болған, тұңғыш патша әулеті? (Колаксай)
4. Сақтардың қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарды? ( халық жиналысы)
5. Геродот сақтарды қалай атаған? (скифтер)
6. Тарихи әдебиеттерде бұл дәуір қалай аталған? («ерте темір ғасыры», «ерте көшпелілер кезеңі», «сақ дәуірі»)
7. Сақтар қандай шаруашылық түрімен айналысты? (мал шаруашылығының көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы түрлері )
8. Сақтар қолға қандай жан - жануарларды үйретті? (жылқы, қой, ірі қара, түйе)
9. Сақтардың негізгі баспанасы? (Киіз үй)
10. Сақ қоғамы неге табынды? (аруақтарға, отқа, күнге, жылқыға)
Слайд арқылы бейнематериал көрсету.
10 минут
Топпен жұмыс.
2 - тапсырма. Ой шақыру стратегиясы:
1 - топ. Оқушылар сақтар туралы өз ойларын тездетіп айтып шығады. Деректерді рет - ретімен қою:
Оқушылар деректерді атап орын - орнына қояды.
Иран жазбаларында «жүйрік атты турлар» дейді
Ежелгі грек деректерінде «азиялық скифтер» деп аталды
Парсы деректерінде «құдіретті еркектер»

2 - топ. Оқушылар сақтарды басқаша қалай атағанын және қай жерде мекендегенін айтып береді.
Шошақ бөрік киіп жүретін сақтар (тиграхауда) ---------- Сырдарияның орта ағысы, Тянь - Шань, Жетісу.
Теңіздің арғы жағындағы сақтар (Парадарайа) ------------ Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңы, Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы.
Хаома сусынын дайындайтын сақтар (Хаумаварга)------------ Мургаб аңғары.

3 - топ. Карта мен жұмыс: Сақтардың мекендеген жерлерін көрсету
Сақ тайпаларының қоныстануы
Шошақ бөрікті сақтар (тиграхауда)
- Жетісуда, Тянь – Шань тауларында, Сырдария өзенінің орта ағысында тұрды.
- Тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкент қаласы аумағында, Солтүстік Қырғызстан Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген.
Сақ - парадарайа тайпалары
- Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен (теңіздің арғы жағындағы сақтар деген)
Сақ – хаумаварга
- Мұндай атау оларға хаома сусынына байланысты берілген.
- Мұрғаб аңғарында өмір сүрді (Түркіменстан)
Білу
3 - тапсырма « Мұражайға саяхат» әдісі
1. « Мұражайға саяхат» (Сақтарға қатысты бірнеше суреттер беріледі ішінен әр топ өзіне ұнаған суретті алып, ол бойынша мәліметтер береді және суреттерді мұражайға орналастырады.)
Томирис, Алтын киімді адам, сақ сарбаздары т. б суреттер.

4 - тапсырма. Постер қорғау
1 - топ: Сақтардың шаруашылығы
2 - топ: Сақтардың мәдениеті
3 - топ: Сақтардың діні мен тілі
Оқулық,
мәтіндер.
Кері байланыс. «Қол шапалақтау» әдісі арқылы өзара топтық бағалау.
Қолдану 5 - тапсырма
Кімнің сөзі ( кеспе қағазы)
1 - топ. 1. Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді деп жазған тарихшы кім? (Геродот)
2 - топ. 2. «Жазық жерде тұрғанмен, олар егіншілікпен айналыспайды, көшпелілер. Скифтер сияқты малшылықпен және балық аулаумен күн көреді» кімнің сөзі. (Страбон)
3 - топ. 3. «Спитеменнің атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды» деп жазған кім. ( грек тарихшысы Арриан)
Аяқталуы
Сабақты бекіту
3 минут Кері байланыс
3 мин
«Білім сандығы» сабақтан түйген ойларын жазып салады.
Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.
Үйге тапсырма
«Алтын адам» археологиялық олжасы
Зерттеу сұрағы: Есік обасынан табылған «Алтын адам» кім болды?
(«Туған ел» бағдарламасы: «Біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер» эссе жазу.
Бағалау
2 минут
Ұпайларын санап, жеңімпаз топты анықтау. Топ ішінен оқушыларды жеке бағалау.
Қорытынды. Сақтардың көшпелі салты, жауынгерлік дәстүрлері өзге халықтардан үстем болды. Бұл дәстүрлер әлі де өз мәнін жоғалтқан жоқ. Қазақтардың арғы ата - бабалары да Отан үшін қасық қаны қалғанша күресіп, ерлігімен даңққа бөленген. Бұл ерлік дәстүр атадан балаға мұра ретінде қалып келеді.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеп алу
1 291
0
  • 60
2 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Біз өсіп жатқан өлке
Біз өсіп жатқан өлке
Алған білім дағдыларын, өмірде қажетінше қолданады.
Сөйлеу мәдениеті
Сөйлеу мәдениеті
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату
Сақ қорғандары
Сақ қорғандары
Адамдардың қоғамдық қатынастардың өзгеруіне, бұл кезеңнің зерттеген мәдени ескерткіштеріне тоқталу;
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Жолбарыс пен түлкі
Жолбарыс пен түлкі
Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау Мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу
Есептер шығару
Есептер шығару
Санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000 - ға дейін жүздіктермен санау, жазу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.