Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.

04 сәуір 2019, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы.
Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ноғай Ордасының құрылуы, жер аумағы, саяси тарихы жайлы түсінік қалыптастыру. Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірдегі түрік тайпалары. Ноғай Ордасы мен Батыс Сібір аймағының этникалық құрамы жайлы баяндау.
Дамытушылық: Қазақстан жеріндегі түрік хандықтарының даму тарихын салыстыра отырып, қорытынды жасауға дағдыландыру
Тәрбиелік: Өз елінің тарихын біліп, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасы картасы,
Ш. Уәлиханов суреті
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Өткен материалды қорытындылау
4. Жаңа материалды түсіндіру
5. Жаңа сабақты бекіту
6. Оқушыларды бағалау
7. Үйге тапсырма беру

Үй тапсырмасын сұрау
Жоспар
1. Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорығы
2. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары
3. Әмір Темір жорықтарының зардаптары

Әмір Темір жорықтарының зардаптары
Халық қырғынға ұшырады, шаруашылық күйреді.
Елдер арасындағы байланыс үзілді, қалалар қирады.
Ауа көшу, қоныс аудару күшейді, халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды.
Мәдениеттің дамуына зардабын тигізді.

Өткен материалды бекіту:
1. Әмір Темір деген кім? Темірдің мемлекеті қай жерде құрылды?
2. Әмір Темір Алтын Ордаға шабуыл жасау үшін кімді пайдаланды?
3. Тоқтамыс хан мен Әмір Темір арасындағы қайшылық неден туды?
4. Әмір Темірдің Тоқтамысты жазалау үшін жүргізген жорықтары?
5. Темірдің Моғолстанға қарсы шапқыншылық жорықтары?
6. Әмір Темірге қарсы бүлік шығарушылар кімдермен одақ құрды?
7. Жорықтардың қандай зардаптары болды?

Жылдар сөйлейді
1336 - 1405 жылдары -
1370 жыл -
1374 - 1375 жылдары -
1375 жыл -
1376 жыл -
1377 жыл -
1371 - 1390 жылдары -
1376 жыл, көктем -
1390 жыл -

Сабақ жоспары:
1. Ноғай Ордасының құрылуы, жер аумағы.
2. Қоғамдық құрылысы.
3. Ноғай Ордасының саяси тарихы.
4. Ноғай Ордасының ыдырауы.
5. XIII - XV ғасырлардағы Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
6. Ноғай Ордасы және Батыс Сібір аймағының этникалық құрамы.

Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның солтүстік - батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Орданың алғашқы алып жатқан жері Еділ мен Жайық өзендерінің жазық алқабы болды. Ноғайлар солтүстік - шығысында Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік - батысында Қазан қаласына, ал оңтүстік - батысында Арал мен Каспий теңізіне дейін көшіп - қонып жүрген.
Сарайшық қаласы: Орданың орталығы Жайық бойындағы Сарайшық қаласы болған. Қаланың іргесі X ғасырда қаланған. Қаланың гүлденген дәуірі XIII – XIV ғасырлар аралығы. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының біраз жылдар астанасы болды. 1580 жылы Дон, Еділ казактарының Жайық бойына шапқыншылық жасау салдарынан Сарайшық қаласы біржолата қирады.

Ноғай Ордасының аты Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімімен аталған. Ноғай жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың 5 ханының тұсында қолбасшы болған. Ноғай хан болмаса да Алтын Ордаға өз ықпалын жүргізген. Осы Ноғайға (1260 - 1306) қараған рулар ноғайлы немесе ноғай елі атанып кеткен. Ноғай әскерлерінің басым көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан «маңғыт елі» деп те аталған. Ал Орданың іргесін қалаған – Ноғайдан кейін Едіге. Орда Едігенің кезінде Алтын Ордадан оқшаулана бастайды. Едігенің баласы Нұрад - диннің кезінде (1426 - 1440 жылдары) өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шығады.

Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, найман, арғын, үйсін, қарлұқ, алшын, тама тайпалары. Ноғай Ордасы этно саяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар XV ғасырдың аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады. Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық өмір Еділ ұрпағы маңғыт әмірлерінің қолында болды. Билік рудағы жасы үлкендігіне қарай мұраға қалдырылды
Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі: Орда билеушісі – хан. Ұлыс билеушісі – мырза. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік княздің қолында болды
XVI ғасырдың екінші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге бөлінді:
Үлкен Ноғайлы – Еділдің шығысы;
Кіші Ноғайлы – Еділдің батысы;

Ш. Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды “екі туысқан орда“- деп атаған.

Өткізген: №12 орта мектеп тарих
пәні мұғалімі Ирғалиева Г. А.
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір. жүктеу
4 581
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы Конспект Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының әлеуметтік құрылымы феодалдық қатынастарға негізделген. Хандық биліктің ең жоғарғы өкілдері –
13 - 15 ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
13 - 15 ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
13 - 15 ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір Конспект 13 ғасырда Қазақстанның солтүстік - батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы.
Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуын баяндау, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
Ноғай хандығы
Ноғай хандығы
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Ноғай Ордасы
Ноғай Ордасы
Тарих пәні мұғалімі: Аманшаева Жұлдыз
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×