Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алаштың ұлы тарланы

16 маусым 2020, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерді алаш арысы, аудармашы, ғалым, публицист Әлихан Бөкейхановтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру; Тәрбиелік: Студенттердің еліне қорған, халқына қалқан болған тарих тұлғаларынан үлгі - өнеге алуға және елін, отанын сүюге баулу;
Дамытушылық: Студенттерге Әлихан Бөкейхановтың шығармашылықтарына жан - жақты шолу жасату, өткен тарихты ұмытпауға және бағалай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Сабақтан тыс
Сабақтың әдісі: қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой - толғаныс
стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, бейне жазба, слайдтар, смайликтер, планшет, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру (5 мин)
Студенттерді 3 топқа бөлу. Топқа бөлудің әдісі: суреттерді құрастыру арқылы «Темірқазық», «Үркер», «Алаш» атты топтың аттарын шығару (Ә. Бөкейхановтың бейнесін құрастырудан «Темірқазық», 150 санын құрастырудан «Үркер», Шаңырақ суретін құрастыру арқылы «Алаш») Оқытушы сөзі: (3 мин)
Алаш қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері, көсемсөзші Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланатын болды. Бұл туралы ЮНЕСКО - ның 18 қарашада Парижде аяқталған Бас конференциясының 38 - ші сессиясында жария етілді. Бұл күллі қазақ халқы үшін үлкен абырой. Кешегі алаш зиялыларын әлем мойындағанының дәлелі. Ендеше біз Әлихан Бөкейхановтың мерейтойына орай, сан түрлі өнерді бойына жыйған дарын иесінің бірер қырына арнайы тоқталып, ел есіне сала кеткенді жөн санап отырмыз.
Сонымен, «Алаштың ұлы тарланы» атты сыныптан тыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бейне жазба көрсету. Ә. Бөкейхановтың өмірбаянына шолу жасау. (4 мин)
Ой қозғау. Ә. Бөкейхановқа жан – жақты топтық талдау жасалынады. (7 мин)
Кім жылдам? (21 мин) Топ мүшелері Ә. Бөкейхановтың жан – жақты қырына берілген тұлғалық қасиеттеріне постер жасап, өздерінің білімділіктерімен қорғайды.
Шығармашылық жұмыс. Әртопқа түстеріне сәйкес тақырыптар беріледі. Сол тақырыпқа постер жасап, топ мүшелері қорғау керек.
Қызыл түске – Ұлтын сүйген ұлы тұлға
Жасыл түске – Экономист
Сары түске – Алаш қайраткері
Қорытындылау. Белсене қатысқан топтарды және топтың мүшелерін ерекше атап, смайлик беру. (5 мин)
Білім ағашына студенттер бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып жапсырады (Ұнаса – ағаштың жоғары бөлігіне, Орташа әсер алса – ортаңғы бөлігіне, ұнамаса – ағаштың дініне)
295
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы
Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы
Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт - дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып,
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Ақиқатқа айналған ата - баба арманы
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Ақиқатқа айналған ата - баба арманы
31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған тәрбиелік шара Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақиқатқа айналған ата - баба арманы» атты тарихи
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Қазақ халқының өз мемлекеттігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интелегенция басқарды. Ол топтың басында ұлт зиялысы, публицист әрі саясаткер, патшалық Ресей Мемлекеттік Думасының мүшесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов тұрған еді. Әлихан
ХХ ғасырдың ұлы жаршысы Әлихан Бөкейхан
ХХ ғасырдың ұлы жаршысы Әлихан Бөкейхан
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05. 03. 1866 жыл, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27. 09. 1937 жыл, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға.
Алаш қозғалысы
Алаш қозғалысы
Сабақтың мақсаты: • Білімділік: Алаш қозғалысы мен Алаш партиясы туралы оқушыларға жалпы мәлімет бере отырып, осы саяси ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру.
Алаштың тағдырлы тұлғасы – Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев
Алаштың тағдырлы тұлғасы – Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев
Атырау қалалық Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектептің 9 сынып оқушысы Сапарова Әзиза Мұратқызы «Алаштың тағдырлы тұлғасы – Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев» Жетекші: Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектебінің жоғары санатты, тарих пәні мұғалімі Қуатова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.