Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жетісу тарихынан 100 сұрақ

03 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: «Жетісу тарихынан» 100 сұрақ.
1. Қапал бекінісі мен Сергиополь станицасы салынған жыл: 1847жыл.
2. Іле мен Қаратал аралығын, Балқаш көлінің жағалауын қоныстанған Ұлы жүз рулары Ресейдің қол астына өткен жылы, қанша адам өтті? Жауабы: 1849ж., 59мың адам.
3. 1848ж. 10қаңтарда Жетісу өлкесінде Ресейдің құрған отаршылдық - әкімшілік құрылымы.
Жауабы:Ұлы жүзді басқару приставтығы.
4. 1859ж. Үлкен Орда приставтығы қалай аталды?
Жауабы: «Алатау округі»
5. Жетісу обылысы Дала генерал - губернаторлығына қараған жылы: 1882 - 1897жж.
6. 1897ж. Жетісу облысы қайтадан қараған генерал - губернаторлық: Түркістан.
7. 1850ж. салынған сауықтыру үйі: «Қапал - Арасан»
8. 1211ж. Жетісуға билік еткен найман билеушісі: Күшілік хан
9. 1853ж. «Қапал - Арасанға» қанша гектар жерге бақ отырғызылды?
Жауабы: 53га. жерге.
10. Талғарда 1866ж. салынған зауат: спирт зауаты.
11. Жетісу жеріне 1881 - 94ж. Қытайдан көшіп келген ұйғырлар шаңырағы: 9752 отбасы.
12. «Семиреченские областные ведомости»газеті шыққан жыл: 1884ж.
13. 1895ж. Қапал - Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының баурайында, Тоғызқұмалақ мекенінде өткен айтыс: «Біржан сал мен Сара»
14. Маман баласы Тұрысбек салдырған 3 - кластық мектеп, кейін қалай аталды?
Жауабы: «Мамания медресесі»
15. Верныйда 1902ж. ашылған орыс географиялық қоғамының бөлімшесі: Жетісу.
16. Верный қаласында 1904ж. 16 - 22ақпанда Жетісу облысы мал дәрігерлерінің нешінші съезі өтті? Жауабы: I съезі.
17. «Тал қорған» қыстағында 1868ж. салына бастаған село: Гавриловка.
18. М. Тынышбаев Ресей отаршылдарының қазақ даласындағы, жымысқы, озбыр саясаты туралы сөйлеген съезі. Жауабы: Автономшылар одағының I cъезі.
19. Жетісуда өлкелік мұражай құрылған жыл : 1909ж.
20. Ақсу ауданы «Қарағаш» мекенінде Маман балалары салдырған «Мамания мектебі» ашылған жыл: 1914ж.
21. 1916ж. Жетісу өлкесіндегі ұлт - азаттық жолындағы қозғалыстың ірі ошақтарының бірі: Самсы көтерілісі ( Ботбай көтерілісі)
22. Бұрынғы Талдықорған облыстық газеті «Заря» шыққан уақыт: 1917ж.
23. Жетісу темір жол құрылысы басталды: 1914ж.
24. 1918ж. 21маусымда «Жетісу ісші халық мұқбыры»газеті қазір қалай аталады?
Жауабы: «Жетісу» газеті.
25. Облыс аумағында әкімшілік – аумақтық бөлік ретінде Сарқант, Талғар, Іле аудандары құрылған жыл: 1928ж.
26. 1928ж. 3 - қыркүйекте құрылған округ: Алматы.
27. Мұқан Төлебаев 1946ж. жазған опера: «Біржан - Сара».
28. Текеліде 1950ж. 23 - желтоқсанда іске қосылған комбинат: қорғасын - мырыш.
29. Жетісу археологиялық экспедициясы (А. Б. Бернштам басқарған, 1939ж) зерттеген обалар: Қарғалы обасы, Қаракемір қонысы, Түрген обасы.
30. Талдықорған қаласында 1932ж. ашылған зауат: қант зауаты.
31. Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді: 1931ж. 1 - қаңтары.
32. 1938ж. Қазақ филармониясына аты берілген ақын: Жамбыл.
33. 1954 - 1963жж. қазіргі «Жетісу»газеті қалай аталды? Жауабы: «Коммунизм таңы».
34. Жетісу археологиялық экспедициясы Есік обасынан «алтын адамды» тапқан жыл: 1969 - 1970ж.
35. Іле бойында 1970ж. салынған бөген: Қапшағай.
36. Сарқант мәдениет училищесі ашылған уақыт: 1971ж.
37. 1973ж. Талдықорған педогогикалық институты студенттерінің күшімен құрылған ән - би ансамблі: «Жетісу ән - би ансамбілі»
38. 1991ж. Қазақстан мен Қытай арасында теміржол өткелінің құрылысы қалай аталды?
Жауабы: «Достық - Алашанькоу»
39. Талдықорғанда Қабанбай батырдың 300жылдық мерейтойы өткен жыл: 1992ж. 29қаңтар.
40. 1992ж. 5 - маусымда Қапал ауданының Қарашоқы мекенінде қай ақынға арнап ескерткіш ашылды? Жауабы: Сара Тастанбекқызына.
41. 1996ж. ұйымдастырылған ұлттық - табиғи паркі: «Алтынемел».
42. Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласы болып өзгеру туралы президент жарлығы, жылы. Жауабы: №585 жарлығы, 2001ж. 14 - сәуір.
43. 2000ж. 10 - наурызда Талдықорған ауданы қалай деп өзгертілді? Жауабы: Ескелді ауданы.
44. Ж. Жабаевтың туғанына 150жыл толу құрметіне өткізілген бүкілхалықтық мереке өткен жер: Жамбыл ауданы, Көкбастау жазығы.
45. 1996ж15 - қыркүйекте Нарынқол мен Қарасаз жолайрығына ескерткіш орнатылған батыр: Райымбек батырға.
46. Қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлихановқа мемориалдық кешен ашылған жер: Алтынемел баурайы.
47. Талдықорған қорғасынды аккумулятор зауатында алғашқы аккумулятор шыққан жыл: 1975ж.
48. Облыстық драма театры ұйымдастырылды: 1975ж.
49. 1967ж. іске қосылған бөген: Күрті.
50. Үшарал халық театрын ұйымдастырушы: Д. Рақышев.
51. Талдықорған облыстық «Октябрь Туы» газеті 1968ж. бастап аптасына неше рет шыға бастады? Жауабы: аптасына 5рет.
52. 1960ж. іске қосылған теміржол стансасы: «Достық».
53. 1911ж. Верный қаласында неше балдық жер сілкінісі болды?: Жауабы: 9 балдық.
54. Көне Алматы туралы көргендерін жазып қалдырған Қытай саяхатшысы: Чжан Дэ.
55. Құл ақынның шыққан тегі: Найман руы, Садыр.
56. 1914ж. Жетісу өңірінде неше мектеп болды? Жауабы: 81( 2орта, 1жетіжылдық,
78 бастауыш).
57. Жетісудан шыққан ортағасырлық емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабында өсімдіктің неше түрінен дәрі алынатынын айтқан? Жауабы: 728 түрі.
58. 1879 - 80ж. Жетісу облысында неше дәріхана болды? Жауабы: 9.
59. Түрксібтің түйісуіне арналған митингіде сөз сөйлеген қазақ зиялысы: Т. Рысқұлов.
60. Алғашында «Әбдіре бекеті» аталған ауыл: Ақсу ауылы.
61. Ақсу ауданы құрылған уақыт: 1930ж. 17 - желтоқсан.
62. Ақсу аудандық газеті «Ақсу өңірі» шыққан кез: 1934ж.
63. ХVII - ХVIII ғ. Ақсу топырағында туып - өскен батырлар: Бөрібай, Шоңай батырлар.
64. 1958ж. құрылған Ақсу аудандық жергілікті өнерпаздар ұжымына «Халық театры» атағы берілген жыл: 1959ж.
65. Ақсу қант зауаты салынған жыл: 1967ж.
66. Бұрынғы Қапал ауданындағы Абай ұжымшарындағы ақын Сара ескерткішінің авторы: петербургтік мүсінші М. Ващенко.
67. Жетісудың Балқаштан кейінгі үлкен көлі: Алакөл.
68. Н. Алдабергенов Халық шаруашылық көрмесінің Үлкен Алтын медалімен неше рет марапатталды? Жауабы: 6 рет.
69. Қазақстан Республикасының Президентінің «Қ. Р - ның әкімшілік - территориялық құрылымын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен 1997ж. 22 - сәуірде таратылған облыс: Талдықорған обл.
70. Алматы облысының орталығы Талдықорғанға көшіру туралы Қ. Р. Президентінің жарлығы шыққан уақыт: 2001ж. 14 - сәуір.
71. Ежелгі Жетісу жерінде көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс орныға бастаған уақыт: б. з. б. I мың жылдықтың басы.
72. Жетісу өлкесінің тарихын зерттеуге көп үлес қосқан шығыстанушы ғалым, академик: В. В. Бартольд.
73. Жетісуда Кеңес үкіметін орнату мерзімі: 1917ж. қазан - 1918ж. наурыз.
74. 1975ж. 4 - қарашада құрылған драма театр: Бикен Римова атындағы.
75. Алматы облыстық гербінің авторы: суретші Х. Қиқымов.
76. Алматы облысының гербінде нелер бейнеленген? Жауабы: қанатты барыс, бүркіт басты самұрық құс.
77. Есік обасынан табылған сақ жауынгерінің жасы: 17 - 18жас.
78. Жетісуда 603ж. құрылған қағандық: Батыс Түрік қағандығы.
79. Қарқара - Албан ұлт - азаттық көтеріліс басшыларының бірі: Ұзақ Саурықұлы.
80. Жетісу облысы Дала генерал - губернаторлығынан Түркістан генерал - губернаторлығына енген жыл: 1897ж.
81. 1905ж. 11 - желтоқсанда сайлау заңы бойынша Екінші Мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған: М. Тынышбаев.
82. Есік обасынан табылған күміс тостағанда неше таңба бейнеленген? Жауабы: 26таңба.
83. Жетісу археологиялық экспедициясының мүшесі, «Алтын адамды» табушылардың бірі, археолог: Б. Нұрмұханбетов.
84. «Жетісу» аяқ - киім фабрикасы құрылған жыл:1931ж.
85. Ақ гвардияшылдар солтүстік Жетісуды түгелдей басып алған уақыт: 1918ж. қыркүйек.
86. Жетісу Мемлекеттік Универсиетінің алғаш құрылған кезі: 1972ж. 25қазан.
87. Жетісу Мемлекеттік Универсиетіне 1977ж. 10қазанда берілген есім: І. Жансүгіров.
88. 1897ж. 1 - қаңтарда облыс бойынша статистикалық деректер жинау үшін құрылған ұйым: Жетісу статистика комитеті.
89. Спортшы, дзюдо мен самбо күресінің Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ақсу ауданынан шыққан олимпиаданың күміс жүлдегері: А. Житкеев.
90. «Құдадғу біліг»( «Құтты білік») дастанының авторы: Жүсіп Баласағұн.
91. Қазақ халқының эпостық шығармалары «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» т. б. безендіруге арналған графикалық туындыларымен танымал суретші: И. Исабаев.
92. Алматы облысы бойынша Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар саны: 50 - ден аса.
93. Қаракерей Қабанбайдың шын аты: Ерасыл.
94. Қапал бекінісі салынған уақыт : 1847ж.
95. Жетісу жерінде 766 - 940жж. өмір сүрген мемлекет: Қарлұқ қағандығы.
96. Әбілхан Қастеев кімнен тәлім алған? Жауабы: Н. Г. Хлудов.
97. 1972ж. салынған мұз айдыны: Медеу мұз айдыны.
98. 1986ж. бұрынғы Талдықорған ауданы, Шұбар ауылында Социалистік Еңбек Ері болған кімге ескерткіш ашылды? Жауабы: Н. Алдабергеновқа.
99. 1970ж. Сарқант ауданының қай жерінен көне жазу табылды? Жауабы: Көкқия тауы.
100. Жетісу майданы жойылған жыл: 1920ж. наурыз.
Сұрақтар «Жетісу» энциклопедиясы негізінде құрастырылды.
Бас редакторы Әбдуәли Қайдар мен Ғ. Әнес, Е. Далбағаев, Е. Ерғожин т. б.
Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.
7 232
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары. (Конспект). Патша үкіметі Қоқан хандығын ығыстырып, өзінің жергілікті қазақтар арасындағы саяси билігін нығайту үшін бірқатар шараларды іске асырды.
Верный бекінісі негізінің салынуы
Верный бекінісі негізінің салынуы
Верный бекінісі негізінің салынуы. Конспект. Ұлы жүздің оңтүстік аймақтары Қоқан билігінде болды. Қоқан хандығының басты тірегі Қаскелең өзені сағасында тұрған Таушүбек бекінісі еді. 1851 жылы 7 шілдеде Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілді.
Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Конспект. 18 ғасырдың cоңы мен 19 ғасырдың басында Кіші жəне Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тəуелді болды.
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары (конспект) Ресей мен Цинь империясы арасындағы сауда - экономикалық байланыстар 1851 жылға дейін Кяхта қаласы арқылы жүргізілді. Шығыс Қазақстан және Шыңжанмен сауда айналымы жүйелі жолға
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Көпжан Оразғали Мінәжұлы
1886 - 1897 жылдардағы әкімшілік аумақтық реформалар
1886 - 1897 жылдардағы әкімшілік аумақтық реформалар
Атырау қаласы, Қ. И. Сатпаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жақсымбетова Зарина Бекежанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×