Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Англия

09 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
§ 15. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Англия
Сабақтың мақсаты:
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Англияның әлеуметтік - экономикалық және саяси дамуына сипаттама беріп, өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуының нәтижесінде экономиканың өркендеуін және көппартиялық жүйенің қоғамның саяси дамуындағы рөлін ашып көрсету. Білімділігі: Оқушылардың назарын жұмысшы табының бірінші бас болған чартистік қозғалысқа аударып, кәсіподақ қозғалысы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Ой - өрісін дамыту, өзіндік жұмыс істеуге дағдыландыру
Тәрбиелігі: Адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, өздік жұмыс, тірек - сызба, кестемен жұмыс.
Көрнекі құралдар: Слайд, саяси карта, тірек - сызба, кесте
Барысы:
І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, бала назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы:
§ 14. ХVІІ - ХVІІІ ғасырлардағы ғылым мен мәдениет.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
ІV. Жаңа сабақ
Жоспар:
1. Англияның әлеуметтік - экономикалық дамуы.
2. Жер иеленуші ақсүйектердің үстемдігі.
3. Парламенттік реформа үшін күрес.
4. Өнеркәсіп төңкерісі.
5. Жұмысшы қозғалысы. Кәсіподақтарды ұйымдастыру.
Сабақты бастамас бұрын оқушылардың ойын дамыту үшін түрткі болатын сұрақтар қоямын.
1. Ағылшын буржуазиялық революциясының ерекшелігі неде, ол өз мақсатына жетті ме?
2. ХVІІІ ғасырда Англияда өнеркәсіптің қай саласы жедел дамыған еді?

1. ХІХ ғасырда Англия
Өздерінің бақытсыздығын машинадан көрген жұмысшылар машиналарды қирата бастайды. Бұл 1811 - 1812 жылдардағы қозғалыс машинаны бірінші болып қиратқан Лудданың атымен, луддашылдар қозғалысы деп аталды. 1813 жылы үкімет машинаны қиратқандарға өлім жазасын тағайындады.
ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Наполеон соғыстарынан кейін Англия бірнеше жылдар бойы экономикалық қиыншылықтарды басынан кешірді. Мемлекеттік қарыз 450 млн фунт стерлингтен асып түсті. Жарты миллионға таяу адам әскер қатарынан босатылды. Үкімет тапсырыстарын 10 есеге кемітті. Балтық пен Солтүстік теңіз порттарынан арзан астық түсе бастады.
Баға төмендеп кетті.
2. 1. Жер иеленуші ақсүйектердің үстемдігі.
ХІХ ғасырдың бас кезінде Англияда саяси және діни бостандық принциптерін бекітті.
Заң шығарушы билік парламент деп аталса, атқарушы билік король мен парламент тағайындаған үкімет болды.
Қауымдар палатасына - парламенттің төменгі палатасын сайлау кезінде жеңген партия үкіметті құрды, жетекшісі премьер - министр болды.

ХVІІІ ғасыр. Англия
2. 2. Англиядағы сайлау жүйесі.
Англиядағы сайлау жүйесі ақсүйектердің саяси үстемдігін қорғады. Англияда 16 млн халықтың 160 мыңы сайлауға қатыса алды. Парламенттік сайлауда дауыс беру ашық өткізілгендіктен жалданушы йомендер өз жұмыс берушілері ақсүйек лендлордтарды сайлауға мәжбүр болды.
3. Парламенттік реформа үшін күрес.
1815 жылы парламент шет елдік астыққа «Астық баж салығы» салынды. Егер ішкі нарықта астық бағасы бір квартер үшін 80 шилингтен төмен түсіп кеткен жағдайда елге шеттен астық әкелуге тыйым салынды. Сонымен бірге бұл лендлордтар мен фермерлерге жоғары кірісті сақтауға мүмкіндік берді. Нан жұмысшылар үшін қымбатқа түсті.

Нәтижесінде
3. 1. Өнеркәсіп төңкерісі.
XVIII ғасырда өнеркәсіпте айтарлықтай өзгерістер болды. Ұсақ тауар өндірісін мануфактура ығыстырып шығарды. Ал XIX ғасырда ағылшын өнеркәсібін өзгерткен механика саласындағы жаңалықтар болды.
*1733 жылы Джон Кей шұға тоқығанда өздігінен қозғалатын қайықша (челнок) ойлап табылды.
1738 жылы адам қолының көмегінсіз жіп тоқуға арналған машина жасады.
* 1765 жылы Джеймс Харгривс «Дженни» атты механикалыық жіп иіретін машина ойлап тапты. Бір уақытта 15 - 18 ұршыық иіреді.
*1769 жылы Ричард Аркрайт суда дөңгелекті дөңгелекті қозғалысқа келтіретін машина, 1771 жылы жіп иіретін тұңғыш фабрика ашты. 1780 жылы фабриканың саны 20 - ға жетті, ал 10 жылдан кейін 150 - ге жетті.
* 1774 жылы Джейймс Уатт бу машинасын ойлап тапты, 1784 жылы оны жетілдірді. Бу машинасының жұмыс істеуі үшін көмір өнеркәсібі, металлургия жетілдірілді.
Шойын қорыту үш есеге көбейді. Англия «Дүниежүзілік шеберхана» атанды.

3. 2. Өнеркәсіптің дамуы Англияда жаңа қалалардың пайда болуына жолдар мен көліктің дамуына ықпал етті, жаңа тап - өнеркәсіп пролетариаты дүниеге келді.
Осылайша, XVIII ғасырда Англияда капитализмнің мануфактуралық сатысынан капиталистік өнеркәсіптің машиналық техникаға сүйенген фабрикалық жүйесіне өту кезеңі - өнеркәсіп төңкерісі кезеңі басталады. ХІХ ғасырдың ортасында өнеркәсіп төңкерісі паровоз дөңгелектерінің тарсылымен аяқталды. Англия өз фабрикаларын машинаның әр түрімен жабдықтап қана қоймай оны шетке де шығара бастады. 1826 - 1850 жылдары машинаны экспорттау 6 есеге өсті. 1826 жылға дейін үкімет көптеген машиналарды экспортауға тыйым салған болатын. Англияда тұңғыш теміржол арқылы 1825 жылы ДЖ. Стефенсон Стоктон мен Дарлигтон арасында жолаушылар пойызын жүргізді.
1830 жылы Манчестерді Ливерпул 100 км
1850 жыл 50 мың км

Оқушыларға сұрақ?
3. 3. Өндірістің жедел қарқынмен дамуына қандай жағдайлар әсер етті?
Өнеркәсіп төңкерісі Англияның әлеуметтік – экономикалық өміріне өзгерістер енгізді деп айтуымызға болады:
1. өндірісті механикаландыру.
2. Англия дамыған индустриялы елге айналды (сауда державасы, «дүниежүзілік шеберхана»).

3. Еңбек бөлінісі (кәсіптің жаңа түрінің пайда болуы)
4.Қалалардың, жаңа өнеркәсіп орындарының, көліктің дамуы.
4. 1. Жұмысшы қозғалысы. кәсіподақтарды ұйымдастыру.
ХІХ ғасырдың 30 жылдары Англияда пролетариат (жұмысшы) пайда болып, өз қауымдастықтарын құра бастады.
Лондон қауымдастық одағы
1836 жылы
Үлкен Солтүстік Одағы (Лидс).
Саяси көсемдері
Ағаш ұстасы Уильям Ловет,
Журналистер Фергюст О, Коннор,
Джеймс О, Брайен және Джулиан Гарни

ХІХ ғасырдың 30 - 50 жылдары Англиядағы пролетариаттың алғашқы бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы «чартизм»деген атауға ие боды. Чартизм (хартия, құжат) ағылшын сөзінен шыққан, онда әлеуметтік таптар мен топтардың саяси талаптары көрініс тапты.
1839 жылы Лондонда Хартияның табысқа жетуі үшін күрестің түрлері мен әдістері талқыланған бірінші чартистік (құжат) конвент жиналды. Екі жол талқыланды, петиция немесе көтеріліс.
1839 жылы 6 мамыр күні 1 млн 250 мың адам қол қойған хартия парламентке берілді. 1839 жылы 2 тамыз күні ереуіл болу керек еді, бірақ ешкім келмегендіктен үкімет қауіпті адамдарды жазалады.

Чартистер арасында алауыздық белең алып, радикалдар тастап кетті. 1840 жыл Манчестерде ұлттық чартистік ассосация құрылды. 1842 жыл мамырды 3, 3 млн адам қол қойған петицияны парламент қабылдамады. 1848 жыл 10 сәуірде 5 млн адам қол қойған хартияны О, Коннор парламентке ұсынды. Соның 3 - уі жарамсыз деп табылып, қабылданбады. Осы күні үлкен шеру болды. О, Коннор шеруге қатысушыларды үкіметке ашық қарсы шықпауға шақырды. Топ тарады. Жұмысшылардың бірінші жеке көтерілуі болған чартистік қозғалыс бәсеңдей бастады. Англия күрделі әлеуметтік реформалар кезеңіне өтті. Чартистер күресінің сәтсіздігіне, жұмысшылардың жалпы сайлау құқығына қол жеткізе алмауына олардың басқа таптар тарапынан қолдау таппағандығы себеп болды.

4. 2. Кәсіподақтарды ұйымдастыру.
ХІХ ғасырдың 50 жылдары Англияда кәсіподақтар үлкен жетістіктерге жетті. Чартистік қозғалыстың әсерінен тред - юниондарды(кәсіподақ) күшейтті. Жұмыс берушілер қаншама рет жоюға тырысса да тред - юнионшылар күшейіп. ХІХ ғасырдың 60 жылдары парламентке реформалар жүргізуді талап ете алды. Осылайша кәсіподақтар пролетариаттың экономикалық және саяси құқығы үшін күрес жүргізу түріне айналды. Жұмысшылар қозғалысы қуатты саяси күш болып есептелді.

V. Бекіту сұрақтары:
1. Ағылшын буржуазиялық революциясының ерекшелігі неде, ол өз мақсатына жетті ме?
2. ХVІІІ ғасырда Англияда өнеркәсіптің қай саласы жедел дамыған еді?
3. Неліктен луддашылдар қозғалысы деп аталды?
4. Өнеркәсіп салаларында болған өзгерістер.
5. Өнеркәсіп төңкерісі қашан аяқталды?
6. Чартистік қозғалыстың жеңілу себебі не?
7. Тред - юниондордың ықпалы қандай болды?

VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру:
§ 15. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Англия.
Тест құру (15).
Зерттеу. Өнеркәсіп салаларындағы жетістіктер.(Англия)
Чартистік қозғалыс. Тред - юниондар. (Интернет)
Картамен жұмыс.
44 946
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлт азаттық қозғалыстың барысы
Ұлт азаттық қозғалыстың барысы
ХХ ғасырдың басында қоғамдық – саяси қатынастардың дамуында үлкен өзгерістер туғызған саяси оқиғалар ахуалын түсіндіру;
19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы Конспект 19 ғасырдың I жартысында жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасты. Ертіс, Жайық,
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Конспект Орыс мемлекеті ортаазиялық хандықтармен сауда - экономикалық, дипломатиялық қатынастарын
Қазақстан тарихынан күнделікті сабақ жоспарлары
Қазақстан тарихынан күнделікті сабақ жоспарлары
Оқушыларды XVIII ғасырдағы қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсету;
ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы
ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайын, оның ерекшеліктерін, патша өкіметінің аграрлық саясатын көрсету. Елдегі әлеуметтік жіктелуді, отаршылдық қанаудың күшеюін түсіндіру
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - демографиялық дамуы
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - демографиялық дамуы
Атырау қаласы, Қ. И. Сатпаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жақсымбетова Зарина Бекежанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×