Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог

10 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Ашық сабақ
Сыныбы 5 А, Б
Сабақтың тақырыбы: § 37 Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық: Ыбырай еңбектері арқылы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.
Тәрбиелік: қазақтың ұлы тұлғаларының бірі Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке тәрбиелеу, достыққа, ынтымаққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, баяндау, сұрақ – жауап.
Құрал - жабдықтар: «Абай – Ыбырай» буклеті, үлестірмелер, электронды тақта.

Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Жаңа тақырыпты бекіту
5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма.

Үй тапсырмасын тексеру. (Абай суреті жасырылған, үй тапсырмасының сұрақтарына жауап беру арқылы портретті ашу керек).
1. Абай қай жылдары өмір сүрген?
2. Абай кім?
3. Абайдың қай өлеңін жатқа білесін?
4. Абайдың қандай шығармалары бар?

Жаңа сабақ: Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889).
Ағартушы, педагог, жазушы, ғалым, балалар әдебиетінің атасы - Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай жерінде дүниеге келген. Әкесінен жастайынан айырылған Ыбырайды атасы Балқожа би тәрбиеленеді. 1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді. Мұнда орыс, татар, парсы тілдерін жақсы меңгеріп шығады.

Мектепті 1857 жылы бітіріп, атасы Балқожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарады. 1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етеді. Сол замандағы қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үйі, құрал - аспаптардың жоқтығы да оны мұқалта қоймады. Ол ауыл - ауылды аралап, халыққа білім беретін зиялы мектептердің артықшылығын түсіндірді. Өзінің насихатын халықтың жүрегіне жеткізе білген оған халық арасынан қолдау көрсетушілер табылды. Қаржы жинауды ең алдымен өзі бастап, атасы Балқожаның еншісіне берген малын сатып, түскен ақшаны мектеп салуға жұмсады. Оқу үйі жетіспеген кезде, оқу - білім іздеген қазақ балаларын өз үйіне жатқызып оқытқан.

Сол заманның ең озық білім ордалары саналған Петербург, Қазан қалаларына барып, орыс ағартушыларының еңбектерімен, орыс үкіметінің халыққа білім беру жүйесімен танысты. Солармен таныса отырып, қазақ балаларына арналған оқулықтар жасаумен айналысты.

1879 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалады. Осы жылы оның алғашқы қазақ тіліндегі оқулығы «Қазақ хрестоматиясы» Орынбор қаласында жарық көрді. Бұл «Қазақ хрестоматиясы» оқулығына енгізілген өлеңдер мен әңгімелерінің тәрбиелік, білімдік маңызы зор болды. Мысалы, «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер - білім бар жұрттар» сияқты өлеңдері оқырман қауымның жүрегінен шықты. Сонымен қатар «Қазақ хрестоматиясындағы» бірқатар өлеңдері шәкірттерді Отанын сүюге, адамгершілікке, тәлім - тәрбиеге жетелейді.

Ыбырай қазақ даласында бірінші болып қыздарды білімге тартты. 1887жылы Ырғызда жанында интернаты бар қыздарға арналған мектеп ашты. Ыбырай Алтынсарин сонымен қатар жазушы да. Қазақ балаларының жас ерекшелігіне лайықтап, түсінікті етіп, әңгімелер жазды. Ол орыс тіліндегі балаларға арналған көптеген шығармаларды қазақ тіліне жеңіл аудара білді. Ыбырай Алтынсарин ұлтымыздың халық ағарту саласына көп еңбек етті. Ол 48 жасында ерте қайтыс болса да, болашақ ұрпаққа тәлім болар мол еңбек қалдырды. Ыбырай Алтынсариннің еңбегі қазақ халқының мәдени және рухани дамуына, алдыңғы қатарлы озық мәдениетке жетуге игі ықпал етті.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Ыбырайдың балалық шағы туралы әңгімелеп бер.
2. Ы. Алтынсариннің қазақ даласында оқу - білім таратуда атқарған қызметін қалай бағалайсың?
3. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа айта аласың ба?
4. Қазақ қыздарының арасында оқу - білім таратудағы Ыбырайдың рөліне баға бер.
Тапсырма.№1 Ыбырай кім?(Оқушылар жаңа сабақ бойынша білгендерін жазу керек.) Не білдік? Не үйрендік?

Тапсырма№2. Кітаппен жұмыс.
1. Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздарына арнап мектепті қай жерде ашты?
А) Торғай
*Ә) Ырғыз
Б) Қостанай
В) Семей

2. Ыбырай Алтынсариннің атасы:
А) Оспан
*Ә) Балқожа би
Б) Қайыр хан
В) Төле би.

Тапсырма №3. Хронологиялық кесте құрастыр.
Жылдары ---------------------------- Болған оқиғалар.
1841ж
1857ж
1864ж
1879ж
1887ж
1889ж

Тапсырма№3. Сұрақтарға жауап бер. Бос клеткаға дұрыс жауапты жаз.
1. Ыбырайды тәрбиелеген атасы ----- (Балқожа би)
2. Ыбырай қай жердегі мектепті бітірді?--------- (Орынбор)
3. 1887жылы қай қалада жанында интернаты бар қыздарға арналған мектеп ашты?--------- (Ырғыз)
4. 1864жылы қай қаладағы мектепке ұстаз болады?
5. «Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей - ақ табылар...» Авторы кім? --------(Ыбырай)

Тапсырма№4. Семантикалық карта
5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма. §37. Кесте толтыру. Кітапханадан «Қазақ халқының ағартушы ғалымы - Ыбырай» деген тақырыпта шығарма жазу.
26 003
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Дала жұлдызы» Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналады
«Дала жұлдызы» Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналады
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру.
Қазақ ағартушылары
Қазақ ағартушылары
Қазақтың көрнекті ғалымы Ш. Уәлиханов, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, және қазақтың ірі ғалымы, ағартушы - педагог Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет бере отырып, олардың еңбегі, шығармашылық мұрасы жайында білімдерін кеңейту.
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Атырау қаласы, М.Өтемісов атындағы орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі Нургуль Темиргалиева
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Ақжар қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қалитова Гаухар Кентайқызы
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×