Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түрік қағанаты

17 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақ тақырыбы: Түрік қағанаты 552 - 603 жылдар
Сабақ мақсаты: Оқушыларға ерте феодалдық құрылыс кезіндегі алғашқы мемлекеттер туралы түсінік қалыптастырып, жүйелі білім беру.
Дамытушылығы: 6 класта алған білімдерін дамыту, тарихи оқиғаларды жүйелеп, жіктеп айтуға үйрету, тарихи оқиғаларды қорытындылауға дағдыландыру
Тәрбиелігі қазақ даласындағы алғашқы феодалдық мемлекеттік қазақ халқының халық болып қалыптасу, ұлттық мемлекеттің тарихындағы алар маңызын анықтап көрсету.
Білімділігі: түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырау себебін, шаруашылығы мен мәдени өміріндегі ерекшеліктермен таныстыру, жан - жақты білім беру

Сабақ типі: дәстүрлі
Сабақ әдісі: аралас әңгімелеу, сұрақ - жауап, тірек - сызбалар, кестемен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: оқулық, карта, тест, сөздіктер жинағы

Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару мақсатында Қазақстанның саяси картасы тақтаға ілінеді:
Дұрыс отыр партаға,
Назарың сал картаға.
Кімге таныс бұл карта,
Ойыңды бөл ортаға.
(Оқушылардың зейінін картаға аударып жаңа сабақ мақсатымен, жоспарымен таныстыру.)
ІІ. Жаңа сабақ жоспары
1. Түрік қағанатының құрылуы, жер аумағы.
2. Халқы.
3. Шаруашылығы
4. Мәдениеті
5. Түрік қағанатының ыдырауы

ІІІ. Түсіндіру жолдары
Мемлекет тарихы
Тарихи жазбалар - 542жыл
Қытай мемлекетінің келісімге елші жіберуі – 545 жыл
Мемлекеттің құрылуы - 552 жыл

Билеушілер
Бұмын – түрік билеушісі
Анағұй – авар билеушісі
Қара Еске – 1 баласы
Мұқан – 2 баласы
Тоба
Иштемей

Халқы - теле – тирек, турік – қызғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін

Шаруашылығы
Іле, Шу, Талас, Ертіс, сыр бойындағы қыстаулары орналасты.
Жетісу, орта Азия, Оңт. Қазақстан – Талас қаласы – егіншілік дамыды.
Қағанаттың ыдырау себебі.
581 жыл - ішкі соғыстардың басталуы
Көрші мемлекеттердің шабуылдауы
603 жыл - екіге бөлінді.

IV. Жаңа тақырыпты игеру тапсырмалары.
Тапсырма №1 Жылдармен жұмыс.
жылдар оқиғалар
542ж.
545ж.
552ж.
552 ж.
552 - 554ж.
570 - 580ж.
555ж.
563 - 567ж.
VІғ. 70ж.

Тапсырма №2 Кім? Қашан? Қалай?
Тұлға
аты Оқиға болған жыл Болған оқиғаның қысқаша мазмұны.
Бумын
552 - 554ж. ж.
10мың түменмен батысқа жорықтар жүргізіп, Арал теңізіне жетіп, Қытайдан Әмударияға, Ташкенттен Сырдарияға дейін жаулады.
VІғ. 70ж.
Тобо
Түріктер Орхонның жоғарғы жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді.
Тапсырма №3 Түрік қағанатының халқы.
Теле - түрік
Тапсырма №4 Шаруашылығы. көшпелілер қыстаулары
Жартылай көшпелілер қалалары
Тапсырма № 5 Мәдениеті - киіз үй -
- ат әбзелдері -
- жерлеу дәстүрі -
Тапсырма № 6
Қағанаттың ыдырау себебі.
Бірінші себебі Екінші себебі Нәтижесі.

V. Сабақты бекіту тапсырмасы «Мен тұлғамын»
& «Мен, Түрік қағанатының тұңғыш билеушісі Бұмын қаған...................................»
& «Мен, әкем Бұмынның мұрагері Қара Еске.......................................................
& «Мен, Түрік елінің қағаны Мұқан......................................................................»
& «Мен, Тобо қағанмын. Менің саясатым...............................................................»
& «Мен, Иштеми қаған ағам құрған ұлы елдің аумағын..........................................»

VI. Үйге тапсырма
& Түсінік айту;
& Даталарды жаттау;
& Түрік қағанатының билеушілерін жатқа білу.
Бағалау
9 385
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, мемлекеттік дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы, билеушілері туралы мағлұмат беру.
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты Конспект Түрік қағанаты – жерімізде құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекеттердің бірі. Қағанат оңтүстік - шығысында Қытаймен, оңтүстік - батысында парсылармен шектесіп жатты.
Түрік қағанаты (552 - 603 жж)
Түрік қағанаты (552 - 603 жж)
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай селосы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» ММ тарих пәнінің мұғалімі Унгарбаева Шолпан Ботайқызы
Қимақ, Қыпшақ мемелекеттері
Қимақ, Қыпшақ мемелекеттері
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейінің тарих пәні мұғалімі Сүлейменова Әсемгүл Набиоллақызы
Батыс Түрік қағанаты
Батыс Түрік қағанаты
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Самаликова Жанылсын Шахидоллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×