Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еліңнің тарихы-асыл мұраң

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Еліңнің тарихы - асыл мұраң
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні:
1. Оқушыларға Қазақстан Республикасының әлемдегі орнын табуға көмектесу.
2. Өз Отанының патриотын тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ой өрісін кеңейту, топтастарыңның ой - пікірін тыңдауға, сыйлауға үйрету.

Сабақтың әдісі: ойын сайыстары және ауызша баяндау, тірек кестемен жұмыс
Көрнекілік: ҚР картасы, ҚР рәміздері, көркем қалалардың суреті.
ТОҚ: Интерактивті тақта, дыбыс жазбасы.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, 5 - сыныпта сендер тарих пәнімен таныстыңдар. Мектепте алынған білім, тасқа салынған таңбадай анық және ешқашан ұмтылмайтындай болуы керек. Сондықтан біз бүгінгі сабақта қаншалықты білім нәрімен сусындағанымызды байқап көрейік. Ол үшін сендерге әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар интерактивті тақтада орындалады. Сынып 2 топқа бөлінеді және әр топтың топ жетекшісі болады.

I тапсырма. Терминдермен жұмыс.
1. Нумизматика нені зерттейді?
2. Геральдика нені зерттейді?
3. Антропология нені зерттейді?
4. Иероглиф нені зерттейді?
5. Археология нені зерттейді?
6. Этнография ғылымы нені зерттейді?
7. Ономастика нені зерттейді?
8. Топонимика нені зерттейді?

II тапсырма. Интерактивті тақтада 3 түрлі деңгейдегі 10 балдық, 20 балдық, 30 балдық сұрақтар тұрады. Әр оқушы өзінің қалауы бойынша, өзіне лайықты деңгейдегі сұрақты таңдайды. Қай топтың балы жоғары болса, сол топ жеңіске жетеді. 30 бал алған топ мүшесіне қызыл алма, 20 бал алған оқушыға - жасыл алманың, 10 бал алған оқушыға сары алманың суреті беріледі.
10 балдық сұрақтар.
1. Хижра дегеніміз не?
2. Ежелгі гректердің түсініктері бойынша қандай болған?
3. Қ. Р - да қанша облыс, қанша қала, қанша аудан бар?
4. XVIII ғасырдың 30 жылы қай жылы болады? (1730 жыл) XVI ғасырдың 20 - шы жылы? (1520 жылы)
20 балдық сұрақтар
1. Қазақстанның табиғаты туралы не айта аласың?
2. Карта деген сөз не мағына береді?
3. Қазақстанның қандай қазба байлықтары бар?
4. Қызылорда қай өңірге жатады? Маңғыстау ше? Қарағанды ше?
30 балдық сұрақтар
1. Қазақстан халқы қалай көп этносты мемлекетке айналды?
2. Қазақстан әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі екенін дәлелде?
3. Қазақ жері жайлы қарталық мәліметтер туралы не білесің?
Оқушылар барлық сұрақтарға жауап беріп болғаннан кейін, өздері иеленген алмаларға байланысты балдар есептелінеді.

ІІІ тапсырма.
Ойын. «Кім жылдам?» Ретімен қой және арабша, рим саны түрінде жаз.
2 топтан екі оқушы шығады. Жылдамдық, уақыт және дұрыс орындалуы есепке алынады.
І топ үшін. I; X; ІІ; ІV; ІІІ; V; VІ; ІX; VІІ; VІІІ.
ІІ топ үшін. 3; 5; 9; 10; 8; 6; 7; 1; 2; 4;

ІV тапсырма. Өз білімін тексеру. «Иә» және «Жоқ» деп белгілеу арқылы.
1. Б: З. б. 484 - 425 жылдары өмір сүрген грек тарихшысы Геродот. Иә
2. «Жами ат – тауарих» ( «Жылнамалар жинағы») кітабының авторы Сыма Цянь. Жоқ
3. Шығыста тарихтың атасы деп Сыма Цяньді атайды. Иә
4. Қазақстан тарихы бес кезеңге бөлініп оқытылады. Жоқ
5. 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды» Рашид - ад Дин қалдырды. Жоқ
6. Тарихи жазба деректерге мыналар жатады:
а. Патшалар мен әкімдердің заңдары.
ә. Мемлекеттік және сауда құжаттары т. т Иә
7. Кітап басуды XV ғасырда неміс шебері Иоган Гутенберг ашты. Иә.
8. Қазақстан орыс әліпбиіне көшкен уақыт 1940 жыл. Иә.
9. Ең алғаш қағазды ойлап тапқандар - үнділер. Жоқ.
10. «Алтын киімді адам» Есік обасынан табылды. Иә.

V тапсырма. Ойын. Ежелгі адамдар пайдаланылған заттар.
Интерактивті тақтада ежелгі адамдар пайдаланылған бірнеше заттарды, еңбек құралдарын жаңа заманның техника тауарларымен, үй жиһаздарымен араластырып қою керек.
Тапсырма: үлкен үңгірдің жанына ежелгі адамдар пайдаланылған зататрды тез және дұрыс жинауы қажет.

VІ. Тест тапсырмалары.
Интерактивті тақтада 10 тест сұрағы тұрады. Оқушылар дәптерге тек дұрыс жауаптарды ғана белгілейді. Жұмыс орындалып болғаннан кейін, тақтада дұрыс жауаптар тұрады.
Оқушылар өзін - өзі бағалайды. 1 - 6 сұрақтың арасында дұрыс жауап бергендер – «3», 7 - 8 арасында –«4», 9 - 10 арасында дұрыс жауап бергендер «5» деген баға алады.

Тест сұрақтары
1. Тарих сөзі қандай мағына береді?
А) Өткен оқиға жайлы әңгіме
В) Жыл санау
С) Қағазға түсіру
Д) Өткенді еске сақтау
2. «Тарих» атасы деп кімді атайды?
А) Страбонды
В) Геродотты
С) Птоломейді
Д) Эротосфенді
3. «Ежелгі Қазақстан тарихы» неше бөлімнен тұрады?
А) Үш
В) Екі
С) Бір
Д) Төрт
4. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі көптеген елдер қандай оқиғамен байланысты жыл санауды қолданады?
А) Иусус Христостың туған жылынан бастап
В) Әлем жаралғаннан бастап
С) Мұхаммед пайғамбар Меккеден Мединеден қоныс аударумен
Д) Ніл өзенінің тасуымен
5. Жеті ата шамамен қанша жылға созылады?
А) 175 - 210 жылдай
В) 150 - 180 жылдай
С) 190 - 300 жылдай
Д) 130 - 160 жылдай
6. Бір ұрпақтың қамтитын уақыты
А) 30 - 40 жас
В) 25 - 30 жас
С) 40 - 50 жас
Д) 35 - 45 жас
7. Қазақстанда өмір сүрген ұлттар саны:
А) 130
В) 130 - дан кем
С)) 130 - дан артық
Д) 150
8. Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеген ғалымдар?
А) Ежелгі Қытай
В) Ежелгі Грекия
С) Ежелгі Вавилон
Д) Ежелгі Египет
9. Дүние жүзі картасына қазақ жерін түсірген ғалым, «Диуани лұғат - ат түрік» кітабының авторы?
А) Әл - Хорезми
В) Махмуд Қашқари
С) Әл Фараби
Д) Қ. Жалайри
10ІХ - Х ғасырда Арал теңізін картаға түсірген:
А) М. Қашқари
В) Әл - Фараби
С) Әл - Хорезми
Д) Араб саяхатшылары
VІІ. Қазақстан қалаларына шолу. Слайд
VІІІ. Сабақты қорытындылау.
8 276
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір халық – бір ел – бір тағдыр
Бір халық – бір ел – бір тағдыр
Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәуелсіздік күні – ерекше мереке
Тәуелсіздік күні – ерекше мереке
ШҚО, Өскемен қаласы, №38 гимназия мектебінің қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Жумажанова Акмарал Толепбекқызы
Қазақстанда темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың зерттелуі
Қазақстанда темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың зерттелуі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Д. Құрманбек атындағы №20 колледжінің тарих пәні магистрі Әбдішбек Айгүл Балтабекқызы
Апта күндері
Апта күндері
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласының «Дарын» мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайсенова Гүлмира Едіресқызы
Жазбаша қосу, азайту тәсілдерін пысықтау
Жазбаша қосу, азайту тәсілдерін пысықтау
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тарауына есептер шығару
Жылдам ойлап, тез қорытуға, жауапкер - шілікке, өз бетінше білім алуға баулу, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×