Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Азаматтық туралы

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Тарих
Пәні: Адам. Қоғам. Құқық
Сыныбы 9
Тақырыбы: Азаматтық туралы
Мақсаты:
Білімділік: Азаматтық туралы толық мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Патриотизмге, өз елін құрметтеуге және қорғауға шақыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу шеберлігін дамыту, таным қабілетін дамыту
Түрі: Білімді тексеру.
Әдіс - тәсілдер: Аралас(интерактивті тақта, тесттер)

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй жұмысын қарастыру:
1. Қандай халықаралық құқық қорғау ұйымдарын білесің?
2. Қазақстанда адам құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін органдарды атаңдар?

ІІІ. Жаңа тақырыпты қарастыру. Азаматтық деп белгілі бір мемлекеттің заңдылықтарымен орнықтырылған құқықтарды пайдаланып, міндеттерді атқаратын, сондықтан да құқықтары мемлекет тарапынан қорғалатын адамның сол мемлекетке тәнділігін айтамыз.
Азаматтық алу және одан айыру тәртібі мемлекеттің заңдарымен реттеледі. Түрлі мемлекетте адамның дүниеге келе сала азаматтық алуы табиғилау немесе тамырландыру қағидаларымен жүзеге асырылады. Әдетте, тумысынан азаматтық алу мәселесі екі қағидаға сүйеніп шешілуі мүмкін. І - ұлттық немесе қан құқығы деп аталынатын қағидамен азаматтық алу. Мұндайда баланың азаматтығы, өзге елде туылғанымен, оның ата - анасының азаматтығын тағайындайды.
ІІ түрі - аумақтық немесе топырақ құқығы делінетін ұстаным бойынша. Мұндай жағдайда баланың азаматтығы ата - ананың азаматтығы емес, туған жеріне, еліне байланысты болады.

Қосарлы азаматтық. Қазақстан Республикасының Конституцияны өз азаматының басқа мемлекетте азамат болғанын қаламайды. Соған қарамастан, азаматтықтың пайда болуы жөніндегі өзге мемлекеттің заңдарынан туындап жататын жағдайларға байланысты Қазақстан азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын қатар алуы мүмкін. Адамның мұндай жағдайы қосарлы азаматтық деп аталады. Екінші азаматтық жұрттың бәріне беріле бермейді., оны алу үшін елеулі себептер болуы керек. Егер мемлекетте мемлекетте қосарлы азаматтығы бар адамдар көп болса, онда ол басқа мемлекетті отаным деп есептейтін адамдардың ауыр жүгін арқалаған болар еді. Мұндай азаматтығы бар адамдар Парламент немесе жергілікті билік органдарының депутаттарын сайлауға немесе өздері сайлануға қатысқан жағдайда екіұшты ахуал туғызар еді. Өйткені олардың әрқайсысы - дербес саясат жүргізетін екі мемлекттің азаматы.

Қ. Р Конституциясының 10 бабында
1. Қ. Р. Азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан, бірыңғай және тең болады.
2. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай - ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.
3. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.
«Қазақстан Республикасының азаматтық туралы» заңы1992 ж 1 наурызынан бастап
Күшіне енген.
«Республика аумағында тұратын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып танылады.»Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын, азаматтығы жоқ адамдар өзінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдай алады. Азаматтық алу үшін Қазақстанда кемінде бес жыл тұрақты тұруы тиісті. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішті президент қабылдайды.

Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініш мынадай жағдайларда қабылданбайды:
- халықаралық құқықта қаралған, адамзатқа қарсы қылмыс жасағандар:
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шыққандар
-- Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын бұзуға шақырғандар:
- халықтың денсаулығына, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатысты заңды бұзғандар.- мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділік отын тұтатқандар:
- террорлық әрекеті үшін сотталғандар:
- сот ерекше қауіпті дер таныған ауыр қылмыстар
- басқа мемлекетте азаматтығы барлар.
Азаматтықты куәландыратын құжат - куәлік пен төлқұжат. Адам 16 жасқа толғанға дейін оның азаматтығы әкесі мен шешесінің біреуінің төлқұжатымен расталады және өзінің туу туралы куәлігімен расталады.

Азаматтық туралы заңының 11 - бабында
1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қ. Р.
азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.
2. Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Азаматтық туралы заңының 12 - бабында
1. Қ. Р. Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік береді.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасымен жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды.

19 - бабы.
Азаматтықты тоқтату негіздері.
1. Қ. Р. азаматтығынан шығу;
2. Қ. Р. азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.
20 - бабы. Азаматтықтан шығу
Қ. Р. азаматтығынан шығуға осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші бойынша негізінде рұқсат етіледі.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қ. Р. алдында мүліктік міндеттемелерін орындамаған болып, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қ. Р. азаматтығынан шығарудан бас тартады.
Егер өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмысты жауапқа тартылса, сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе, мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе, Қ. Р. азаматтығынан шығуға жол берілмейді.
21 - бабы
1. Егер адам басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
2. Егер Қ. Р. азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
3. Егер Қ. Р. тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсіз себептермен 3 жыл бойы консулдық есепте тіркелмесе;
22 - бабы
Ата - анасының азаматтығы өзгеріп, соның салдарынан екеуі де Қ. Р. азаматтығынан
шыққан жағдайда, тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы да өзгереді.
23 - бабы
Ата - анасының біреуі Қ. Р. азаматтығын алып, ал екіншісі басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып қала берсе, Қ. Р. территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі бала ата - анасының жазбаша өтініші бойынша Қ. Р. азаматтығын алуы мүмкін.
24 - бабы
Егер ата - анасының біреуі Қ. Р. азаматтығынан шығып, ал екіншісі Қ. Р. азаматы болып қала берсе, 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы сақталып қалады
25 - бабы
Қ. Р. азаматы асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала асырап алушылардың жазбаша түрде білдірілген келісімімен Қ. Р. азаматы болады.
26 - бабы
Егер Қ. Р. территориясында тұратын14 жасқа дейінгі баланың ата - анасының
екеуі де немесе жалғыз ата - анасы Қ. Р. азаматтығынан шығып, бұл орайда ата - ана
болу құқығынан айырылса, бала қамқоршысының өтініші бойынша Қ. Р. азаматтығын сақтап қалады
27 - бабы
Шетелдіктер асырап алған, Қ. Р. азаматы болып табылатын бала Қ. Р. азаматтығын өзі кәмелетке толғанға дейін сақтайды
28 - бабы
14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың ата - анасы азаматтығын өзгерткен ретте, сондай - ақ асырап алған ретте оның азаматтығын осы Заңның 33 - бабында көзделген тәртіп бойынша баланың келісуімен ғана өзгертуге болады.
30 - бап Ішкі істер органдарының өкілеттігі
Қ. Р. тұрақты тұратын адамдардан Қ. Р. азаматтығы мәселелері жөнінде арыздар қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге Қ. Р. Президентінің қарауына жібереді.
Қ. Р. мемлекетаралық шарттарында көзделгендей Қ. Р. азаматтығын алғандар,
шыққандарды тіркейді және Қ. Р. аумағында тұрақты тұратын адамдардың
Қ. Р. азаматтығын айырылуын тіркейді
Сыртқы істер министрлігінің, Қ. Р. шетелдегі мекемелерінің өкілеттігі
Қ. Р. тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардан Қ. Р. азаматтығы жөнінде арыздар қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен Қ. Р. Президентінің қарауына жібереді;
- Қ. Р. Азаматтығын айырылуын тіркейді.
- Қ. Р. Тыс жерлердегі Қ. Р. азаматтарын тіркейді.

ІҮ. Сабақты бекіту.
1. Азаматтық алу үрдісіндегі "қан құқығы" және "топырақ
құқығы" ұстанымдарының қайсысы жөн деп есептейсіздер?
2. Қос азаматтық туралы пікір алмасыңыздар.
3. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініш қандай жағдайларда қабылданбайды?
4. Азаматтық қай уақытта тоқтатылады?
5. Азаматтықтан қай уақытта шығарылады?
6. 14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың ата - анасы азаматтығын өзгерткен ретте баланың азаматтығы қалай болады?
7. 14 ж баланың ата - анасы азаматтығынан айрылып қалған жағдайда баланың азаматтығы қалай болады?
8. Ішкі істер органдарының өкілеттігі
9. Сыртқы істер министрлігінің, Қ. Р. шетелдегі мекемелерінің өкілеттігі

Ү. Үйге тапсырма. § 32
Оқушылар «Азаматтық туралы» заңымен танысыңыздар.
Осы тақырыпқа байланысты 5 түрлі мысалдар жазып келіңіздер
У. Оқушыларды бағалау
12 518
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төтенше жағдайлардың алдын алу, 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Төтенше жағдайлардың алдын алу, 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Төтенше жағдайлардың алдын алу, 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану іс - шаралары
Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану іс - шаралары
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тана мырза орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы: Байназаров Айдын Айтқалиұлы
Отбасындағы ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттері
Отбасындағы ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттері
№215 орта мектебі, Қызылорда қаласы, Құқық негіздері пәні мұғалімі: Лаура Абитова
Полиция – дос және қорғаушы
Полиция – дос және қорғаушы
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кенжесариева Аманкүл
Білім және құқық
Білім және құқық
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Көркемсурет лицейі Дузимова Жайнагул Конысбаевна Сабақ тақырыбы: Білім және құқық Сабақ мақсаты: А) білімділік: оқушыларды өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуге дайын болуы, айналасындағы адамдардың
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×