Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасындағы ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттері

20 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Тарих
Пәні: құқық негіздері
Сыныбы___10
Тақырыбы: Отбасындағы ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттері.
Мақсаты:
Білімділік: Отбасындағы ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, толық мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» заңымен таныстыру (17. 12. 1998ж) және өз елінің заңдарын құрметтеуге, қорғауға шақыру.
Дамытушылық: Оқушылардың таным қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту
Түрі: Білімді тексеру.
Әдіс-тәсілдер: Аралас(интерактивті тақта, тапсырмаларды талдау) Көрнекілігі: Қ. Р «Неке және отбасы туралы» Заң, Қазақстан Республикасының Конституциясы

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасы: Неке тоқтауы және бұзылуы.
1. Некені тоқтату дегеніміз не?
2. Қандай жағдайлар некені тоқтатуға негіз болады?
3. Ажырасу ұғымына анықтама беріңіздер? Оның қандай жағымсыз жақтары бар?
4. АХАТ органдары арқылы некені тоқтату қандай жағдайларда жүзеге асырылады?
5. Сот тәртібімен некені бұзуға әкелетін мән-жайларды атаңдар?

Тапсырмалар:
1-тапсырма
Азамат А. Айдаров азаматша М. Махмудова екеуінің арасындағы некесінің бұзылғандығын, отбасында өзара түсініктің жоқтығын көрсете отырып, некені бұзу туралы сот органдарына шағымданады. Махмудова осы мерзім аралығында ұл туған, ол 4 ай мерзім өткен соң шетінеген. Судья Махмудованың некені бұзуға келісімі жоқ екенін сылтауратып талап-арызды қабылдаудан бас тартады. Осыған қосымша оған 10 ай мерзім өткен соң ғана сотқа қайта шағымдануын ұсынады. Судьяның әрекетінде заңсыздық белгілері бар ма? Жауаптарыңды заңның тиісті баптарына сүйене отырып дәлелдеңдер.
2-тапсырма
А. Садырова Алматы аудандық сотына С. Алдековпен арасындағы некені бұзу туралы талап қояды. С. Алдеков қылмыс жасағаны үшін 4 жыл бас бостандығынан айырылған. Сот Алдековтың Садыроваға мүліктік талаптары болуы мүмкіндігін ескерте отырып, некені бұзудан бас тартады. Егер саған осы істі қарау мүмкіндігі берілгенде, сен қандай шешім қабылдар едің? Заңның баптарына сүйеніп, жауаптарыңды негіздеп дәптерге жазыңдар?
3-тапсырма
Азаматша А. Жанарова азамат Қ. Турдиев екеуінің арасындағы некені бұзу жөнінде сотқа талап қояды. Осыған орай қосымша өзінің 4 айлық баласының бар екенін, жұмыс істеу мүмкіндігі жоқтығын ескерте отырып алимент төлеу жөніндегі талабын қанағаттандыруды өтінген. Сот әйел адамның жүктілігі немесе 1 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған кезінде некені бұзу туралы іс қозғай алады ма? Бұл істі қалай дұрыс шешуге болады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты қарастыру: Отбасындағы ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттері.
28-бап. Неке заңды тіркелген күннен бастап отбасындағы екі адамның құқықтары мен міндеттері пайда болады. Отбасы заңының ең басты қағидасы әйел мен ер адамның теңдігі. Ерлі-зайыптылардың мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастары тең танылған.
Қ. Р. «Неке және отбасы»заңының 29 бабына сәйкес ерлі-зайыптылар:
- тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады.
- Әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді өз еркімен таңдауға ерікті.
- өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасына жәрдемдесуге, өз балаларының өсіп-жетілуіне, олардың әл-ауқатына қамқорлық жасауға
міндетті.
30-бап. Азаматтардың жеке құқықтарының бірі – жұбайлардың тек таңдау құқығы. Олар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алуға немесе өзінің некеге дейінгі тегін сақтап қалуға құқылы. Өз тегіне жұбайының тегі қосылып жазылуы да мүмкін. Тек таңдау құқығы неке бұзылған жағдайда да сақталады. Жұбайлардың әрқайсысы бұл мәселені өз қалауынша шешеді, ол екіншісінің қалауына, еркіне байланысты болмайды. Отбасында жұбайлар балаларды бірігіп тәрбиелеу, оларға білім беру, т. б. мәселелерді ерлі-зайыптылар бірігіп шешеді. Бұл құқықтар мен міндеттер жұбайлардың екеуіне де міндетті.

31-бап. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде бірігіп жинаған мүлік олардың ортақ меншігі болып табылады.
- әр түрлі еңбек қызметтерінен немесе бөлек мүліктерінен түскен кірістер
- зейнетақылар, жәрдемақылар, көмек сомалары, т. б
- бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, т. б жатады.
әрқайсысына берілетін мүлкі

38-бап. Неке шарты. Неке шарты мүлікке қатысты қолданылатын азаматтық шарттардың бірі. Бұл шартта ортақ мүлікті, оның жекелеген түрлерін бірлесіп, үлестік немесе жекелеген режимде пайдалану құқығы берілген. Неке шарты қолда бар мүлікке де, болашақта болатын мүлікке де жасалуы мүмкін. Ажырасқан жағдайда туралы құқықтарын белгілеуге құқылы.
Отбасындағы балалар құқы«Неке және отбасы»заңының
9-бөлімде баланың құқықтарына көлемді бөлігі арналған. Бала
мемлекеттің қамқорлығында болады. Балалар құқығын қорғау Қ. Р. заңдары ғана емес,
халықаралық заңдар арқылы жүзеге асады. Соның ішінде ең негізгі құжат Балалар құқығы
туралы Конвенцияға Қазақстан 1993 жылы қосылды. Конвенция баланы жеке субъект
ретінде қарастырып, ұлтына, дініне, тіліне, ұлттық белгілері, этникалық шыққан
тегіне, әлеуметтік, саяси, т. б. көзқарастары үшін ешкімді де кемсітуге жол бермейді
- Бала әкесінің атын және тегін алуға құқылы. Баланың аты ата-аналарының келісімі бойынша жүзеге асады.
- Егер ата-анасының екеуі де белгісіз болған жағдайда баланың тегін, атын қорғаншы немесе қамқоршы қоюға құқылы.
- Баланың ата тегі(фамилиясы) ата-аналарының ата тегі арқылы айқындалады.
- Егер баланың әкесі белгісіз болса, онда баланың аты анасының көрсетуі бойынша әкесі
деп танылған адамның аты бойынша, тегі анасының тегі бойынша белгіленеді.
- Ата-аналар бала 16 жасқа толған соң атын немесе ата – тегін өзгерте алады.
- 16 жасқа толған бала атын, тегін өз еркімен таңдауға құқы бар.

11-тарау. Ата-ана құқығынан айыру.
- Ата ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден бас тартса,
- өз баласын перзентханадан, емдеу немесе басқа мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса,
- балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық көрсетсе, т. б
- заңдарда белгіленген тәртіп бойынша маскүнемдікпен, нашақорлықпен ауырады деп танылған болса, оларды ата-ана құқығынан айырады.
Ата – ана құқығын сот тәртібімен жүргізіледі.

4-бөлім. 13-тарау. Қамқоршылық және қорғаншылық.
Қорғаншылық және қамқоршылық азаматтардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен
Мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны. Қорғаншылық 14 жасқа толмаған балаларға, психикалық ауруы салдарынан немесе басқа да жағдайда сот әрекетке қабілетсіз деп таныған ақыл-есі кем балаларға тағайындалады.

ІҮ. Бекіту.
1. Отбасындағы ерлі-зайыптылардың қандай міндеттері мен құқықтары болады?
2. Ерлі-зайыптылардың ата тегін біріктіріп жазуға заң рұқсат ете ме?
3. Жұбайлар арасындағы ортақ мүліктік құқықтар қай кезден бастап пайда болады?
4. Ажырасқан кезде ортақ мүлік қалай болады немесе бөлінеді?
5. Неке шартын жасау үшін не қажет?
6. Отбасындағы балалар құқығы туралы айтып бер?
7. Ата-ана құқығы міндет пе?
8. Ата-ана құқығынан қандай кездерде айырады?

Ү. Үй жұмысы.:§29
Оқушылар осы тақырыпты оқып, ата-аналарыңызбен пікірлесіп келіңіздер?
Өз отбасында пайдаланып жатқан құқықтар жөнінде эссе жазу.
Ү. Бағалау
ҮІ. Қорытындылау.
Осымен оқушылар бүгін біз біраз құқықтарымыз бен міндеттерімізбен таныстық. Келесі сабаққа дейін сау-саламатта болыңыздар!
15 123
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін білу не үшін қажет?
Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін білу не үшін қажет?
Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін білу не үшін қажет?
Отбасы және жастар
Отбасы және жастар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Некеге тұру, оның заңдылықтары, отбасының жалпы мазмұны, ондағы әртүрлі қызметтер, қазіргі отбасына жүргізілген зерттеулер, отбасында болатын қайшылықтарға тоқталу.
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі
Сабақтың мақсаты: Ата - аналарды Қазақстан мемлекетінің негізгі құқықтарымен таныстырып, ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімдегі шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыруда, өз құқықтарын терең сезінуге ықпал ету.
Отбасы және жастар
Отбасы және жастар
Сәтбаев қаласы, "№5 орта мектебі"КММ Медеубаева Айнур Култасовна
Отбасы және жастар
Отбасы және жастар
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сарсенова Нәписа Ысқаққызы
Отбасылық құқық. Пунктуация
Отбасылық құқық. Пунктуация
Акмурзаева Бахыт Сайлаубаевна Қызылорда обылысы, Байқоңыр қаласы, Байқоңыр "Космос" колледжі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×