Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Солтүстік Еуропа елдері

30 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Дүние жүзі тарихы 9 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Еуропа елдері.
Сабақтың мақсаты: екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі солтүстік Еуропа елдері Дания, Норвегия, Швеция, Финляндия, Исландияның саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуына сипаттама беру.
Сабақтың міндеттері: 1. Мазмұнға байланысты міндет: Солтүстік Еуропа елдерінің соғыстан кейінгі онжылдықтарда қарқынды даму себептерін талдау.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Солтүстік Еуропа елдеріне тән ортақ белгілер мен айырмашылықтарды табу.
3. Топтық міндет: топпен бірлесе отырып қосымша құжаттармен жұмыс істеуге, тарихи оқиғаларды талдай және жинақтай білуге үйрену. Тарих пәніне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Дүние жүзінің саяси картасы.
2. Солтүстік Еуропа елдері туралы слайд.
3. Солтүстік Еуропа елдерінің туы, елтаңбасының суреттері.
4. «Солтүстік Еуропа елдеріне жалпы сипаттама» кесте.
5. Суреттер, кітаптар.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың әдісі: баяндау. талдау, зерттеу.
Пән аралық байланыс: география пәні.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.
2. Қызығушылығын ояту.
3. Мағынаны тану.
4. Ой - толғаныс.
5. Үйге тапсырма.

ІІ. Қызығушылығын ояту:
1. Шетелдік Еуропа туралы не білесің?
2. «Үлкен жетілікке» кіретін елдерді ата.
3. Табиғат жағдайлары мен шаруашылығына байланысты қандай аймақтарға бөлінеді?

Жаңа сабақтың жоспары:
1. Солтүстік Еуропа елдеріне жалпы сипаттама.
2. Дания.
3. Норвегия.
4. Швеция.
5. Финляндия.
6. Исландия.
7. Қорытынды.

Сабақтың барысы:
І. Жаңа тақырыпты меңгеру.
1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жоспарымен танысу.
2. Сабақтың негізгі мәселелерін ауызша баяндау әдісімен түсіндіру.
3. Жұптық топтық жұмыстар.

1. Солтүстік Еуропа елдеріне Дания, Норвегия, Швеция, Дания, Исландия жатады. Бұл елдердің тарихи ортақ негіздері көп. Солтүстік Еуропа елдері негізінен түбектер мен аралдарды алып жатыр. Бұл аймақтың ерекшеліктері күні бүгінге дейін сақталған. ІІ дүние жүзілік соғыс жылдарында Дания мен Норвегияны Германия 1940 жылы басып алды. Швеция бейтарап ел болып жарияланды.

Финляндия 1939 жылы30 қараша – 1940 жылы 12 наурыз кеңес – фин соғысына қатысты. Кейін Финляндия үштік пактіге қосылып Германияның одақтасына айналды. ІІ дүние жүзілік соғыстан кейін бұл елдердің мемлекетаралық қатынастары едәуір тереңдеді. Оны 1951 жылы әртүрлі саладағы қарым - қатынасты үйлестіру үшін құрылған Солтүстік Кеңес ұйымы тездетті. Бірақ сыртқы саясат саласында скандинавиялық елдер бір жақты бағдарда болған жоқ. Норвегия, Дания – НАТО - ға мүше, Швеция бейтарап ел, Финляндия КСРО - мен келісімді байланыста болғандықтан сыртқы саяси әрекеттерден қалыс қалып отырды. Бұл мемлекеттердің саясатында социал - демократиялық партиялар шешуші роль атқарды. Швецияда өкіметті ондаған жылдар бойы СДП басқарды. Дания мен Норвегияда СДП саяси өмірде маңызды орын алды, бірақ олардың билігі Швециядағыдай мықты болған жоқ.
Үкіметті құруда социал – демократтар либералдар және консерваторлар партияларымен одақтасудан тартынбады. Жаппай қару жарақ өндіруге қатыспаған бұл елдер соғыстан кейінгі он жылдықтарда жоғары даму деңгейіне көтерілді және демократиялық жүйені тұрақтандырды. Халықтың жеке табыс мөлшері жоғары, тұрғын үйлері сапалы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, жүйесінің жетістіктері, қылмыс деңгейінің төмендігі, халықтың өмір сүру деңгейінің өте жоғары болуына себепші.

Ер адамдардың орташа өмір жасының ұзақтығы – 76, әйелдерде 81 жасқа тең. Қазіргі жағдайда бұл елдердің құқықтық құжаттары бір - біріне ыңғайластырылған. Бес елдің әрбір азаматы өзі қалаған мемлекетке қонысын ауыстырады, сонда еңбек етеді, барлық әлеуметтік жағынан қамтамасыз етіледі. Бес елдің тұрғындары осы елдер шеңберінде еркін жүріп тұруына ешқандай бөгет болмайды. Солтүстік Еуропа елдері Еуропадағы экономикалық ықпалдастық үрдісінен шет қалмай 1980 жылы Еуропа құрлығындағы барлық қозғалыстардың ортасында болды. Еуропа Одағына 1973 жылы Дания, 1995 жылы Швеция және Финляндия толық құқылы мүше болып қабылданды. Скандинавия елдері 1991 жылы Маастрихт келісіміне қатысып, ХХІ ғасыр басында Еуропадағы экономикалық, валюталық және саяси одақтың қалыптасуына өз үлесін қосып, қолдау көрсетті.

ІІ. Сынып оқушыларын 5 топқа бөлу. Әр топ Солтүстік Еуропаның бір елін алып, сол ел бойынша өз білімдерін қорғайды.
1. Әр елдің туын, елтаңбасының суреттерін тақтаға іліп, аумағын картадан көрсету.
2. Реферат қорғау.
3. Солтүстік Еуропа елдеріне сипаттама кестесін толтыру:
Елдер, мемлекеттік басқарылуы, әкімшілік территориялық құрылысы, заң шығару билігі, атқару билігі, саяси партиялары, халқы астанасы.

ІІІ. Оқулықпен, анықтамалықтармен жұмыс:
Ұқсастық пен даралық стратегиясы бойынша Солтүстік Еуропа елдеріне тән ортақ белгілері мен айырмашылықтарды табу.
ІҮ. Жұлдызды сәт: (Қай топ тез жауап береді)
1. Солтүстік Еуропадағы территориясы ең кіші мемлекет.
2. Солтүстік Еуропаның екі мемлекеттік тілі бар елін ата.
3. Республика деген не? Республикалық басқарудағы елдерді ата.
4. Монархия деген не? Солтүстік Еуропаның монархиялық елдерін ата.
5. Солтүстік Еуропаның КСРО – мен соғысқан елі қай ел?
6. Унитарлы мемлекет деген не?
7. Ең солтүстіктегі астана қай елдікі?
8. Солтүстік Еуропаның қай елінің өкілдері Қазақстанда жұмыс істеп жатыр?
9. ІІ дүние жүзілік соғыс жылдарында қай ел бейтарап ел болып жарияланды?
10. Солтүстік Еуропа елдерінде қай саяси партия маңызды рол атқарады?

ҮІ. Қорытынды. Оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма:§26.
28 389
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Солтүстік Еуропа елдері. Орта Еуропа елдері. Нидерланд
Солтүстік Еуропа елдері. Орта Еуропа елдері. Нидерланд
Солтүстік Еуропа елдерінің басты ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы білім беру.
Оңтүстік Еуропа елдері. Испания
Оңтүстік Еуропа елдері. Испания
Оңтүстік Еуропаның жетекші елдерінің бірі – Испания туралы білім беру.
Солтүстік Еуропа елдері
Солтүстік Еуропа елдері
Оқушыларды Солтүстік және Батыс Еуропа елдерімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
Солтүстік және Батыс Европа елдері
Солтүстік және Батыс Европа елдері
Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Елғондина Гүлжанат Базарбайқызы
Шығыс Еуропа елдері
Шығыс Еуропа елдері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының география пәнінің мұғалімі Амантаева Гүлсім Омарқызы
Еуропалық ықпалдастық және Еуропа Одағы (тарихтан сабақ топтамасы)
Еуропалық ықпалдастық және Еуропа Одағы (тарихтан сабақ топтамасы)
Тарих пәні мұғалімі: Карабаева Сандуғаш Бөкейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×