Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы және жастар

10 мам 2013, Жұма
Категориясы: Тарих
Сабақ тақырыбы: Отбасы және жастар
Сабақтың мақсаты:
Білімдік мақсаты: ҚР «Неке және отбасы» туралы Заңына сәйкес отбасының құқығы туралы түсінік беру, отбасы, неке, азаматтық неке, туыстық, мұрагерлік ұғымдарын танып білу.
Дамытушылық мақсаты: Отбасы қажеттігін, маңыздылығын, неке құқығы туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Отбасы мен неке құқықтық ережелерінің бұзылмауына баға беру.
Сабақ түрі: Жаңа білім беру
Оқыту әдісі: Шағын лекция, топ жұмысы, жеке жұмыстар
Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдеп
Көрнекілік: «Неке және отбасы» туралы Заң. Кесте, тірек-сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, кітап құралдарын тексеру.
Біздер биыл құқықта І. Конституциялық құқық ІІ. Әкімшілік құқық оқыдық.

ІІ. Жаңа сабақ. Отбасы және неке
Жоспар
1. Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынастар.
2. Туыстық және туысқандардың түрлері.
3. Мұрагерлердің алты кезегі
4. Неке және отбасын қорғау.

1. Ой қозғау. Отбасының қызметін атау
- Ұрпақ жалғастырады,
- өзара көмектеседі,
- мәселені бірге шешеді,
- балаларға білім мен тәрбие беру,
- тұрғылықты жері болады.

2. Мағынаны тану Шағын лекция
Отбасы дегеніміз-бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жеке бастың құқықтары мен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт 17 желтоқсан 1998 жылы ҚР «Неке және отбасы» Заңы болып табылады. 10. 01. 2006 жылы өзгертулер енгізілген. 7 бөлім, 29 тарау, 213 баптан тұрады.
Неке – отбасы құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсіндіруіміз қажет.
Отбасылық қатынастар адамдар арасында некеден, туыстық, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар. Отбасындағы қатынастар адамгершілік, ізгілік – өнегелік, өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық нормалары негізінде реттеледі.

Отбасы түрлері
Толық отбасы – ата-ана балалары, ата әжесі.
Толық емес отбасы – ата-ана біреуінің болуы (ажырасқан, қайтыс болған)
Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т. б.), төменгі тармақ – арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т. б.). жанама туыстыққа жеті ата, немере ағайындар жатады.(кесте)
Мұрагерлердің алты кезегі
1-кезегі Балалары, ерлі-зайыптылар мен ата-аналар
2-кезегі Туыстары, ағалары, қарындастары, әке-шешесі жағынан ата-әжесі
3-кезегі Көкесі, тәтесі
4-кезегі Алтыншы атасына дейінгі өзге туыстары
5-кезегі Он жыл бірге тұрған туыс ағалары, қарындастары, өгей әке-шешесі
6-кезегі Мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар

Толық туыс – бір ата-анадан тарағандар,
Толық емес туыс – әке мен шешесінің біреуі ортақ туыстар,
Бір кіндіктен - бір анадан тарағандар,
Қандастар – әкесі бір, шешелері басқа,
Сүйек жақын – өгей ер, қыз бала
Неке және отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады:
1. Юрисдикалық (сот, прокурор, АХАТ органдары, ІІО)
2. Беюрисдикалық (азаматтар мен ұйымдардың өзара іс-әрекеттері)

Дамыту кезеңі
І. Жеке тапсырма: Отбасында сендер қандай қызмет атқарасыңдар?
(ата-ана, іні-қарындас, аға-апа үшін қандай жауапкершілік сезінесіңдер?)

ІІ. «Неке және отбасы» Заңы баптарымен жұмыс жасату.
1. Неке жасы - (ерлер-18, әйелдер-17) (10бап)
2. Некеге тұруға тиым салу (2бөлім, 3тарау, 11бап) (- Басқа некеде тұрған жағдайда, - туыстық жақын болса,- психикалық есі кем болған жағдайда,- сол ел азаматтығы жоқ болса)
3. Жарамсыз неке (жалған неке-фиктивтік неке) (24-25-26бап)
4. Некені тоқтату (қайтыс болуда, жоғалып кетсе) (4тарау, 14бап)
5. Неке құқықтары (тегін, мамандық, тұрғылықты жерінтаңдау, ортақ меншік) 28-29 бап

ІІІ. Тренинг өткізу Акварум (үш белсенді оқушыны шығару, тапсырма беру, пікірлерін тыңдау, сұрақтар қою, ұнағанына дауыс беру)
1. Жалғыз басты адам отбасы болмайды
Қоғамдағы отбасылы болмағандар (қыздар, ұлдар, ажырасқандар) туралы пікірлерің?

ІV. Пікірталас
1. Қазіргі жастар ерте отбасын құрып, ата-аналарына жауапкершілік арта салуы дұрыс па?
Бекіту. – Жақсы отбасы және нашар отбасы неге болады? (ойланып жаз)
Сәйкестендіру тест
№ Термин Анықтама
1 Нуклеарлы отбасы А) Бір атадан тарағандар
2 Кеңейген отбасы Ә) Баламен не баласыз ата-аналардың бірі тұратын отбасы
3 Мұрагерлік Б) Отбасын құру негізі, ер мен әйел арасындағы ерікті келісіммен жасалған құқықтық одақ
4 Полигамия Г) Мұраға қалатын не заң бойынша иесі өлгеннен кейін басқа адамға берілетін мүлік
5 Туыстық Ғ) Ерлі-зайыптылардың бірінің баласымен не туысқандарының бірімен тұратын отбасы
6 Неке З) Көп әйел алу

Қорытынды: «Жүректен – жүрекке»
«Мен өз отбасымды қалай жақсы көремін?» оқушылар таратылған жүректерге отбасы туралы сезімдерін жазып тақтаға іледі, дауыстап оқиды.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 17-тақырып, 97 бет. Көрші 10 отбасы тізімін алып, отбасы түрінен ақпарат дайындау.
10 363
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
Отбасы және жастар
Отбасы және жастар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Некеге тұру, оның заңдылықтары, отбасының жалпы мазмұны, ондағы әртүрлі қызметтер, қазіргі отбасына жүргізілген зерттеулер, отбасында болатын қайшылықтарға тоқталу.
Өнеге отбасынан
Өнеге отбасынан
ШҚО, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы, Благодарное орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Саметекова Жанар Бейсенқызы
Отбасы және жастар
Отбасы және жастар
Сәтбаев қаласы, "№5 орта мектебі"КММ Медеубаева Айнур Култасовна
Отбасы және неке
Отбасы және неке
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің экономика және құқық пәні мұғалімі Кенжебекова Мейрамгуль Жолдыгалиевна
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
[right]Қызылорда облысы, №8 облыстық арнаулы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі: Өмірзақова Роза Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×