Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Иран

20 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Дүние жүзі тарихы
Сыныбы: 8

Тақырыбы: § 11. Иран.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: XVII - XVIII ғасырлардағы Ирандағы Сефевидтер әулеті билеген елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайын айта отырып, халықтың феодалдық езгіге ұшырап, монархиялық тәртіптің орнағандығын әңгімелеу.
Ауған тайпаларының Қандағар жеріне келуін, Сефевид мемлекетінің әлсіреуін, Мир Махмуд басқарған әскердің шабуылы және оның билікке келуі жайлы әңгімелеу.
Нәдір шах тұсындағы Иранның ішкі - сыртқы саясатына шолу жасай келіп, ұзаққа созылған бақталастық күресте XVIII ғасыр соңындағы Каджар әулетінің таққа отырып билеген кезіндегі Иранның жағдайын оқушыларға түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін дамыту, өз бетімен ізденулеріне арналған қосымша материалдарды оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, өз Отанына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, тестпен жұмыс, тірек - сызба, картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, сызба кесте, тест жұмысы, семантикалыық карта, интерактивті тақта.

Жетекші ұғымдар және негізгі түсініктер.
Сефевид мемлекеті, дивани, хассэ, уакф, мульк, арбаби, райяттар, иляттар, «ұлы уәзір», вилаеттер мен эялеттер, шариғат соты.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
§10. Жапония.

а) «Білімге жорық» ойыны:
1. Қытай мемлекетінің ең жоғарғы билеушісі қалай аталады.? (Император.)
2. Жапонияда мемлекеттің әлеуметтік құрылысы қандай жүйемен енгізіледі? (Си - но - ко - се. Си - самурайлар, но - шаруалар, ко - қолөнершілер, се - саудагерлер.)
3. Жоңғар хандығындағы ең үлкен әкімшілік бірлік қалай аталады? (Ұлыс)
4. Жоңғар билеушісінің лауазымы? (Қонтайшы)
5. Жоңғар хандығын күйреткен мемлекетті ата? (Цин империясы)
6. Жоңғар хандығының соңғы ханы кім? (Әмірсана)
7. Жапондықтардың көбі ұстанған дін.(Синтоизм)
8. Жапонияда әлеуметтік топтың жоғарғысында тұрғандар (Самурайлар)
9. Самурайлар деп кімдерді атаймыз? (Жапониядағы әскери дворяндар)
10. Орта ғасырларда әскерлерді кімдер деп атады? (Рыцарлар)
11. Жапонияда «тірі құдайларға»кімдерді теңеді? (Император)
14. Ең алғашқы сегундық жүйені енгізген кім? (Минамото Еримото)
15. Ең бай феодалдарды қалай атады? (Дайме)
16. Жапония мемлекетінің астанасы? (Эдо, қазіргі Токио)
17. XVII ғасырдың басында Жапонияда билік басына келген әулет (Токугава әулеті)
18. Микадо кім? (Император)
12. «Цин»сөзінің мағынасы қандай? (Таза )
13. «Араттар» дегеніміз кімдер. (Қарапайым шаруалар)
ә) «Кім жылдам?» ойыны.
Мына картада үш мемлекеттің аумағы берілген, атын ата?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Балалар, сонымен біз бүгін 17 - 18 ғасырдағы Жапония мемлекетінің әлеуметтік - экономикалық дамуымен таныстық. Токугава әулетінің сегундары билігі Жапонияны 1867 - 1869 жылдардағы буржуазиялық революцияға дейін 265 жыл биледі. Қазіргі күні бұл ел әлемдік аренада дамыған алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Біздің еліміз Жапониямен экономикалық - сауда байланысын жақсы жолға қойған.

IV. Жаңа сабақ.
Жоспар.
1. XVII ғасыр Ирандағы Сефевид әулетінің билігі кезіндегі әлеуметтік - экономикалық жағдайы.
2. XVIIІ ғасыр басында Сефевид мемлекетінің әлсіреуі.
3. Нәдір шах тұсындағы Иранның ішкі - сыртқы саясаты.
4. Каджарлар билігі кезіндегі Иранның жағдайы.

1. Сефевид мемлекетінің құрамына Иран жерінен басқа XVI - XVII ғасырларда жаулап алған Закавказье, Кавказдың бір бөлігі, Мерв қаласына дейінгі Орта Азияның бір бөлігі, Ауғанстанның Герат, Фаррах және Қандағарды қосқандағы батыс жағы мен Белуджистан кірді.(картадан көрсетіледі)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 712
0
  • 60
3 дауыс


Жаңалықтар
XVII - XVIII ғасырлардағы қазақ жыраулары
XVII - XVIII ғасырлардағы қазақ жыраулары
XVII - XVIII ғасырлардағы қазақ жыраулары және олардың шешендік өнері, данагөйлілігі, олардың алдына қойған мақсаттары туралы өз беттерінше іздене отырып, толық мағлұмат алуға жағдай жасау.
Иран. Ауғанстан
Иран. Ауғанстан
Иран Ауғанстан 1945 - 1986 жылдардағы саяси – әлеуметтік және экономикалық дамуы мен ондағы басты ерекшеліктері туралы ақпарат алып, білімдері кеңейеді. Өз бетімен жұмыс жасай отырып практикалық тапсырмаларды орындау барысында қолдана алу дағдысы
Жапония
Жапония
XVI ғасырдағы Жапонияның әлеуметтік жағдайымен таныстыру. Токугава сегунаты кезінде жапон халықтарының қандай топтарға бөлінгендігін, олардың жүргізген саясаты мен сол кездегі діннің рөлі және оның атқарған қызметі туралы тақырып мазмұнын оқушыларға
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;
Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Қазақстан тарихы (8 сынып) Сабақтың тақырыбы: Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Осман империясы
Осман империясы
Ақтау қаласы, № 9 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Ж. О.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×