Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз ел – жастары

13 маусым 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Тәуелсіз ел – жастары
Мақсаты: «Тәуелсіз ел – жастары» атты кешімізді оқушыларға 1986 жылғы 17 - 18 желтоқсанда дүние жүзін дүр сілкіндірген оқиғаға байланысты жаңа тұрғыда насихаттай отырып, мағлұмат беру. Оқушыларды отанын сүюге, тарихымызды дәріптеуге,
имандылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу мақсат етілді. Бостандық іргесін қалауда өшпес із қалдырған тұлға ерлігін мақтан ете отырып, оқушылардың шыншылдық, ержүректілік, өз жерін, елін, отанын сүю қасиеттерін, патриоттық сезімдерін ояту.
І. Білімділік: Желтоқсан жаңғырығы туралы, желтоқсан көтерілісінің құрбандары туралы мағлұмат беру, білімін арттыру.

ІІ. Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, оқу техникасын, еркін сөйлеу және мәнерлеп сөйлеуін артыру. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

ІІІ. Тәрбиелік: Өз елінің патриоты болуға, елінің тарландарын тани білуге, құрметтеуге,
адамгершілікке, отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер. Әр түрлі оқулықтар «Халық қаһарманы» және «Желтоқсан құрбандары»деген газет, буклет, т. б материалдар.

Барысы:
Ұйымдастыру:
Кіріспе сөз. Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар! 1986 жылғы оқиға біздің есімізден әлі кетер емес. Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, өз елімізді дүние жүзіне танытып кеткен боздақтарымыздың әруағына тағзым ете отырып, оларды еске алуымыз керек
Тоғжан: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Талғат: Бүгінгі «Тәуелсіз ел – жастары»атты кешімізге қош келдіңіздер.
Тоғжан: Осыдан 18 жыл бұрын, яғни 1986 ж Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Желтоқсан көтерілісіне қазақ елінің аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ. Рысқұлбеков, Е. Спатаев, Л. Асанова және т. б апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.

Талғат: 1986 ж желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ.... Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата - бабаларымыз үш ғасырға жуық бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Тоғжан: Жарық етіп сөнген жасында, аз ғана ғұмыр кешсе де, өмірдің бар қызығын, бүкіл күш қуатын, жастық жігерін, махаббатын туған халқына арнаған Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы болды
Талғат: Бүгінгі кешіміз «Қанатты қайырылған желтоқсан құрбандарының»аруағына арналады. Соның бірі Қ. Рысқұлбеков қазақ халқының патриотты, халқымыздың қаһарманы. Ол тірі болса ақын болар ма еді?

Хор: А. Түменов орындауында «Қазақ жігіттері»әні
Тоғжан: Сан тұлпардың тұяғы шашып отты,
Қазақ қанша ғұмырдан басып өтті.
Бар түріктің жау жүрек ұрпақтары,
Аз көрді ме тағдырды қасіретті.

Талғат: Бұл жоңғардан кейінгі ұлы сүргін,
Сермемеді қазаққа қылышын кім.
Ұрпағы сол нәубетке ұшыраған,
Азалап мен жүректен жыр ұшыраған.
Тоғжан: Көрініс: Желтоқсан құрбандарының алаңға шығуы: «Әрбір ұлттың өз көсемі болсын», «Ешбір ұлтқа артықшылық берілмесін», «Жасасын Қазақстан». Қазағым – ау, қашанғы қор болып қой сияқты қор болып қой сияқты жүре бермекпіз? Не тілімізді, не жерімізді жаттан қорғай алмай мүсәпір күнге түстік қой. Абылайдай ер бармысың, қайдасың?- деген сөздер айтылады.

Талғат: Кім көріпті, о заман да бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде – үрей бар ұялаған,
Болсайшы аман, мына ғалам, дін аман.

Тоғжан: Бурыл көктің көкірегін тілгілеп,
Найзағайлар от билігін тұр билеп.
Ақ боранда құтырады ит деуші еді,
Алматының иттері ұлып, үрді кеп.
Талғат: Бауыржан Үсенов «Ерге салған жыр гүлі»мәтінінен үзінді.
Қайрат - Азамат Түменов.
Тергеуші – Айдынов Марат.
Милиционер - Смайлов Талғат пен Марат Дархан

Автор: Қысқаша баяндама оқылды. Содан соң Қайратты тергеуге әкеледі.
Қайрат: Таспа тілгенде тәнімнен тозақ құштырдың,
Балағаттайсың мені, бір түйінің түсіндім.
Жазықты емеспін, қайталай берем несіне,
Оқып көр міне өлеңге түнде түсірдім.

Тергеуші: Түкірдім мен жырларына,
Ит, не деген өткір едің
Ине сұқтым тырнағына,
Өлердей ғып тепкіледім.
Алдап - арбау тәсілімен.
Мойындата алмадым.

Қайрат: Мойындата алмайсың.
Тергеуші: Байқа. 87 – бұл бүлігі көп,
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп.
Тілінді безеп, өлең айт маған десең
Савинцкиді өлтірдің алаңда сен.
Қайрат: Бітер екен осы бір Кеңес қашан,
Өлтіргенім жоқ, көргенім жоқ мен ешқашан
Сенбесеңіз құдай мен достар куә.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 123
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік таңы
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік туралы түсінік беру. Тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, тәуелсіз еліне деген мақтаныш сезімдерін оятып, сүйіспеншілікке баулу.
Қазақстан - достық мекені
Қазақстан - достық мекені
СҚО, Петропавл қаласының №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп – кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×