Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


II Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы

01 қазан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
II Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған II дүниежүзілік соғыс жайлы, фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың бойына сіңіру.
Тәрбиелігі: Жас ұрпақтың бойына Отанға, халқына деген сүйіспеншілік сезімін арттырып ерліктің мәнін ұғындыру.
Дамытушылығы: Оқушыларға II дүниежүзілік соғыс мәнін ұғындырып мәтінде кездесетін термин сөздердің мәнін ашу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: Баяндау, мәтінмен жұмыс, сұрақ - жауап, көрініс.
Пайдаланылатын технология: Тірек – схемаларын пайдалану

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:
I. Ұйымдастыру. (1 мин)
II. Үй тапсырмасын тексеру. (7 мин)

А) Карта арқылы сабақ сұрау
Б) Сандар сыры (хронологиямен жұмыс)
В) Тест сұрақтары арқылы үй тапсырмасын қорытындылау

А) Карта
Б)
№ -----сандар
1) -------80 -%
2) -------8 - 10 апта
3) -------190 дивизия
4) -------153 дивизия
5) ------40 мың
6) ------170 дивизия
7) ------100 ден астам
8) ------22 маусым

В)
1. Гитлер «Барборосса» жоспарына қол қойды.
а) 1940ж. 18 желтоқсан
б) 1941ж. 22 маусым
с) 1941ж. күзде

2. Фашист әскерлері КСРО аумағына соғыс жарияламастан баса - көктеп кірді.
а) 1940ж. 18 желтоқсан
б) 1941ж. 22 маусым
с) 1941ж. күзде

3. Соғысқа Румыния, Венгрия Финляндия, Италия, Словакия және Хорватия әскерлері қатысты.
а) Германия жағында
б) КСРО жағында
с) Италия жағында

4. 1941 жылдың күзінде неміс әскерлері басып алды.
а) Молдавияны, Украинаны, Беларусияны
б) Ленинградты, Сталинградты, Мәскеуді
с) Курск, Харьков, Кавказды

5. Кеңес - герман майданына еріктіліктерден құралған дивизия жіберді.
а) Франция
б) Англия
с) Испания

6. Герман Қарулы күштерінің неше пайызы қатысты.
а) 40 %
б) 80%
с) 100 %

7. Немістер Курск және Харьков түбінде кеңес қорғанысын бұзып, мына өңірлерге жақындады.
а) Молдавия мен Украина
б) Ленинград және Мәскеу
с) Сталинград және Кавказ

8. КСРО - ның батыс шекаралық аймақтарында дивизия шоғырланған.
а) 153
б) 170
с) 190
9. Кеңес армиясының шабуылы нәтижесінде 100 - ден астам неміс дивизия талқандалды.
а) 1941ж. күзі мен қысы
б) 1942ж. күзі мен қысы
с) 1943ж. күзі мен қысы
10. 1943ж. жаздағы шайқас соғыстың түбірлі өзгерістерін айқындады.
а) Мәскеу
б) Ленинград
с) Курск

III. Жаңа сабақ жоспары:
1. Еуропадағы екінші майдан. Шығыс және Оңтүстік Шығыс Еуропа мемлекеттерін
фашизмнен азат етудің басталуы.
2. Германияның тізе бүгуі.
3. Жапонияның тізе бүгуі.
4. Халықаралық аренадағы күштер арақатынасының өзгеруі.

А) Жаңа сабақты карта арқылы баяндау.
Б) Жоспардың әрбір бөлімін тірек - схема арқылы көрсету.

1). 1944 жыл

Кеңес армиясы жаппай шабуылға шықты
Кеңес Одағы аумағын түгел жаудан тазартты
Күзде Румыния, Польша, Чехословакия, Югославия, Венгрияны азат етуге қатысты
Ағылшын - американ әскерлері екі десанттық операция жүргізді

2). Германия 1945
30 - сәуір Гитлер өзін - өзі өлтірді
7 - мамыр Эйзенхауэр Реймсте тізе бүгуі туралы алғышартына қол қойды
8 - мамыр Берлинде Г. Жуков төрағалығы - мен сөзсіз тізе бүгуі актісіне қол қойды

Қырым конференциясы
Германия аумағы - кеңестік, американдық, ағылшындық, француздық төрт басып алу аймағына бөлінді

Потсдам конференциясы
1945ж. шілде - тамыз. КСРО, АҚШ, Англия басшылары Германияға қарсы одақтастар саясатын жасады

3). Жапония1945 жыл

Америка флоты мен авиациясы күл - талқанын шығарды
Жапон басқыншылы - ғы Филиппин мен Бирмадан қуылып, Индонезия азат етілді
9 - тамыз АҚШ - тың Миссури атты кемесін - де Жапония тізе бүгуі актісіне қол қойды
6 - тамыз америка ұшақтары Хиросимаға атом бомбасын тастады
9 - тамыз КСРО соғыс ашып, Қытай, Корея, Сахалиннің оңт. Курил аралдары азат етілді
8 - тамызда америка Нагасакидің тас - талқанын шығарды

Видеоролик:
Хиросима және Нагасаки

4) Халықаралық аренадағы күштер арақатынасының өзгеруі

ІІ дүниежүзілік соғыс 6 жылға созылып, бүкіл әлемді қамтыды
Соғыстан кейінгі әлем қалпын өзгертті
Отаршылдық жүйе ыдырай бастады, бірнеше тәуелсіз мемлекеттер өмірге келе бастады
АҚШ пен КСРО арасындағы қарама - қайшылық ХХғ. ІІж. түгел қамтыды

IV. Бекіту
А) Хронологиямен жұмыс (1944, 1945 жылғы календардан болған оқиғаларды белгілеу )
Б) Картамен жұмыс жасату
В) Көрініс (алдын-ала тапсырылып, дайындалды) «Нюрнберг процесі»

Қатысушылар:
1. Хатшы (сотты шақыру)
2. Сот (II дүниежүзілік соғысқа қатысушыларды айыптау үшін Нюрнберг процесін бастау)
3. Айыптаушы (соғысқа қатысушы фашистердің жан түршігерлік әрекетін хабарлау)
4. Айыпталушы (өзінің қылмысын мойындау)
5. Куәгер (лагерлерде фашистердің тұтқындарды қорлағандарын растау)
Сот үкімі шықты.

Г) «Жұлдызды сәт» ойыны
1. Кеңес армиясы жаппай шабуылға шықты. (1944ж)
2. Кеңес армиясы күзге қарай азат етуге қатысты. (Румыния, Польша, Венгрия, Чехословакия, Югославия)
3. 1944ж екі десанттық операция жүргізілді. (Франция солтүстігі Нормандия, Франция оңтүстігі Марсель)
4. Фашистік блог толығымен қирады (1945ж. басы)
5. Одақтастар әскері Венаға кіріп, Берлинді қоршады (1945ж. сәуір)
6. 1945ж 30 сәуір (Гитлер өзін - өзі өлтірді)
7. Г. Жуковтың төрағалығымен фашистік Германияның тізе бүгуі актіге қол қойды (1945ж. 8мамыр)
8. Германия 4 одақтастар аумағына бөлінді (Қырым конференциясында)
9. Аса ірі 4 күнге созылған шайқас (1944ж. Лейте маңы)
10. Жапон басқыншыларын Филиппин мен Бирмадан қуып, Индонезияны азат етті (1945ж. жазында)
11. Америка Хиросима қаласын бомбылады (1945ж. 6 тамыз)
12. Нагасаки қаласын бомбылады ( 1945ж. 8 тамыз)
13. КСРО Жапонияға соғыс ашып Қытай, Корея, Сахалиннің оңтүстігін, Курилл аралдарын азат етті (1945ж. 9 тамыз)
14. Жапония тізе бүккенін мойындап актіге қол қойды (1945ж. 2 қыркүйек)
15. Уақытша ұлы державалар қатарынан шықты ( Германия, Италия, Жапония)
16. Біршама әлсіреген елдер (Англия, Франция)
17. Ұлы державаға айналған елдер (АҚШ, КСРО)

V. Қорытынды
Білем?
Білдім?
Білгім келеді?

VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу, сұрақтармен тапсырмаларға жауап беру.
9 259
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Дүниежүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі, Германияның өркендеуі және әскери - саяси одақтардың құрылуы, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы туралы баяндау.
Екінші дүниежүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыс
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс жайлы, фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіруі үшін соғыс жайлы өткен тақырыптарды қайталау
40 - 50 жылдардағы Халықаралық қатынастар
40 - 50 жылдардағы Халықаралық қатынастар
Соғыстың аяқталуы мен нәтижесін баяндау арқылы бейбітшілік өмірді бағалай білуге; бейбітшілікті ту еткен БҰҰ құрылуы туралы түсіндіру арқылы достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Оразалы батыр ауылы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Қазанатов Естай Тоқтыбайұлы
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, "М. Әуезов атындағы орта мектебі"КММ мұғалім Садыкова Мейірлі Жанұзаққызы
Екінші дүниежүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыс
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс жайлы, басталу себептеріне, фашизмге қарсы шайқастар мен барысы жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×