Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ

15 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Тарих
Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ
Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы - еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі тәрбиелілікке үйретудегі пәрменді тәсіл - адамдардың өзара тәлімі мен үлгісі екенін айтқанымыз жөн. Халық даналығы – «Адамнан - адам тәлім алады, ағаштан – ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаған.

Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға - тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық - зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық - зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.

Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады. Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында, алдағы елу жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта, қалай дамуы керек екендігін белгілеп берді. Әрине, осы міндетті болашақта жастардың жүзеге асыратындығы күмәнсіз. Олай болса, сол жастардың білім деңгейі, ата - анадан алған тәлім - тәрбиесі қандай дәрежеде деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толық, жан - жақты жауап беру әзірге қиындау, оған дәлел – бүгінгі қоғамымызда қылмыстың күннен - күнге көбеюі. Біздің ойымызша, оның себебі жастарымызға уақытында ұлттық тәрбиені бере алмағанымыздан туындағаны жасырын емес. Әрине, қазіргі таңдағы әлеуметтік - тұрмыстық жағдайдың нашарлауы да бұған әсер етуде. Сонымен қатар тәрбие саласына аса мән беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл Фараби:"Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы"- деген болатын.

Балалар – еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата - ананың міндеті. Ананың бесік жырынан басталатын қарым - қатынасы, іс - әрекет, әдет - ғұрып, салт - дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана - сезімін, мінез - құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз».

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
50 172
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жанұя бақыты
Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Шығарма: Отбасы бақыты
Шығарма: Отбасы бақыты
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
Зорлық - зомбылықсыз отбасы
Зорлық - зомбылықсыз отбасы
Исатай ауданы, Ғ. Мәсәлімов орта мектебінің Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Батима Рахметова
Балалық шақ - зорлық – зомбылықсыз және қатыгездіксіз
Балалық шақ - зорлық – зомбылықсыз және қатыгездіксіз
Ермаханова Майра Утепбаевна Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінде педагог - психолог
Зорлық-зомбылықсыз күн
Зорлық-зомбылықсыз күн
зорлық - зомбылық дегеніміз не екенін оқушыларға түсіндіру; адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
Зорлықсыз балалық шақ
Зорлықсыз балалық шақ
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің I cанатты бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы Сабақтың тақырыбы: Зорлықсыз балалық шақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×