Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тарихты білесіңдер ме?

16 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Тарих
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Үсітрт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Толегенова Мончак

Тақырыбы: 5 сыныптарда "Тарихты білесіңдер ме?" атты сайыс.

Тарихты білесіңдер ме?
Мақсаты: білімділік – Қазақстан табиғаты, табиғи байлықтары, рәміздері, қоғам қайраткерлері туралы білімдерін жинақтап көрсете білу;
тәрбиелік - оқушыларды ұлттық қасиеттерге тәрбиелеу, елін, жерін, Отанын, халқын, туған халқының тілі мен дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу;
дамытушылық – оқушының ой - өрісін кеңейту, танымдық деңгейін көтеру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, интерактивті тақта.

Барысы.
Ұйымдастыру.
Сайысқа 5 - сыныптың оқушылары қатысады. Оқушылардың білімін бағалау үшін қазылар сайланады. Ойыншылар сайыстың шарттарымен
таныстырылады.
Сайыс әнұранмен басталады.

Сайыс 7 кезеңнен тұрады
І.“Қазақ елі – менің Отаным”(20 сұрақтан құралған тест жұмысы, іріктеу кезеңі)
ІІ. “Сандарды сөйлет”
ІІІ. Картамен жұмыс
IV. “Қызықты сөздер”
V. “Мақал – сөздің мәйегі”
VI. “Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран”
VII. Қорытынды.

“Қазақ елі – менің Отаным”
Бірнеше жүз жылдай әлемдік картада Қазақстан деген мемлекет бары мен жоғы білінбеді. Себебі біз ол кезде Ресей империясының одан кейін Кеңес Одағының құрамында болдық. 1991 ж 16 - желтоқсанында өзіміздің тәуелсіздігімізді алып, егемен ел болдық.
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде әр әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

Интерактивті тақтадан 20 тест сұрақтары берілді.
1. Қазақстан егемен туралы декларация қай жылы қабылданды?
2. Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
3. Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп неліктен аталды?
4. Жер көлемі жағынан Қазақстан әлемде нешінші орында?
5. Еліміздің жер көлемі неше шаршы шақырымды алып жатыр?
6. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы неше шақырым?
7. Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі шекарасы қанша шақырым?
8. Қазақстанда қанша облыс бар?
9. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
10. Қазақстанның «Інжу - маржанын» атаңыз?
11. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
12. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
13. Қазақстан Республикасының жаңа астанасын атаңыз.
14. Ұлттық валюта – теңге қашан айналымға енгізілді?
15. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы қашан қабылданды?
16. Қазақстан рәміздерін атаңыз.
17. Халқының саны бойынша Қазақстан әлемде нешінші орынды алады?
18. Қазақстан БҰҰ - ға қай жылы мүшелікке қабылданды?
19. Қазақ ұлы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қай жылы ұшты?
20. Қазақстан Республикасының халық саны қанша?
Тест сұрақтарының жауаптары “activ bod” арқылы тексеріледі.
«Сандар сөйлейді»
Слайдта көрсетілген сандар мен жылдарға түсініктеме беру. Берілген ұпайларыңа байланысты сұрақтар күрделене түседі.

10 ұпай:
9 мамыр – Жеңіс күні;
1941 – ССРО - Германия соғысының басталуы;
1939 – ІІ дүниежүзілік соғыстың басталуы.
20 ұпай:
1466 – Қазақ хандығының құрылуы;
1954 – Тың игеру жылы;
1961 – Адам баласының ғарышқа алғаш ұшуы.
30 ұпай:
22 – Наурыз мерекесі;
3000 - Әлемдегі этнос саны;
98 – Конституциядағы бап саны.

Картамен жұмыс
Интерактивті тақтада берілген тарихи оқиғадан үзінді беріледі. Сол үзінді бойынша оқиғаның болған жерін картадан көрсетеді.
1 - оқиға. ХҮ ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр хандығынан бөлініп, қазақ аталған халықты ертіп,... жеріне келді. Сол жерді көрсет.(Жетісу)
2 - оқиға. 1836 - 1838 жылдары орыс үкіметіне арқа сүйеген Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің өз қарамағындағы халыққа көрсеткен қысымшылығына қарсы көтеріліс болды. Аталған Орда қай жерді алып жатты? (Еділ мен Жайықтың аралығы)
3 - оқиға. 1841 жылы Кенесарыны үш жүздің өкілдерінің жиынында ақ киізге отырғызып хан етіп сайлады. Кенесарыны қай жерде таққа отырғызды? (Ұлытауда)

«Қызықты сөздер»
1. Карта...(Жер көлемінің кішірейтілген нұсқасы)
2. Нумизматика...(Ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым)
3. Конституция...(Ата Заң)
4. Геродот...(Батыстың «Тарих атасы»)
5. Томирис...(Сақтардың патшайымы)
6. Шаңырақ....(Киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі)
7. Шекпен...(Қой немесе түйе жүнінен тоқылатын сыртқы киім)
8. Тымақ...(Түлкі терісінен тігілген ер адамның бас киімі)
9. Этнос...(Белгілі бір аумақта тұратын тілі мен ділі, шығу тегі ортақ ұлт)
10. Саба, торсық, келі, күбі...(Қазақтың ұлттық ыдыс – аяқтары)
11. Кебеже, абдыра, жастық ағаш...(Үйдің негізгі жиһаздары)

«Полиглот»
(қазақша - орысша)
1. Заң – Закон
2. Мемлекет – Госудаство
3. Елтаңба – Герб
4. Абыздар – Жрецы
5. Өлкетану – Краеведения
6. Егемен – Суверенный
7. Тәуелсіз – Независимый
8. Қонақжай – Гостеприимный
9. Атамекен – Земля предков.

«Мақал – сөздің мәйегі»
Мақалдарды жалғастыру
1. Туған жердей жер болмас, (туған елдей ел болмас)
2. Туған жер – (алтын бесік)
3. Батыр ел үшін туады, (ел үшін өледі)
4. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
5. Отан оттан да (ыстық)
6. Отансыз адам – (ормансыз бұлбұл)
7. Бейбіт елде (береке бар).

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран»
Блиц сұрақтар
Туған жер дегеніміз не? (Туған жер – адамның туып - өскен жері)
Сіздің туған жеріңіз қай ел? (Қазақстан Республикасы)
Сіздің өз еліңіз алдында қандай міндеттеріңіз бар? (Туған жерді қорғау, қадірлеу)
Ерлік деген не? (Туған жерді қорғап, қадірлеу – ерлік. Жақсы оқып, еңбек етсең – бұл да ерлік)

Қорытынды.
Қымбатты, оқушылар! Бүгінгі «Тарихты білесіңдер ме?» атты сайыс сабағымыз аяқталды.
Сайысымызды жыл бойы алған білімдеріңізді жүйелеп, бекітіп, тексеріп, қорытындылап кету мақсатында өткізілген болатын. Сабақ барысында өз білімдеріңізді сарапқа салдыңыздар, біліктіліктеріңізді көрсеттіңіздер. Сіздерді өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар болады деп сенемін.
Нәтижелерді шығару, бағалау, қорытындылау.
16 723
0
  • 100
4 дауыс


Жаңалықтар
Тарихты білесіңдер ме?
Тарихты білесіңдер ме?
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің, Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің Бүгінде әр әлемге даңқың жетті, Тәуелсіз Қазақстан - елім менің
Тарихтан сайыс сабақ
Тарихтан сайыс сабақ
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы, Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Т. А. Дюсегалиева
Сен білесің бе? (танымдық сайыс)
Сен білесің бе? (танымдық сайыс)
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жексемалиева Айгерім Ғилажқызы
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылы, Әл - Фараби атындағы орта мектеп Шынтаева Рауан Жайлаубекқызы
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Жер ортақ үйіміз
Жер ортақ үйіміз
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×