Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Хрущев кезеңіндегі Қазақстан өнеркәсібінің дамуы, «Тың эпопеясы»

04 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Хрущев кезеңіндегі» Қазақстан өнеркәсібінің дамуы, «Тың эпопеясы», Н. Хрущевтың аграрлық саясаттағы «жаңа курсы», 1947 жылғы реформа

Мақсаты:
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейінгі уақыттағы Қазақстанның экономикасын қайта құру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы білім беру.
Міндеттері:
Білімділік. Жалпы тақырыптың ішіндегі негізгі тарихи фактілерді анықтау, дерекпен жұмыс жасау және логикалық - құрылымдық сызбаларды толтыра білуге жаттықтыру.
Тәрбиелік: Отанға деген, оның өткен тарихына деген махаббат сезімін ояту.
Дамытушылық: Оқушылардың анализ жасау, салыстыру дағдыларын дамытып, жаңа тақырыпты зерттеуге деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Көрнекілігі: кеспе қағазадар, слайд.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, оларға бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін және бір - біріне қарап сәттілік тілеуге шақырамын.
Сыныпты 5 топқа бөлемін.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

«Топ басылар сайысы» ойыны
1. Қазақстанда бірқатар көркемөнер қайраткерлерінің соққыға ұшырауына алып келген 1946 ж БК (б) П ОК - ның қаулылары қандай журналдарға қатысты болды? («Звезда», «Ленинград»).
1. Көзқарасы ғылымға жат деп танылған ірі ғалым кім? (Ә. Марғұлан)
2. Мәскеуде «Дәрігерлер ісі», ал Ленинградта «Ленинград ісі» қаралып жатқанда, Қазақстанда қандай іс қаралды?(«Бекмаханов ісі»).
2. Саяси қуғындаулардың жаңа толқынының басталуына байланысты Қазақстанда тастап кетуге мәжбүр болған дарынды жазушы кім?
3. Бекмахановқа қандай айып тағылды? (орыс халқына қарсы үгіт жүргізуші және ұлт - азаттық көтерілісті(К. Қасымұлының) жақтаушы деген).
3. Биология, медицина және геология ғылымдары саласында жемісті еңбек етіп жүрген ғалымдарға қандай айып тағылды? (Космополит)
4. 1950 ж. «Правда» газетінде «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік - лениндік тұрғыдан баяндайды» деген мақаланың жариялануы қандай жағдайға алып келді?(Е. Бекмахановты ресми түрде саяси айыптауға).
4. КОКП - ның ХХ съезіне қаралған басты мәселе не болды? (Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптау)
5. Қай жылы Е. Бекмахановты кінәлі деп іске тартты?( 1951 ж., сәуір)
5. ХХ ғ. 40 - 50 - жылдары негізінен кімдер саяси қуғындауға ұшырады? (Қазақ зиялылары).
Қосымша:
1. Саяси қудаланған ұлт зиялыларының фамилияларын атаңдар: (А. Жұбанов, С. Мұканов, Ә. Марғулан, Қ. Сәтпаев, М. Әуезов).
2. Өзгеше ойлайтындарды саяси қудалаудың әдістері 50 - 60 - жылдары қандай болды? (партиядан шығару, жұмыстан шығару, психиатриялық емханаларға жабу).
3. КСРО денсаулық сақтау министрлігінің берген мәліметтері бойынша осы жылдары «өзгеше ойлайтын» қанша кеңес азаматы жаза тартқан? (90 мыңнан астам)

ІІІ Үй тапсырмасын бекіту.
ІҮ Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын және жоспарын жариялаймын, «Ара» ойыны тапсырмалар абзацтар бойынша бөлініп беріледі.
Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық байлығының ⅓ айырылды. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуінен 11 млн. 365 мың адамды Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді.
1945 жылы 23 маусымда КСРО жоғарғы Кеңесі сессиясы қабылдаған демобилизация туралы Заң қабылданды. Миллиондаған жауынгерлер бейбіт тіршілікке қайта оралды.
Әскерден қайтқандардың қатарында Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатовта болды. Жауапты қызметтерді атқарған кешегі жауынгер өзін сауатты маман ретінде көрсете білді, ауылды жандандыруда көп еңбек сіңірді, депутат болып сайланып, маңызды заңдарды қабылдауға тікелей қатысты.
1946 жылы 18 наурыз - 1946 - 1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспары туралы заң қабылданды.
Міндеттері:
1. Қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру.
2. Ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез қарқынмен дамыту.
3. Жаңа теміржол желілерін салу.
4. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт өнімдерін шығару үшін қайта құрылды.
Бесжылдық құрылыстары:
- 1946 - 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау - кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды.
- Теміртау Металлургия зауытында үй прокат станы, 2 мартен пеші салынды.
- Ақтөбе ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды.
- Өскеменде 1947 жылы қорғасын - мырыш комбинаты салынды.
- Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды.
- Маңғыстауда жаңа кесіндінің құрылысы аяқталды.
1950 жылы мұнай өндіру 52%- ға артты.
50 жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі:
- Семей илеу - сығынды зауыты өнім бере бастады.
- Қызылорда тігін фабрикасы іске қосылды.
- Жамбыл, Қызылорда, Павлодар тері зауыттары салынды.
Көлік жүйесінің дамуы:
- 1950 жылы ұзындығы 483 км Мойынты – Шу темір жолы салынды:
- Жамбыл - Шолақтау теміржол іске қосылды.
Байланыс ісі жақсартылды:
- Барлық аудан орталығы телефон байланысына қосылды:
- 1949 жылы көктемде Алматыда елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды.
- Радио жүйесі 2 есе артты.
Республиканың шаруашылық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының өсуіне ықпал етті.
1945 жылы – 1 млн 44 мың адам
1950 жылы – 1 млн 403 мың адам.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 824
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
Хрущев кезеңіндегі Қазақстан өнеркәсібінің дамуы
Хрущев кезеңіндегі Қазақстан өнеркәсібінің дамуы
Ақпараттарды талдау, нақтылы тарихи оқиғалардың қарама-қайшылықтарын таба білу дағдыларын, өз ойын жүйелі әрі еркін жеткізу біліктіліктерін қалыптастыру.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы
Қазақстанның ауыл шаруашылығы
Қазақстандағы Ұлы Отан соғысынан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайымен таныстыру. Еліміздегі тың және тыңайған жерлерді игерудің барысын және тарихи маңызын ашып көрсету.
Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы Қ. И. Сәтпаев
Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы Қ. И. Сәтпаев
ХХ ғасырдың 1 - жартысындағы Қазақстандағы білім беру мен мәдениеттің жалпы дамуы, ерекшелігі туралы мәлімет беру, мәдени құрылысты жан - жақты түсінуге жағдай туғызу.
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру
Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның негізгі ерекшеліктері жайында жалпы мағлұмат беру, тың игерудің тарихи маңызын, нәтижесі мен салдарын түсінуге жағдай жасау.
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шолакова Райса Бабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×