Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұрымды қыз

13 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Технология
9 - сынып оқушыларына арналған сайыс кеші.
Тақырыбы: Бұрымды қыз
Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б. жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

І - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, аяулы ата - аналар, және де осы мектептің оқушылары! Бүгін сіздер мектебіміздің «Бұрымды қыз» байқауын тамашалауға келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер. Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу - маржан шашылсын!

ІІ - жүргізуші: Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі - жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты».

І жүргізуші: Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар жан күйер, әр қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық!

ІІ жүргізуші: Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.

І жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаздай күліп жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі»деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам - дей отырып
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Бұрымды қыз» атты байқауға қош келіпсіздер!

ІІ жүргізуші: Шық аруым жарысқа,
Бір - біріңнен қалыспа.
Өнеріңді байқасын,
Мына отырған халық та - демекші бүгінгі мектепішілік байқауымыздың аруларын ортаға шақырамыз. (арулар ортаға кезекпен шығады).
-----------------------------------------------
-----------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------
Уа, арулар, арулар,
Ешкімің жоқ алалар,
Ару болу үлкен сын.
Оны қазың бағалар,- деп қазылар алқасымен таныстырамыз._______________________________________________

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 955
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем аруы - 2019
Көктем аруы - 2019
қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың
Ару қыз!
Ару қыз!
Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Көпшілік алдында өзін — өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Ананы құрметтеуге, ардақтауға тәрбиелеу.
Он саусағынан өнер тамған қазақ арулары
Он саусағынан өнер тамған қазақ арулары
Қазақ халқының әдеп-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру;
Балғын ару (сайыс сабақ 4 сынып)
Балғын ару (сайыс сабақ 4 сынып)
"Балқаш қаласы №15 жбб орта мектебі"КММ Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Балғын ару - 2013
Балғын ару - 2013
Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×