Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ою өрнек. Ою элементтерімен танысу

23 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: «Ою өрнек. Ою элементтерімен танысу»
Сабақтың мақсаты: Ою - өрнек туралы түсінік беру.
Білімділік: Қазақ халқының ою - өрнек түрлеріне сипаттама беру. Ою - өрнектің түрлерімен таныстырып, шығу тарихын туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ою - өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ою - өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың ой - өрісін, білімін жан - жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ, топпен жұмыс.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: "Ә. Қастеевтің сөзі","Ою - өрнектер", "Сергіту сәті", "Б Момышұлының сөзі"
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, әдебиет, Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасып түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білімін тест арқылы тексеру.
1. Өзіне - өзі қызымет ету түрлері
А) Киімді күту. Ә) Түйме қадау Б) жемістерді сақтау.
2. Жамаудың түрлері.
А) сорлау Ә) сырлау Б) көркемдеу.
3. Киімді жамауға қажет құрал - жабдықтарды ата?
А) оймақ, ине, жіп, қайшы. Ә) күрек, айыр. Б) балға, балта кемпірауыз.
4. Киім түрлері.
А) ақ жайма Ә) жапқы б) орамал, алжапқыш
5. Қай матаның түрінен бір мамандыққа байланысты киім тігіледі?
А) тұрмыстық Ә) техникалық Б) арнайы
6. Киімнің негізгі неше түрі бар?
А) 2 Ә) 5 Б) 3
7. Күнделікті киімдер қай киімнің түріне жатады?
А) тұрмыстық Ә) формалық Б) өндірістік
8. Түрлі ойын кезінде, спортпен шұғылданғанда қыдырып серуендегенде шалбардың қай жері тозады?
А) белдігі Ә) тізесі Б) балағы
9. Жамау матасы жыртықтың аумағынан неше сантиметр артық болуы керек?
А) 1 - 2см Ә) 5 - 6см Б) 3см
10. Алжапқыш қай киімнің түріне жатады?
А) Формалық Ә) тұрмыстық Б) өндірістік
ІІІ. Психологиялық дайындық
Сөзжұмбақ шешу арқылы келесі жаңа сабаққа көшу. Оқушылар сөзжұмбақты шеше отырып жаңа сабақ қандай тақырыпта өтетінін анықтаймыз.
1. Тігінші құралы (Оймақ)
2. Иық бұйымдарының бірі. (Костюм)
3. Ұлттық баскиім (Бөрік)
4. Қазақтың Ұлттық саз аспабы. ( Домбыра)
5. Ертеден бүгінгі күнгедейін жеткен үй жиҺазы. ( Сандық)
6. Қалдықтың баскиімі (Сәукеле)
7. Ұлттық аяқкиім (Кебіс)
О
Ю

Ө
Р
Н
Е
К
ІҮ. Жаңа сабақ жоспары
1. Ою өрнектің шығу тарихы
2. Ою - өрнектің топтары
3. Ою - өрнектің қасиеті
4. Оюды, ою сызбасымен таныстыру
1. Ою - өрнектің шығу тарихы. Ою - өрнектің шығу тарихына тоқталмас бұрын, ою - өрнек дегеніміз не, соны талдап алайық. Бедерлі түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады.
Ал киім-кешекке, түскиізге, т. б қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі бірге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Сонымен ою - өрнек дегеніміз - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.
Ал шығу тарихына келер болсақ, қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму жолы, тарихы бар. Тарихи - ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алған. Академик Әлкей Марғұлан ағамыз бұл өнер туындысы сақ, ғұн, үйсін, түрік, қаңлы, қыпшақ секілді көне көшпелі тайпалардың өнерінің негізінде қалыптасты дейді. Ата - бабаларымыз жазу, сызуды білмей тұрғанда тау, тасқа белгі, таңбаларын салған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғарып, біліп отырған. Қазақ ою - өрнегі ғасырлар бойы дамып, қ
азақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай жалғаса дамып келе жатқан, ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді. Мысалы: әр бір қазақтың үйіндегі сандық, алаша, киіз, құрақ көрпешелер, апаларымыздың зергерлік бұйымдары, ат әбзелдерінде, сонымен қатар мемлекеттік рәміздерден көре аламыз.
2. Ою - өрнек топтары. Қазірде ою - өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар ою - өрнекті 4 топқа бөледі. 1. Зооморфты 2. Өсімдік пішіндес 3. Геометриялық 4. Космогониялық.
Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: "Қошқар мүйіз" оюы молшылықты меңзейді, ал "ағаш "оюы ынтымақ бірлікті, "ирек"оюы адамның өмір жолы дегенді білдіреді. Жасалу жолдарына қарай ою - өрнек: қима ою, ойма ою, сызба ою, шексіздікке ұластыра ою болып бөлінеді..
1. Қағаз немесе былғарыдан, матадан, картоннан тұтас қиып алынған ою - өрнек қима ою деп аталады.
2. Қағаз немесе матаны қайшымен ойып, ою - өрнек жасауды ойма ою деп атайды.
3. Сызылып барып кесілген ою үлгілерін сызба ою деп атайды
4. Бір - біріне жалғастыра сызып, кесілген ою шексіздікке ұластыра ою деп аталады.
ІІІ. Ою - өрнектің қасиеті. Қазақтың ою - өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан өнер түрі. Оған мысал ретінде "Сырмақ шерткен сыр" аңыз әңгімесін айтып берейін.
Ертеде бір әділ хан болыпты. Оның жарлығымен қол астындағы халық, үй жиһаздарын, киім - кешек, құрал - саймандарын, қару жарақтарын ою - өрнектермен әдемілеп ұстайтын болған. Сондықтан оны халық Ою хан атапты. Бір жылдары бөтен елдің ханы жаулап алып, ою ханды зынданға тастапты. Ою ханның орнына хан болып, бұрынғы салт - дәстүрді, ою - өрнекті жойып, жаңаша құрмақ болады. Жаңа дегендердің бәрі тез ұмыт бола береді. Оған жөн айтқан адамдардың көзін жоя берген. Сондықтан оны жою хан деп атапты. бұл кезде Ою хан зынданда жағдайдың бәрін естіп - біліп жатыпты.
Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолдағы аңның бәрін түгел қырқып, ойына келгенін істеп келе жатырғанында бір үкі мұның бетіне шапшып, екі көзін ойып жібереді. Еш нәрсе көре алмай тентіреп келе жатып, жардан құлап батып өледі.
Жою хан баласына іздеу салады.
- Кімде кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды. Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге баратынын хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып, жолға салады. Ол дәрі - дәрмегін алып орманды аралап келе жатса бір тастың астынан.
- Жойылсын, Жою хан!- деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қараса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұр тышқанды көреді. Оның аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді. осылайша кездескен аң - құстың барлығын емдейді. ең соңында қанаты сынған үкіні емдеп, " Жою ханның баласын көрдің бе?"- деп сұрайды.
- Қатыгез хан баласы жолында кездескен сұр тышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты жаралып, балықты құрлыққа тастап, қайтып айналып келіп, сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені бұл аңдардың барлығы Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр.
Мұның бәрін естіген Ою хан үйіне келіп, оюлап, оқиғаның желісін сырмақтың бетіне ою түрінде түсіріп, Жою ханға алып келеді. Жою хан сырмақтың оюына қарап отырып оқиғаны былайша тарқатады.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, жағдайларды көрсету.
- Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухта, тәні аруаққа айналды деп тұр ма?
- О, жалған! Менің ұлым шынымен өлгеніме? Өлтірем!!!- деп қылышын суырып Ою ханға төнеді Ою хан саспастан жою ханның өз жарлығын есіне салады. Ханның екі айтқаны өлгені деп, жарлық бойынша өз басын алады. Ою ханды ел - жұрты қайта хан көтереді. Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған деседі. Бұл аңыздан ою - өрнектердің барлығын қоршаған ортадан алғанын көреміз.
ІҮ Оюды ою сызбасымен таныстыру. Қазақ ою - өрнегін жасаудың өзіндік принциптері бар. Олар: Композиция дегеніміз - өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру. Колорит дегеніміз - ою - өрнектің бояу түрлерінің бір - бірімен үйлесіп, жарасым табуы. Осы жерде әр түстің нені білдіретінін айтамын. Мысалы: Көк түс - аспанның, қызыл түс - оттың, ақ түс - ақиқаттың, сары түс - ақыл парасаттың, жасыл түс - жастықтың көктемнің символы.
Симметрия дегеніміз - ою өрнекте бір элементтің қайталанып келуі.
Ритм дегеніміз - ою - өрнекте бір элементтің қайталанып келуі.
Ү. Дәптермен жұмыс: жаңа сөздерді жаздыру. Композиция, колорит, симметрия, ритм.
ҮІ. Теориялық бөлімді қорыту.
Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып, ою оям - деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай бізде келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.
ҮІІ. Сарамандық жұмыс.
Сарамандық жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережені еске түсірейік. Қайшымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережені білеміз жеке - жеке айтырамын. Ою - өрнекке қарап отырып қағазымызға қарандашпен өрнек жобасын салып қиып үйренеміз, бұл сызылып барып қиылған ою сызба оюы. Оны желіммен бетке жапсырамын.
ҮІІІ. Сергіту сәті.
Мақалдың жалғасын тап.
1. Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей.
2. Ер қадірін ер білер, зер қадірін зергер білер.
3. Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ел көгерер.
4. Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы.
5. Не ексең, соны орасың.
6. Ақыл көпке жеткізер, өнер өрге жеткізер.
7. Еңбек ширатады, өмір үйретеді.
8. Ою ойғанның, ойы ойғанның, ойы ұшқыр.
ІХ. Сабақты бекіту
Сабақты сұрақтар арқылы бекітемін.
1. Ою - өрнек дегеніміз не?
2. Оюдың қандай топтарын білесіздер?
3. Симметрия дегеніміз не?
4. Ритм дегеніміз не?
5. Ою - өрнек деген қос сөзі латынша қандай ұғым? (орнамент)
Х. Оқушылардың жауабын, жұмыстарын бағалау, сараптау
ХІ. Үй тапсырма. Ою - өрнектерден буклет жасап келу.
8 884
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды өрнектер
Санды өрнектер
Амалдар таңбалары және қажет болған жағдайда жақшалардың көмегімен сандардан құрастырылған өрнек санды өрнек деп аталады. Санды өрнектегі көрсетілген барлық амалдарды орындау нәтижесінде шыққан сан өрнектің мәні деп аталады
Ою-өрнекті қию және жапсыру
Ою-өрнекті қию және жапсыру
Қазақ халқының ою - өрнек түрлеріне сипаттама беру.
Санды өрнек және әріпті өрнек
Санды өрнек және әріпті өрнек
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Санды және әріпті өрнектер туралы түсінік қалыптастыру. Әріпті теңдіктерді құру, оқу және жазуымен таныстыру, оларды бір - бірінен ажырата алуға үйрету.
Ою-өрнек түрлері
Ою-өрнек түрлері
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Ою өрнек және сәндік декор
Ою өрнек және сәндік декор
Авторы: Бирманов Нуржан Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Тақырыбы: Өрнектер және сәндік декор
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×