Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұқа қаңылтырдан бұйымдар дайындау

26 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды құрал - жабдықтар және металды ию
тәсілдеріне, жұмыс кезіндегі ұқыптылыққа үйрету
Жұмыс объектісі: Қалақ
Көмекші құралдар: Сызба, сызғыш, чертилка, киянка (ағаш балға),
егеу, балға, метал кесетін қайшы, ию құралы
және т. б.
Жұмыстың орындалу реті:
Әдістемелік нұсқаулар:
Сабақты оқушылармен әңгімелесуден, сұрақтар қоюдан бастаймыз: өткен сабақта не жасадық? Қалақ жасау үшін қандай материалдар қажет? Қалақ жасау жұмыс реті қандай? Қаңылтыр бетіне белгілер не арқылы салынады? Металмен жұмыс істеген кездегі қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелері? Қалақтың басының жазбасын қалай түсіреміз?
Сіздер жұқа металдарды, қаңылтырды қайшымен кесіп үйрендіңіздер. Мектеп шеберханасында балға мен шапқына пайдалануды үйрендіңдер. Енді металдың түрлерін өңдеуді үйренесіңдер. Мұндай жұмысты метал кесу деп атайды.
Металды кесу үшін оған қажет қыспақтар мен құрал - саймандардың қызметін білу қажет. Слесарлық балғалар, шапқы т. б. балғалардың массасы 200, 400, 600 г. Сабы балғаның массасына қарай 250 - 300мм.
Бұйымды дұрыс кесу үшін және жарақат алмау үшін, оны шапқан кезде балғаға емес, шапқаның жұмыс бөлігіне қарау қажет. Оның бас бөлігін екі рет емес, бір ұрғанда кесетін етіп күш жұмсаған дұрыс. Соғу күші шабылатын металдың қалыңдығына байланысты.
Металды кесу барысында мынадай техника қауіпсіздігі ережелері сақталуы тиіс:
1. Шабу алдында балға сабының берік сапталғанын тексеріңіз. Ол
сынамен бекітілген бе?
2. Жұмыс барысында ақауы бар балға мен шапқыны пайдаланба.
3. Сабы жарылған және жұмыс бөлігінде жарығы бар егеумен жұмыс істеме.
4. Метал жаңқаларын үрлеме, тек арнайы қыл сүрткімен тазала.
Металды қолмен түзететін құралдардың қатарына басы дөңгелек темір балға және ағаш балға жатады.
Ию дегеніміз – бұйымға неме оның белгілі бір бөлшегіне қажетті үлгі беру үшін жасалатын слесарлық операция.

Бізде қалақ жасау барысында металмен жұмыс жасаудағы операцияларды көп кездестіреміз.
1. Дайындама таңдап алу.
2. Дайындама бетіне өлшемдерді ( қалақ жасбасының) белгілеу.
3. Өлшем бойынша қию.
4. Өлшем бойынша майыстыру.
5. Қалақ сабын дайындау.
6. Қалақтың басы мен сабын бірін - біріне біріктіру.
7. Дайын болған бұйымды көркемдеп өңдеу.

Жұмыс барысында оқушылардың қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауын қадағалау.
Сабақтың соңында: Оқушылар дайындаған бұйымдарды тексеру, бағалау.
Жұмыс орынын тазалап жинау. Құрал - саймандарды
кезекшіге немесе мұғалімге тапсыру.
Технологиялық карта
Жұқа қаңылтырдан қалақ дайындау
Жұмыстың орындалу реттілігі Операция эскиздері Қолданылатын құрал - жабдықтар
Дайындама таңдап алу.

Дайындама бетіне өлшемдерді белгілеу.
Сызғыш, чертилка
Өлшем бойынша кесіп, майыстыру Қайшы, майыстыру құралы, балға
Қалақ сабын дайындау
Қалыңдығы 3 - 3, 5мм қаңылтыр
Қалақтың басы мен сабын бірін - біріне біріктіру
Төс балға, тойтарма шеге
Дайын болған бұйымды көркемдеп өңдеу.
Егеу, түрткі қағаз, бояулар
12 371
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек (ұл балаларға арналған) 5 - сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 5 - сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 5 - сынып
Құлыпқа арналған құлақша дайындау
Құлыпқа арналған құлақша дайындау
Қаңылтырдан әртүрлі бұйымдарды жасау әдістерін үйрету. Оқушыларға қаңылтырды кесу, егеу, бұрғылау әдістері арқылы бұйымдар жасау тәсілдерін үйрету.
Технология пәнінен 5 - 9 сыныпқа арналған тест жинағы
Технология пәнінен 5 - 9 сыныпқа арналған тест жинағы
ШҚО, Үржар ауданы, Қаратал орта мектебінде технология, бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі Жунусов Марат Садырбайұлы
Ағаш өңдеу құралдары
Ағаш өңдеу құралдары
Сабақтың мақсаты: - оқушыларды ағаш өңдейтін негізгі құрал - саймандармен таныстыру.
Металдар технологиясы
Металдар технологиясы
Сабақ мақсаты металдар туралы метал өңдеу құралдары туралы түсінік беру, металмен жұмыс жасауды үйрету, оқушыларды еңбекке баулу, еңбекке тәрбиелеу.
Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету
Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету
ШҚО, Семей, Новобаженово ауылы, сызу және сурет пәнінің мұғалімі Жанысбаева Алмагул Адильхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×