Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Технология пәнін инновациялық әдіспен оқыту

26 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Технология
Технология пәнін инновациялық әдіс - тәсілдермен оқыту
Оқушылардың технология пәніне деген танымдық қызушылығын арттырудың сан - алуан тәсілдері бар, мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне байланысты ол тәсілдер оқушылардың оқулықпен оны практикада ұштастыра отырып, іс - жүзінде орындап шығумен бірге оқушының ой - өрісін дамытып, білімді тереңірек меңгеруге жәрдемдеседі.

Сабақтың қызықты да тартымды және тиімді өтуі мұғалімнің білім деңгейіне, сабақ беру шеберлігіне тікелей тәуелді. Оқу үрдісінде әртүрлі педагогикалық технологияларды қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратын озық оқыту әдістерінің бірі болып табылады. Жаңа технологияны пайдалана отырып сабақ жүргізу бұл мұғалімнің шеберлігіне, іскерлігіне байланысты. Болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті.

Технология пәнін оқытуда - еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу көзделеді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Негізгі мақсатымыз – Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеттілік – еңбек ету. Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. Қол өнер шеберлігіне меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірмен, өзінің іс - әрекетімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезіп, қабылдауға үйретеміз.

Еңбек тәрбиесі арқылы қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі дайын бұйымдарды зерттей отырып, баға беру мен келешек кәсіби іске қажетті эстетикалық, ұлттық, этникалық бағалы қасиеттерді өз бойларына қалыптастырады.
Инновация - оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу оқушылардың сапалы да саналы білім алуының бірден - бір шарты. Инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден - бір шарты. Технология пәні – сызу, бейнелеу, математика, тарих пәндерімен тығыз байланысты.

Технология сабағында жобалау әдісін қолдану
Жобалау әдісі - белгілі бір проблеманы бөлшектеп өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілі. Жобалау әдісі әрдайым оқушылардың өз бетімен жұмыстануына бағытталған. Оны оқушылар белгілі бір уақыт аралығында жеке, жұппен, топта орындауы мүмкін.
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлігін оқушы мұғалімнің, ата - ананың көмегімен орындай алады.
Жобаның түрлері:
• Шығармашылық жоба
• Ақпараттық жоба
• Тәжірибелі бағдарланған жоба
• Зерттеу жобасы
Жобаны орындау тәртібі:
1. Іздену кезеңі
2. Жобаның тақырыбын таңдау
3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау
4. Жоба идеясын, тақырыбын бекіту
Жобаның негізгі бөліктері:
1. Берілген бұйым кімге арналған
2. Арналған бұйымның қажеттілігі
3. Бұйымның мақсат, міндеттілігі
4. Экономикалық есебі
5. Бұйымды бағалау және байқау
Жобалау әдісінің нәтижесі материалдық рәсімделген болуы тиіс (видеофильм, альбом т. б.).
Жобалау әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз беттерімен құрастыра білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ол мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.
Шығармашылық жобаны рәсімдеу:
1. Бастапқы бет
2. Мақсаты, міндеті, болжамы
3. Шығу тарихы
4. Жалпы эскиз
5. Нұсқау, карта
6. Қажетті құрал - саймандар
7. Экономикалық есеп
Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу үшін төмендегідей жұмыстар істелуі шарт:
 Мұғалім мен оқушы арасында тұлға аралық қатынас болу
 Сыйластық пен сенім
 Оқушыларды ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулу
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп өткізу қажет. Ең бастысы оқушылардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен айналысып отыруын қадағалау.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтары үш кезеңнен тұрады:
1. Қажетті материалдарды жинау
2. Ойын кезеңі
3. Қорытындылау
Модульдік оқыту технологиясы - балаларға жеңілдік жасап, оқушы мен мұғалім қарым - қатынасына теңдік жасап, оқушыларды қатты қыспай, еркін сөйлеп қызықтырушы көрнекілікпен баулу.
Әр мұғалім жаңа технологияларды меңгеріп, пән аралық байланыстыру, кірістіру сабақтарын кеңінен қолдануы қажет.

Қолданылған әдебиеттер:
«Мектептегі Технология», «Шебердің қолы ортақ» Тәжімұратов. Д.
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
«Жобалау әдісі - жобалы оқыту құралы» Бағдаулет. Ж., Педагогика мәселелері 2010ж.
8 510
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заманауи технологияларды білім беруде пайдалану
Заманауи технологияларды білім беруде пайдалану
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.
Жаңа ақпараттық технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану
Жаңа ақпараттық технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану
Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – жана технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен
Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологиялардың қолданылуы
Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологиялардың қолданылуы
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осы орайда, ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану заман талабына сай мұғалімдерге педагогикалық тәжірибе жинақтауға,
Физиканы оқытуда инновациялық технологияның озық әдістерінің бірі – ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалану
Физиканы оқытуда инновациялық технологияның озық әдістерінің бірі – ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалану
Шымкент қаласы, №103 жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Бекбосынова Бахыт Нурмахановна
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп - лицейдің тарих пәні мұғалімі Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Тұлғаны дамытуға бағытталған инновациялық орта құру
Тұлғаны дамытуға бағытталған инновациялық орта құру
Даулетиярова Айман Біржанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қобда ауданы, Жиренқопа орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×