Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шеберлерден үйренейік

19 тамыз 2012, Жексенбі
Категориясы: Технология
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
№105 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Нұрханова Жанат

Тақырыбы: Шеберлерден үйренейік.
Мақсаты:
1) Білімділігі: Оқушыларға жаңа сабақты меңгерту. Матаны таңдау жолдарын, кесте тігуді меңгерту. Еңбек құралдарын пайдалана білу мен өз өнерін бағалай білуге баулу;
2) Дамытушылығы: Оқушылардың ой - қиялын дамыту, дүниетанымын, байқағыштығын, шығармашылық қабілеттерін, өз қолдарымен қажетті бұйымдар жасауға, қол ептілігін дамыту;
3) Тәрбиелілігі: Еңбек мәдениетін сақтауға, іскерлікке, талғампаздыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа баулу;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ой - қозғау, топтастыру, сергіту сәттері, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта(презентация), балалар шығармашылығынан көрме, нақыл сөздер
Қажетті құралдар: мата түрлері, кесте тігуге арналған ине - жіп, қайшы, кергіш

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Оқу, құрал, дәптер ал
Сабаққа керек ол құрал.
Досыңдай сенің күн күліп,
Жаныңда тұрсын күнделік.
Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Орыс, ұйғыр халқының кестесі.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
- Кестенің қандай түрлерін білесің?
- Қазақ, орыс, ұйғыр халқының кестелерінің ерекшеліктері неде?
- Бұйымды не үшін кестелейді?
- Кесте өнердің қай түріне жатады?

ІҮ. Жаңа сабақ
1. Кіріспе сөз
Біз, қай заманда өмір сүрсек те, адам өміріндегі ең негізгі іс - ол еңбек болмақ. Еңбексіз өмір жоқ. Оны күнделікті өздеріңнің ата - аналарыңның тынымсыз еңбектерінен байқауға болады.
Дана халқымыз «Баланы бастан» деген нақылды бекер айтпаса керек. Тәлім - тәрбие алуда, теңіздей терең білімді игеру де еңбекпен байланысты. Еңбек үстінде адам шыңдалады, икемделеді, шеберленеді.

А) «Ой қозғау» әдісі.
- Шебер адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар? (топтастыру)

Осы жақсы қасиеттерді біз еңбекке баулу пәні арқылы үйреніп, бойымызға сіңіреміз.
Ә) Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күннің ретімен, жаңа сабақтың тақырыбын жазамыз.
Сәуірдің 27 - сі.
Шеберлерден үйренеміз.
Б) Мағынаны тану.
105 - беттегі суретпен жұмыс.

- Бұл суретте тәжірибелі шебердің жұмысы бейнеленген. Онда кестелеу өнерінің негізі болып саналатын «тепшу» тігісі ғана қолданылған.
Матаны таңдау.
Кез келген матаға кестелеуге болады. Мақта, кенеп және жібек маталар кесте тігуге жақсы. Матаны кестенің түріне қарай таңдаған жөн. Жануарлар бейнесін кестелеу үшін тығыз мата керек. Бір жіппен кестелеген өте әдемі көрінеді.
Матаны кестеге дайындау:

1. Матаны жылы сумен жуады. Мата отыруы керек.
2. Матаның шеті сетінемеу үшін оның жиегін қайшымен қияды немесе тігіспен бастыруға болады.
3. Матаның бетіне кесте суреті түсіріледі.
4. Матаның өлшемдері кесте шарғысына сәйкес керілуі тиіс.
5. Шарғы диаметрі 15 см немесе 25 см болуы керек. Сурет салынған мата екі шарғының арасына бекітіледі. Мата бұранда арқылы керіліп тартылады.
6. Кестелеуге мулине жібін пайдаланыңдар. Олардың әр түрлі түсін таңдап алыңдар.
7. Барлық нәрселер өз орнында болуы тиіс. Кесте тігетін матаны құрал - саймандар мен жіптен бөлек ұстаңдар. Матаның әрбір бөлігін полиэтилен пакетке сақтау керек.

Ү. Сармандық жұмыс.
Қажетті құрал - жабдықтарын түгендеу. Қауіпсіздік ережесі мен жеке бас гигиенасы, қайшымен жұмыс істеу ережелерін еске түсіру.
Құрал - жабдықтарымызды парта бетіне реттеп қойып аламыз. Олар жұмысқа кедергі жасамауы керек. Әрқайсысы өзінің алдындағы дайындаған материалдарымен жұмыс істейді.
Көрсетілген үлгілердің элементтерін пайдалану арқылы немесе өз қиялдарыңа ерік беріп, шеберліктеріңді көрсетіңдер. Жұмысты бастамас бұрын нені қалай жасауға болатынын жақсылап ойланып алыңдар.
Олай болса, іске сәт, балалар!

Сергіту сәті.«Өз орныңды тап» ойыны.
Жаңа сабақты бекіту.
Топпен жұмыс.
І топ: «Жалғастыр» ойыны. «Өнер, еңбек, шеберлік» туралы мақалдардың жалғасын табу;
ІІ топ: Жұмбақтың шешуін табу;
ІІІ топ: «Кім жылдам?» тест тапсырмасын орындау;
ҮІІ. Бағалау.
Оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: кесте тігіп келу.
14 993
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы
Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы
Ата - бабамыздың халыққа сіңірген орасан зор еңбектерін балаларға насихаттау. Қоржын пішу және тігін технологиясын үйрету.
Құрақ құрау, оның түрлері және қолданылуы
Құрақ құрау, оның түрлері және қолданылуы
Мақсаты: 1. Оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат беру. Нарықтық экономикаға байланысты матаны үнемдеу, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыру.
Технологиядан сабақ топтамасы
Технологиядан сабақ топтамасы
Ойыл қазақ орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі Базарова Рая Кәкіқызы
Мата өндірісі. Мақта және зығырдың қасиеттері
Мата өндірісі. Мақта және зығырдың қасиеттері
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділігі: Оқушыларға жаңа сабақты меңгерту. Матаны таңдау жолдарын, кесте тігуді меңгерту. Еңбек құралдарын пайдалана білу мен өз өнерін бағалай білуге баулу;
Панно түрлері
Панно түрлері
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы И.Құтпанұлы атындағы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Қойшыбаева Бәтима Қаниқызы
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Пирманова Гульжамила Альзакқызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×