Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бутербродтарды жасау (ашық, жабық) шай даярлау

25 қыркүйек 2012, Сейсенбі
Категориясы: Технология
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№266 мектеп - лицейдің технология пәнінің мұғалімі:
Ержанова Арай Аманбаевна

Сарамандық жұмыс. Бутербродтар жасау (ашық, жабық) шай даярлау.
Жұмыстың мақсаты: Әр түрлі бутербродтар дайындап үйрену.
Керекті құралдар: тақтайлар, көкөністер үшін пышақтар, нан, ірімшік, жұмыртқа.

Азық - түліктер: Нан, шұжық, ірімшік, пісірілген жұмыртқа, қызанақ, қияр, аскөк.
1. Нанды турап, ашық және жабық бутербродтарға пайдалану.
2. Сүрленіп пісірілген шұжықты турау 2, 5 - 3мм
3. Ірімшікті турау 1 - 2мм
4. Жұмыртқаны турау. (тілімдеп)
5. Қызанақты, қиярды турау (тілімдеп)
6. Аскөк (ұсақтап)

Жұмыстың орындалу реті:
1. Жабық бутерброд. Нанның қыртысын кесіп алу. Бірнеше қабатқа турау, нанның бір жағына май жағып, ірімшік салу, үстін нанмен жабу. Дайындалған үлкен бутербродты ұзындығы 7 - 8см, ені 5 - 6см етіп, кішкене бутербродқа турау.
2. Күрделі бутерброд. Май жағылған нанға бір тілім шұжық, бір бөлек жұмыртқа, бір тілім қияр салып аскөкпен әсемдеу.
3. Басытқы бутерброд. Нанның қыртысын кесіп алу, жапырақтап турау, май жағу, әсемдеу, кішкене бутербродқа турау.
1. Ұн қалай пайда болды?
2. Нанды неге күнделікті қолданамыз?
3. Нанды неден аламыз?
4. Қандай нан өндіруші мамандарды білесіңдер?
5. Ұн сорттарын ата?
6. Бутерброд дегеніміз не?
7. Бутербродтар түрлерін ата?

Үлестірмелі карточкалар:
1) Пышақтың қауіпсіздік ережесін сақтау.
2) Өнімді дайындамас бұрын санитарлық - гигиеналық талаптарды сақтау.
Келесі ескертпелер: 1) Бутербродты әшекейлеу.
2) Бутербродқа керекті өнімдер: шұжық, нан, сырды кесу.
Мақсаты: Жұмыс орнын ұйымдастыру:
а) Санитарлық және техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.
б) Бутерброд дайындауда қажетті техникалық қажеттіліктер.
в) Дастархан жасақтау мәзірін сақтау.
г) Дегустация
д) Жұмыс орнын жинастыру

Қорытындылау:
1. Бутербродтардың қандай түрлерін білесің?
2. Жабық бутербродтың жасалу жолын түсіндір?
3. Күрделі бутербродпен басытқы бутербродтың айырмашылығы неде?
Үйге тапсырма: Бутербродтар дайындау технологиясы.
19 723
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Езбе көжелер түрлері
Езбе көжелер түрлері
Езбе - көжелердің түрлері, құрамы, дайындау технологиясы мен ұсыну температурасы, безендіру, тарату мен басқа көжелерден айырмашылығын атап көрсету.
Бутербродтар дайындау технологиясы
Бутербродтар дайындау технологиясы
Қыз баланы ас мәзірін дайындау кезінде тиянақты, ұқыпты таза жұмыстануға тәрбиелеу.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер мен жаңа сөздердің мағынасын түсіну. Сөз көлемі мен сөздік қорды молайту. Олардың адам денсаулығына пайдалы екендігін ұғыну.
Азық - түліктер
Азық - түліктер
Астана қаласы №3 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі мұғалімі Асанова Назира Куанышовна
Қазақтың дәстүрлі ет тағамдарын дайындау
Қазақтың дәстүрлі ет тағамдарын дайындау
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы ОЖББМ технология пәні мұғалімі Измуханова Алтын Бактыгалиевна
Бутербродтар. Бутерброд түрлері
Бутербродтар. Бутерброд түрлері
Технология пәні мұғалімі Жубандыкова Нуржанай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×