Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қой етінен дайындалатын шалаөнімдер

25 қыркүйек 2012, Сейсенбі
Категориясы: Технология
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№266 мектеп - лицейдің технология пәнінің мұғалімі:
Ержанова Арай Аманбаевна

Сабақтың тақырыбы. Қой етінен дайындалатын шала өнімдер
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қой етінен дайындалатын шала фабрикаттар туралы жалпы түсінік беру, алған білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз жұмысына деген қызығушылығын арттыру, аспаздық шеберлігін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық
Пәнаралық байланыс: биология, математика.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Арнайы формасын түгелдеу.
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
5. Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгелдеу.

ІІІ. Жаңа сабақ
Шала өнімдер - бұл одан әрі өңдеуде керек ететін өнімдер. Дайындау тәсіліне қарай шала өнімдерді: табиғи, нан ұнтағына аунатылған және шабылған деп үшке бөледі. Табиғи порциялы шала өнімдерді ұшаның дәнекер ұлпалары аз жерлерінен кесіп алып, бір порцияға бір кесік еттен салып береді. Нан ұнтағына аунатылған шала өнімдерде дәнекер ұлпасы көп болады, сондықтан нан ұнтағынан аунатпастан бұрын оларды жаншып алады. Ұнтақ жақсы жабысуы үшін жаншылған етті льезонға батырады. Шабылған массаны дайындау үшін котлетке арналған етті пайдаланады.
Қой етінен мынандай ірі кесек еттерді бөледі: жауырын, төстік, сүбе, сан ет.
Қойдың ірі кесек еттерінен дайындалған шала өнімдерді бүтіндей қуырады. Ірі кесек еттерден порциялық және ұсақтап туралған шала өнімдер дайындауға болады. (15 - кесте).

Шала өнімдер атауы. Сипаттамасы. Қолдану.
Ұсақтап туралған
Кәуап - 30 - 40г - нан текше түрінде кесілген ет қуыру
Палау - 10 - 15г - нан сүйекті ет кесектерін бұқтыру
Рагу - 20 - 30г - нан сүйекті ет кесектерін бұқтыру
Гуляш - 20 - 30г - нан текше түрінде туралған ет бұқтыру
Порциялық
Жаншылған котлеттер - Нан ұнтағына аунатылған жұмсақ кесек ет сүйегімен сопақ - жалпақ пішінді қуыру
Бифштекс - Қалыңдығы 2 - 3см пішіні әр түрлі жұмсақ ет кесегі қуыру
Эскалоп - Қалыңдығы 1 - 1, 5см - лік жұмсақ ет
Шницель - Нан ұнтағына аунатылған сопақша пішінді қалыңдығы 1, 5 - 2см - лік жұмсақ ет қуыру
Бұқтырылған қой еті - Қисық төртбұрышты етіп жұмсақ кесілген қалыңдығы 2 - 2, 5 жұмсақ ет бұқтыру
Сүбе - Қисық сопақша пішінді қалыңдығы 4 - 5 см жұмсақ ет қуыру

Сарамандық жұмыс. Котлеттік массадан шала өнімдер дайындау.
Қажетті ыдыс - аяқтар: еттартқыш, ет бөлгіш тақтай, аспаз пышағы, елек, қалақ, таба.
Азық - түлік: 1кг котлетке арналған ет массасы, 250 г нан, 350 г сұйықтық, 20г тұз, бұрыш, 60г нан ұнтағы, 200г өсімдік майы.
Жұмыстың орындалу реті
1. 31 - суретпен танысып, котлет дайындаудың технологиялық процесін анықтаңдар.
2. Дәптерлеріңе котлеттің дайындалу барысын ретімен жазыңдар.
бифштекс эскалоп рагу

ІІІ. Бағалау.
ІҮ. Қорытынды.
1. Шала өнімдер дегеніміз не?
2. Ұсақталып туралатын шала өнімдерді атаңдар.
3. Ашық отқа қандай шала өнімдерді дайындайды?
Ү. Үйге тапсырма.
20 920
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Технология пәні мұғалімі Жанар Бекбаева
Салқын және тәтті көжелерді дайындау
Салқын және тәтті көжелерді дайындау
Технология пәні мұғалімі: Бақыт Матаева
Еттен кеспе, сорпа дайындау
Еттен кеспе, сорпа дайындау
Технология пәні мұғалімі: Бақыт Матаева
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Сүт және сүт өнімдері
Сүт және сүт өнімдері
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Өрнектеп тоқу түрлері
Өрнектеп тоқу түрлері
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×