Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еттен кеспе, сорпа дайындау

15 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы. Практикалық жұмыс «Еттен кеспе, сорпа дайындау» Еңбек рыногы.

Мақсаты: Аспаздық жұмыстарды дұрыс орындауға ет және ет тағамдарын дұрыс өңдеуге, тұрмыста аспаздық жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігін сақтауға, тазалық талаптарын орындауға және ет тағамдарын дайындау технологиясын үйренуге оқушыларды дайындау. Оқушылардың өз жұмысына деген қызығушылығын арттыру, Күнделікті алған білімдерін практикада қолдануды арттырып, қол шеберліктерін, іскерліктерін дамыту аспаздық шеберлігін дамыту.
Дастархан мәзірін жасау барысында, тазалыққа, ұқыптылыққа ұйымшылдыққа, шалттыққа, өзара көмек беруге, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық Сабақтың көрнекілігі: жұмыс форма, азық - түліктер, құрал - жабдықтар, нұсқау карта, ас үй жабдықтары, аспазшылық әдебиеттері, дәмді және денсаулыққа пайдалы тағам туралы кітап.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Арнайы формасын түгелдеу.
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
5. Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгелдеу.

ІІ. Жаңа сабақ Кеспелер мен сорпалар.
Дәмді сорпа дайындау
Қайнаған кезде сорпаға майсыз табада қуырылған пияз салсаңыз, сорпаңыз алтын түстес реңге ие болады.
Қайнаған сорпаға бір шөкім кепкен ірімшік (сыр) салсаңыз, дәміне дәм қосылады.
Тауық сорпасына ешқандай сөл қосуға болмайды, өйткені ол дәмін жоғалтады. Тек пияз бен сәбіз қосқан дұрыс.
Сорпаға салатын пиязды текшелеп кесу керек, сөйткенде тамақтың түрі де, дәмі де кіреді.
Сақиналап кескен пиязбен салыстырғанда текшелеп туралған пияз қуырған кезде нәзік дәмін сақтап қалады.
Петрушканы, укропты, жасыл пиязды, сарымсақты бірінші, екінші тамақтарда тек дастарқанға қояр алдында салу керек. Бұларды қайнатуға болмайды – түсінен, дәмінен айрылып қалады.
Астың қанды көбігі сорпаның түбіне тұнып қалса, оған бір кесе салқын су құйыңыз. Сонда көбік сорпа бетіне қалқып шығады. Қонақтарға берілетін, үй ішінің өзі ішетін сорпасында көбік болмауға тиісті.
Сорпаны тұщыту былай жасалады: тұзы ащы сорпаның үстіне таза шүберекке түйілген ұн немесе жуылған күріш салып, шамалы уақыт қайнатады да, шүберекті сүзіп алып тастайды. Артық тұзды ұн немесе күріш өзіне сорып алады.

ІІІ. Сарамандық жұмыс.
Кіріспе нұсқау
- қауіпсіздік ережелерін, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтау
- түсіндіру
- практикалық жұмысқа дайындығын тексеру
- нұсқаулық бойынша жұмыс, топ басшының, кезекшінің міндеттерін айту.
Етпен кеспе дайындау.
Қажетті ыдыс - аяқтар: кастрөл ет кесетін тақтайша, асханалық пышақтар, кепсер, шұңқыр тәрелке, қасық, шөміш.
Азық түлік: сұйықтық үшін: 40 г сәбіз, 40г пияз, 20г май, 950г сорпа. Кеспе үшін: 75г ұн, жұмыртқа, 14г су, 2 г тұз.
Дайындау технологиясы: — қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған сәбізбен пиязды қосып 2 - 3мин, содан кейін кеспе салып 10 - 12 минут қайнатады, соңында тұз бен дәмдеуіш заттарды қосамыз
Ағымдағы нұсқау:
Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау жасау.
Дайындау технологиясының сақталуына, шикізат мөлшерінің дұрыс салынуына назар аудару, қажет жерінде практикалық көмек көрсету.
Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.

Жұмыс барысы
1. Кеспеге арналған қамырды жұмыртқа, тұз, су қосып илейді.
2. Сәбіз бен пиязды шашақтап турап, қуырады.
3. Сорпаны отқа қояды.
4. Қамырды қалыңдығын 1 мм етіп жаю, жайылған қамырды шашақтап кесу.
5. Қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған көкөністерді салып, 2 - 3 минут қайнату, дәміне қарай тұз, дәмдеуіштер қосып, кеспені салып 10 - 12 минут қайнату.
6. Дайын тағамды оттан алып, көжені тәрелкелерге бөліп құю, аскөк сеуіп безендіру.
7. Ұсынар алдында сорпада бөлек қайнатылған етті кеспенің үстіне салады.

Қорытынды нұсқау:
Дайын тағамдардың дәмін, сапасын тексеру. Әр бөлімшеге бір - бірінің дайындаған тағамдарына сараптама жасап, өз ойларын айту. Әрбір оқушының жұмыстағы жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету.

ІҮ. Э және ҚСН Еңбек рыногы. Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі.
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сатып - сатуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 608
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бутербродтар дайындау технологиясы
Бутербродтар дайындау технологиясы
Қыз баланы ас мәзірін дайындау кезінде тиянақты, ұқыпты таза жұмыстануға тәрбиелеу.
Дастархан мәзірі
Дастархан мәзірі
Тамақтану мәдениеті бөліміндегі алған білімдерін меңгеру мақсатында дастархан сәнін келтіретін ас дайындау өнерін үйрете отырып, дастархан әзірлеу;
Салқын және тәтті көжелерді дайындау
Салқын және тәтті көжелерді дайындау
Технология пәні мұғалімі: Бақыт Матаева
Дастархан жабдықтау
Дастархан жабдықтау
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Сүт тағамдарын дайындау, оның қасиеті мен маңызы
Сүт тағамдарын дайындау, оның қасиеті мен маңызы
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Дощанова Жаңылсын Айтжанқызы
Дастархан мәзірі
Дастархан мәзірі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп еңбек пәнінің мұғалімі Агибай Жанагуль Абдихалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×