Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалпы киім топтары, түрлері. Стиль, сән, силуэт туралы түсінік

28 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Технология
7 сынып
Сабақтық тақырыбы: Жалпы киім топтары, түрлері. Стиль, сән, силуэт туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жалпы киім мен оның стильдері туралы түсінік беру. Сән әлемінің тарихына көз жүгірту және де силует түрлерінен мағлұмат беру. Оқушылардың теориялық білімділігін арттыру, таным – түсініктерін кеңейту, шығармашылыққа баулу;
Дамытушылық: Оқушыларды талдау жасауға және киім стилінің ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес киінуге, киіну мәдениетінің қыр сырын ұсынатын эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке сұлулыққа ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: оқулық, дәптер, слайд, плакат, түрлі – түсті бояулар, суреттер, мата, түйреуіштер, маникен
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих, геометрия, сызу

I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Психологиялық тренинг: «Екі шындық, бір өтірік»

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (қол машина, аяқ машина, электрлі машина, арнайы машина).
2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім? (Леонардо да Винчи)
3. Матаны ылғалды - жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу)
4. Ресейдің қай қаласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск)
5. Тігін машинасының атасы? (Элиос Хоу)
6. Тігін машинасымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері?
7. Қазіргі заманға ұқсас тігін машинасын ойлап тапқан ғалымдар?

III. Жаңа сабақ
Киім үлгісін жасыру. (Жаңа сабаққа түсу).
Киім – бұл адам денесінің жамылғысы. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған.
Оқушыларды екі топқа бөлу. Жыл мезгілдері бойынша көктем, күз. Қуыршақты киіндіру.

Сән ( modus деген латын сөзі) – өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік құбылыс.
Тұңғыш рет 1972 жылы қазақстандық сән өнерін шетелге паш еткен компанияның «Сымбат» деп аталған тұңғыш журналы – 1958 жылы, ал тұңғыш мода театры 1987 жылы ашылды.
Қазірде елімізді әлемге танытып жүрген атақты дизайнерлеріміз де жетерлік. Олардың ішінде Aida KaumeNOVA, Kuralai (Құралай Нұрқаділова), Айгүл Қасымова, LaRiya (Лария Жақамбаева), Salta (Салтанат Баймұхамедова) мен ZhaZira - ны ерекше атап өтуге болады.
Видео - ролик тамашалау.
Қуыршақтың киімін сәндеу.

Ал енді сол сән әлемінде жүретін сәнқойлармен таныса отырсақ,
Әлемдегі ең кәрі модельді білесіз бе?
Оның есімі – Кармен Делль Орефис, жасы 80 - де.

Әлемдегі ең жас модельдің жасы екіде Айре Браун – әлемдегі ең жас модель.

Силуэт (siluett деген француз сөзі) – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ, т. б.) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні. Силуеттің мынадай түрлері болады: тік силуэт, белдес силуэт, сопақ силуэт, X – силуэт, трапеция силуэт, жартылай жантайған силуэт.

Сұлба түрлері денеге қонымдылығы

• Денеге жабысып, қонымды тұратын киімдер
• Тік (бұйым енінің кеуде, бел, мықын сызықтары бір түзу сызықта орналасқан)

• Жартылай жабысып тұратын киімдер
• Кең және трапециялы (төменге жағы кең)

Стиль (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде бірнеше – классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық) стильдер болады.
Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль.

Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады.

Спорттық стиль –(спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер).

Фольклорлық стильді этникаль (этникалық) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Фольклорлық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді. Онда ұлттық құрастырмалы ою – өрнек, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланады. Бұл стильге жататын киім түрлі халықтың және дәуірдің ұлттық рухы бейнелейді.

Әлемдегі ең үлкен көйлекті кәріс дизайнері, тігінші Ааму Сонг көпшілікке таныстырды. 550 метр матадан тігілген қызыл көйлек рекордты жаңартқан көрінеді. Көйлектің атын "REDDRESS" (қызыл көйлек), көйлектің түсіне байланысты. Хельсинки қаласында тігілген көйлек Лондон мен Нью - Йорктегі дизайн фестиваліне қарасты көрмелерде баршаға таныстырылды. Көйлектің "қалталарына" 238 адам отыра алады екен.
Қуыршақты бір киім стилінде сәндеу. Сұрақ – жауап арқылы оқушылармен пікірталас жүргізу.

Үйге тапсырма беру.
Тақырып бойынша түсінік айту.
Оқушыларды бағалау.
- Сабаққа қатысуларына байланысты бағаланады.
Жұмыс орындарын жинастыру.
21 619
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Киім және киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Иық бұйымдарының түрлері және сипаттамасы
Иық бұйымдарының түрлері және сипаттамасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Айымжан орта мектебінің технология пәні мұғалімі Хабаев Араб Малдыбайұлы
Стиль, сән және костюм туралы түсінік
Стиль, сән және костюм туралы түсінік
№ 197 қазақ орта мектебі мұғалімі: Қаюпова А.
Костюмнің тарихы
Костюмнің тарихы
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназиясының технология пәні мұғалімі Кадирбаева Мереке Ашимхановна
Костюм туралы түсінік
Костюм туралы түсінік
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы
Жүннен жасалатын бұйымдар
Жүннен жасалатын бұйымдар
Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×